Қазақстан мен АҚШ-тың тулары

АҚШ Тоқаевтың реформаларына қолдау білдірді

4532
(Жаңартылды 08:09 23.04.2021)
Мұхтар Тілеуберді мен Энтони Блинкен стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тараптар халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, оның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады.

Оқи отырыңыз: АҚШ президенті Тоқаевқа хат жазды 

"Тілеуберді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолға қойған Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға бағытталған реформалар жөнінде хабардар етті. АҚШ мемлекеттік хатшысы: "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар жоспарын АҚШ табанды қолдайтынын" мәлімдеді", - делінген сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5+1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн-отырысы қарастырылды.

4532
Тақырып бойынша
Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады
Димаш Құдайберген Қазақстаннан кететін болды – видео
Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша болғанын мәлімдеді
СІМ Қытай Қазақстанның жерін басып алғысы келеді дейтіндерге жауап берді
Қазақстандық спортшы АҚШ турнирінде алтын медаль иеленді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті

Тоқаев Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

36
Ашраф Ғани өз еліне нақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Ауған тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ашраф Ғани бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы достас ауған халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Президенттер АҚШ пен НАТО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылып жатқан кездегі ахуал жайында пікір алмасты. Елдегі саяси-дипломатиялық жағдайды ауғандықтардың өзін қатыстыра отырып, бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жол жоқ екені нақтыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ауғанстанды терроризмнен және заңсыз есірткі тасымалынан ада, біртұтас, бейбіт, бейтарап ел ретінде қалыптастыру жолында барынша көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Осы мақсатта екі ел үкіметтері арасындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың нақты мәселелерін жедел шешуге бағытталған диалогты жандандыру керек.

Ашраф Ғани ауғанішілік диалогты дәйекті түрде қолдағаны және өз еліне нақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі мемлекет арасындағы ықпалдастық мәселелерін шешуде іскерлік тәсілді қолданудың маңыздылығы жөніндегі пікірімен келісті. Сонымен қатар Ашраф Ғани Ауғанстандағы ахуалды реттеуге жұмылдырылған халықаралық күш-жігерге Қазақстанның белсенді араласуын өте маңызды деп санайды.

36
Тақырып бойынша
Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды
Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті – Ақорда ресми хабарлама таратты
Тоқаев бес елдің басшысымен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан президентін бірнеше елдің басшысы құттықтады
Тоқаев Жапония премьеріне қандай шешім қабылдағанын айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев бес елдің басшысымен телефон арқылы сөйлесті

4397
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы бауырлас халықтарға жақсылық, бақ-береке тіледі.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен сөйлесу кезінде қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Садыр Жапаровтың биылғы 2-3 наурыз күндері Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіндегі тығыз ықпалдастықты жалғастыра беруге уағдаласты. Қырғыз көшбасшысы гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

Президент Эмомали Рахмонмен келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Тәжікстанға жасайтын ресми сапарының жай-жапсары қарастырылды.

Президенттердің пікірінше, Душанбеде өтетін келіссөздер қазақ-тәжік ынтымақтастығының көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді және өңірлік ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жаңа қадамдарды белгілейді.

Мемлекетаралық байланыстардың перспективалары да Қазақстан мен Түрікменстан президенттері сұхбатының негізгі тақырыбы болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қазақ-түрікмен көпжоспарлы серіктестігін жаңа әрі сапалы деңгейге жеткізуге бейілді екенін нақтылады. Мемлекет басшыларының пікірінше, бұған Қазақстан президентінің алдағы уақытта Ашхабадқа жасайтын сапары айтарлықтай септігін тигізеді.

Мемлекет басшысының Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен әңгімелесуі кезінде достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-өзбек қатынастарының жоғары деңгейде екені айтылды.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму қарқынын сақтау мақсатындағы екі ел үкіметтерінің ықпалдастығын атап өтті. Қазақстан мен Өзбекстанның көшбасшылары Орталық Азия өңіріндегі ахуал мен Ауғанстан проблемасы бойынша пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті биыл Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен әңгімелесу кезінде қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының барлық бағытына тың серпін беру үшін әлеуетті барынша пайдаланудың маңыздылығы айтылды.

Өзара сауда-саттықты ұлғайтуға, экономиканың негізгі салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған шаралар қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесіндегі Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсеткені үшін әзербайжандық әріптесіне ризашылығын білдірді.

4397
Кілт сөздер:
ораза айт, Қасым-Жомарт Тоқаев
Ақтоты Райымқұлова

Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

14
Министр өзінің қызметтен кетуі үшін алдымен өз орынбасарының кінәсі толық дәлелденуі тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пара алды деп айыпталған орынбасарының кінәсі дәлелденсе, оставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пара алды деген күдікпен ұсталған вице-министр Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетуге дайынсыз ба?", деп сұрады журналист мәдениет министрінің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифингте.

"Ең алдымен, Конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар екенін еске салғым келеді және ең бірінші кінә дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе әрине, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш беремін. Кінәсі дәлелденген жағдайда", – деп қайталады Райымқұлова.

Айта кетейік, биыл ақпан айында мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны хабарланды. Шенеунікке букмекерлік қызмет саласындағы заңды тұлғаның өкілдерінен пара алды деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз: Мәдениет министрі жаңа норма туралы: әншілер дөрекі мінезі үшін жазаланады

14
Кілт сөздер:
отставка, Ақтоты Райымқұлова
Тақырып бойынша
Мөлдір Әуелбекованың орамал туралы әңгімесі: мәдениет министрі пікір білдірді
Әліпбиді латынға көшіру жұмыстарын басқа министрлік жалғастырады – Райымқұлова
Жаңа мәдениет министрі: Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?
Райымқұлова ұлттық киноны қолдау орталығы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Мәдениет министрі "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне қатысты ақпаратпен бөлісті