Саясат

Әшімбаев Тоқаевқа маңызды заң жобалары туралы ақпарат берді

© Sputnik / Абзал КалиевИзображение Акорды в интерьере резиденции президента Казахстана
Изображение Акорды в интерьере резиденции президента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Мәжіліс мақұлдаған жер туралы заң жобасы осы айдың аяғына дейін сенат отырысына енгізіледі, одан кейін құжат президентке қол қоюға жіберіледі

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Әшімбаев президентке парламенттің жоғарғы палатасының заң шығарушылық қызметі туралы мәлімет берді.

Спикер сенаттың қарауында жатқан заң жобалары жөнінде хабарлады. Олардың ішінде мемлекет басшысының бастамасымен енгізілген жер қатынастарын реттейтін түзетулер ерекше орын алады.

Әшімбаев мәжіліс мақұлдаған заң жобасы осы айдың аяғына дейін сенаттың отырысына енгізілетінін, содан кейін құжат президентке қол қоюға жіберілетінін айтты.

Ал сайлау заңнамасына енгізілетін өзгерістер туралы заң жобасы мәжіліс қарауынан өтеді. Әшімбаевтың айтуынша, сенат бұл мәселені мамыр айының бірінші онкүндігінде қарап, тиісті заң жобасын қабылдауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар сенат төрағасы парламенттің жыл басынан бері Еуразиялық экономикалық одақ аясында қол қойылған 8 халықаралық шартты ратификациялағанын жеткізді. Қазіргі уақытта Армения мен Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуына байланысты кейбір мәселелерді айқындайтын келісімдерді ратификациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Шетелдіктерге жерді сатуға тыйым салатын заң жобасы сенатқа жолданды

Бұған қоса ол Тоқаевқа сенатта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инклюзивті қоғамдық орта қалыптастыру мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылғаны туралы айтты. Бұл жұмыс тобы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысының қорытындысы бойынша мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылды. Спикердің айтуынша, заңнамаға енгізілетін тиісті өзгерістер мен толықтырулар биыл еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп әзірленеді.

Әшімбаев, сондай-ақ президентке сенаторлардың қатысуымен өтетін алдағы бірқатар халықаралық іс-шаралар жөнінде мәлімет берді.

Жаңалықтар
0