Саясат

Тоқаев Мажарстанның сыртқы істер министрін қабылдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаМинистр иностранных дел и внешней торговли Венгрии Петер Сийарто
Министр иностранных дел и внешней торговли Венгрии Петер Сийарто - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2021
Жазылу
Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Еуропа елдерінің ішінде бірінші болып  Мажарстанда өз елшілігін ашты, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанның сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийартоны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сенімді саяси диалогқа, дәйекті экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа, COVID-19 пандемиясының сын-қатерлері кезінде өзара қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестіктің  жоғары қарқынын атап өтті.

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев Мажарстанның сыртқы істер министрімен кездесті
Тоқаев Мажарстанның сыртқы істер министрін қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2021
Тоқаев Мажарстанның сыртқы істер министрімен кездесті

Қазақстан президенті биылғы 31 наурызда "Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы" тақырыбында онлайн режимде өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысқаны үшін Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбанға ризашылығын жеткізуді тапсырды.

"Жүргізілген келіссөздер Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қатынастардың одан әрі дамуына тың серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Еуропа елдерінің ішінде бірінші болып  Мажарстанда өз елшілігін ашты. Біздің қарым-қатынастарымыз ерекше.  Қазақстандықтар Мажарстанды өте жақсы біледі. Сіздің еліңізді жақын тартады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін премьер-министр Виктор Орбанға ризашылығымды білдіремін", – деді мемлекет басшысы.

Ал Петер Сийарто кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан президентіне алғыс білдіріп, өз елінің басшылығының сәлемін жеткізді. Осы ретте Будапештің Қазақстанмен кешенді ықпалдастығын одан әрі нығайтуға, соның ішінде Түркі кеңесінің әлеуетін пайдалана отырып тереңдетуге дайын екенін айтты. Мажарстанның сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Түркістанның рухани астана ретіндегі маңызды рөліне тоқталды.

"Сіздің, президент мырза және Елбасының Мажарстанда беделдеріңіз зор. Біз Қазақстан мен оның халқының достық, бауырластық қатынасын сезінеміз. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне бақылаушы ретінде қатысуымыз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің нәтижесі. Қазақстан біз үшін – маңызды стратегиялық серіктес", – деді Петер Сийарто.

Тараптар Виктор Орбанның 2019 жылы сәуірде Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі екіжақты қатынастарға қатысты бірқатар мәселені талқылады. 

Жаңалықтар
0