WhatsApp мессенджері

Жаңа "вирустарға" қарсы заң қабылдау қажет сенатор

101
Коронавирус індеті кезінде жағымсыз идеологиялық "вирустар" да таратыла бастады, дейді Бақытжан Жұмағұлов

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов коронавируспен бірге идеологиялық "вирустардың" таралып жатқанын, оған қарсы заң қабылдау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Коронавирус індеті кезінде экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса жағымсыз идеологиялық "вирустар" да таратыла бастады. Жалған ақпараттар сол "вирусты" әлеуметтік желілер арқылы шұғыл таратып жібереді. Сондықтан әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау қажет деп білеміз", - деді Жұмағұлов парламент тыңдауында.

Оның айтуынша, жаңа заң сөз бостандығын шектеу үшін емес, әлеуметтік желі жүйесін заңнама тұрғысынан реттеу үшін қажет. Құрылтайшылардың заң алдындағы жауапкершілігі де күшейеді. 

"Жаһандану кезінде кейбір жастар шетелдік жағымсыз құндылықтар ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Мәжбүрліктен емес, сананың улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Осылайша жаһандық конгнитивті технология бұқаралық санаға әсер ету құралына айналып отыр", - деп атап өтті Жұмағұлов.

Оқи отырыңыз: Мәулен Әшімбаев оқу бағдарламасына жаңа сабақ енгізуді ұсынды 

Айта кетейік, сенатта "Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі" тақырыбына арналған парламент тыңдауы өтіп жатыр. Шараға үкімет мүшелері, ғалымдар мен сенаторлар қатысуда.

101
Архивтегі фото

Тоқаев ІІ Елизаветаға көңіл айтты

3549
(Жаңартылды 13:36 10.04.2021)
Қазақстан президенті Эдинбург герцогі, ханзада Филипптің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігінің патшайымы ІІ Елизаветаға жұбайы ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Қазақстан мен Қырғызстан тулары
© Photo : пресс-служба правительства Кыргызстана
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбург герцогі, ханзада Филипптің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады. 

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Ұлы мәртебелі патшайым сіздің және барша британдықтардың қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамын. 70 жылдан астам уақыт бойы, әсіресе, Ұлы мәртебелі патшайым сіз таққа отырған сәттен бастап, Эдинбург герцогі тұрақты тірегіңіз және күш-жігеріңіздің сарқылмас көзі болды", – делінген жеделхатта.

Тоқаев ханзада Екінші дүниежүзілік соғыстың құрметті батыры, бүкіл өмірін Біріккен корольдік пен оның тәжіне қызмет етуге арнаған, мұқтаж жандарға көмектесіп, Британия ұлтының, достастық пен одан тыс жерлердегі халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосқан аса көрнекті, Ұлы мәртебелі биік тұлға болғанын атап өтті.

"Осындай қиын сәтте біздің дұғамыз Сіздің Ұлы мәртебеңізге, корольдік отбасыңызға, сондай-ақ, ханзада Филиппті білетін және қызметтес болған адамдарға арналды. Ол біздің жадымызда парасаттылық пен әділдіктің, батылдық пен өз халқына адалдықтың символы ретінде мәңгі сақталады", – деп түйіндеді Қазақстан президенті.

3549
Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Атырау және Ақтөбе облыстарының әкімдеріне қандай тапсырма берді

52
Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің есебін тыңдап, әлеуметтік салаларды дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау және Ақтөбе облыстарының әкімдері өңірлерде қалыптасқан қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды телефон арқылы баяндады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов президентке аймақ тұрғындарына вакцина салу барысы, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының сұранысына байланысты вакцина көлемін арттыру қажеттігі туындап отырғаны туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың үкіметпен бірлесе отырып, дамудың кешенді жоспарын әзірлеу жөніндегі мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Әкімнің айтуынша, аталған жоспардың іске асырылуы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырады.

"Мемлекет басшысы Атырау облысының әкіміне медициналық қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді шешу, сондай-ақ, мектептердегі білім беру сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді", - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин президентке коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар жайында есеп берді. Сонымен қатар мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, соның ішінде, инвестиция тарту, тұрғын үй салу, индустрияландыру картасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндалды.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Оңдасын Оразалинге өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға және азаматтарды вакциналау жұмыстарын жандандыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

52
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 12-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.

БАЙКОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0