Ер адам мен кресло, иллюстративті фото

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

2981
(Жаңартылды 17:25 16.04.2021)
Марат Ахметжанов бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.  

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Президент агенттіктің бұрынғы басшысы Алик Шпекбаевты қызметінен босатты.

Бұған дейін Марат Ахметжанов Қазақстан бас прокурорының орынбасары болды. Тоқаевтың өкімімен ол бұл лауазымнан босатылды. 

Марат Ахметжанов туралы не білеміз

Марат Мұратұлы Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда Павлодар облысында Баянауыл ауданына қарасты Теңдік ауылында дүниеге келген. Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1991 жылы Теміртау қаласының прокуратурасында бастады Ал үш жылдан кейін бас прокуратураға ауысты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды

1997-1998 жылдары - Қазақстан мемлекеттік тергеу комитеті, кейін ішкі істер министрінің әскери-тергеу департаментінде тергеу басқармасының бастығы;

1998-2001 жылдары - тергеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары;

2001-2003 жылдары бас прокуратураның алдын ала тергеу мен зерттеудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы;

2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры;

2006 – 2019 жылдары – сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры;

2009-2021 жылдары – бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы;

2012-2014 жылдары – қаржы полициясы төрағасының орынбасары;

2016 жылдан бері бас прокурордың орынбасары қызметін атқарды.

Марат Мұратұлы "Құрмет" орденімен, "Мінсіз қызметі үшін" және тағы басқа медальдармен марапатталған.

Бұдан бөлек, Ресейдің мемлекеттік "І Петр" және "Адмирал Кузнецов" атындағы медалін алды. Беларусьтің марапатына да ие болды. Шені - генерал-майор, 3-сыныпты әділет кеңесшісі.

2981
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Марат Ахметжанов, Алик Шпекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев кейбір салаларға қосымша қаражат бөлуді тапсырды
Тоқаев ұлттық экономика министріне бірқатар тапсырма берді
Ашхабад

Тоқаев жақында Түрікменстанға барады

99
(Жаңартылды 17:22 22.10.2021)
Президенттер сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24-25 қазанда Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады.   

Мемлекет басшысын Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов шақырған. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Сапар барысында екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздерде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективалары қарастырылмақ", - деп жазды ол Facebook-те. 

Сондай-ақ кездесу барысында өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікірлер ортаға салынады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз: 

99
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Түрікменстан, мемлекеттік сапар
Қазақстан мен Ресей туы

Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынасына 29 жыл толды

31
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі болып саналады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. 22 қазанда Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанына 29 жыл толды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресей арасында әр түрлі салалар бойынша жүздеген шарттар мен келісімдер жасалды. Ең маңыздыларының бірі – 2013 жылы қол қойылған 21 ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарт.

"Келісімшарттық негіз жақсы тәжірибеге сүйенеді. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы тұрақтылығымен және болжамдылығымен, өзара құрмет, тату көршілік пен одақтастық қағидаттарын ұстануымен ерекшеленеді, бұған екі елдің басшылығы арасындағы саяси сенім мен дәстүрлі достық қарым-қатынастар ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі.

"Ресей біздің Құдай қосқан тарихи көршіміз. Бізге дейін де, біз де, бізден кейін балаларымыз да көршілестік пен достық түсіністікте өмір сүретін болады", - деген болатын Елбасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ресей сенімді стратегиялық серіктес және тату көрші" диалогы барысында өз шешімін таппайтын мәселе іс жүзінде жоқ екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк теңге рубльге шаққанда не себепті арзандағанын түсіндірді

Екі ел ынтымақтастықты тереңдету саясатын ұстанады, еуразиялық интеграцияның белсенді қатысушылары болып табылады және БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ шеңберінде табысты өзара әрекеттеседі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс ежелден бастау алады. Екі елді ортақ көпғасырлық тарих, ұзақ шекара, ұқсас менталитет, тығыз экономикалық және рухани байланыстар біріктіреді.

"Біз отыз жылдан бері жеке мемлекет ретінде өмір сүріп келеміз, бірақ шекара сызығы бауырлас халықтарды бөлген жоқ, бір-біріне деген шынайы, жылы қарым-қатынасты өзгерткен жоқ. Біздің географиялық және рухани жақындығымыз бен өзара сенім – бұл алға сенімді қадамның негізгі кепілі, бұл бірегей бірлескен артықшылық, бұл бүгінгі және болашақ міндеттерді шешуге көмектеседі", - дейді елшіліктегілер.

31
Кілт сөздер:
Ресей, Қазақстан, қарым-қатынас
Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

0
Сонымен қатар соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай қаржыгерлер аллеясы ашылды.

Қаржы министрлігі ғимаратының жанына 100 көшет отырғызылды, ол енді елорданың жасыл қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаржыгерлер аллеясының ашылу салтанатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы министрлік мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды
© Photo : Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қаржыгерлер аллеясы

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланым ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, тәуелсіздік жылдарында министрлікке 14 адам басшылық еткен.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан