Саясат

Қазақстан Иорданиядағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Болат ШайхиновСыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2021
Жазылу
Қазақстан Иордания басшылығының ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жолында қабылдаған шараларын толық қолдайды

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Иорданиядағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

"Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі саналатын Иордан Хашимит Корольдігінде болған оқиғаны мұқият бақылауда. Қазақстан Король Абдалла II-нің Иордания халқының әл-ауқатын жақсартуға, аймақтық тұрақтылық пен әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған саясатын құптайды", - делінген хабарламада.

Ведомство Қазақстан Иордания басшылығының ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жолында қабылдаған шараларын толық қолдайтынын жеткізді.

Айта кетсек, 2017 жылы қарашада Король Абдалла ІІ ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін алғашқы Назарбаев сыйлығымен марапатталды.

Иорданияда не болып жатыр

Бұрынғы тақ мұрагері және Иордания королінің бауыры ханзада Хамза ибн аль-Хусейн жексенбіге қараған түні үйқамаққа алынғанын мәлімдеді. Айтуынша, ол байланысқа шығу мүмкіндігінен және жеке күзетінен айырылған. Бұған дейін Petra агенттігі қауіпсіздік күштері Иордания королі кеңсесінің бұрынғы басшысы Басем Авадалланы, сондай-ақ корольдің Сауд Арабиядағы бұрынғы арнайы өкілі аш-Шариф ибн Зейд пен бірнеше шенеунікті ұстағанын хабарлады.

Иорданияның қарулы күштері корольдің бауырынан корольдіктің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерді тоқтатуды талап еткенін мәлімдеді.

БАҚ-тың ақпаратынша, Иорданияда корольді тақтан тайдырмақ болды деген күдікпен 20 адам ұсталды.

Жаңалықтар
0