Саясат

Біз үлкен ойын ойнауды емес, үлкен нәтижеге қол жеткізуді ойлаймыз – президент

© Photo : Официальный сайт президента РККасым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты послов ряда стран
Касым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты послов ряда стран - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Ақордада бірқатар мемлекеттің жаңадан сайланған төтенше және өкілетті елшісінің Қазақстан президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Уганда Республикасының елшісі Джонсон Агара Олва, Замбия Республикасының елшісі Шедрек Чингембу Лувита, Мальдивтер Республикасының елшісі Омар Абдул Раззак, Корей Халық Демократиялық Республикасының елшісі Хон Чхоль Син, Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Жорж Камиль Адольф Фабер, Исландия Республикасының елшісі Аурни Тор Сигурдссон, Черногорияның елшісі Милорад Шчепанович сенім грамотасын табыстады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев халықаралық шарттарға қатысты заңға қол қойды 

Қазақстан президенті елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған жұмыстарына табыс тіледі.

"Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қолдайды. Біз халықаралық аренада "үлкен ойын" ойнауды емес, қайта сіздердің елдеріңізбен бірлесе отырып "үлкен нәтижеге" қол жеткізуді ойлаймыз. Болашақта әртүрлі салалар бойынша ықпалдастықты арттырамыз деп сенемін. Қазақстан сіздердің мемлекеттеріңізбен екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де тығыз қарым-қатынас орнатуға бейілді екенін жеткізерсіздер", – деді мемлекет басшысы.

Салтанатты рәсім соңында Қазақстан президенті Уганда, Замбия, Мальдивтер, ҚХДР, Люксембург, Исландия және Черногория көшбасшыларына өзінің сәлемін жолдап, тілектестігін білдірді.

Жаңалықтар
0