Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады

Тоқаев Ақордада Қытай елшісін қабылдады

3818
(Жаңартылды 20:01 27.04.2021)
Қазақстан президенті қытай басшысын өзіне ыңғайлы уақытта елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен көпжақты стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға қатысты нақты ұстанымын жеткізді.

"Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестік әртүрлі саяси тенденцияларға емес, берік негізге құрылған. Қазақстан мен Қытай – жақын көрші, сенімді дос және стратегиялық әріптес. Бұл ынтымақтастық Қазақстанның ұлттық мүддесіне сай келеді. Елдеріміздің арасындағы барлық мәселе сындарлы әрі сенімді диалог арқылы шешіледі", – деді мемлекет басшысы.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге ыстық сәлемін жолдаған Қазақстан президенті қытай басшысын өзіне ыңғайлы уақытта елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың COVID-19 пандемиясы басталғаннан бергі бір-біріне көрсеткен өзара көмегін жоғары бағалады. Кездесуде Қазақстанның қытайдан вакцина алуды жоспарлап отырғаны, ресейлік "Спутник V" екпесімен және отандық "QazVac" вакцинасын қолдану арқылы үкіметтің халыққа жаппай екпе салу жұмысы екпінді түрде іске асатыны айтылды.

Биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына және Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр. Мемлекет басшысының пікірінше, алда келе жатқан осынау мерейтойлық мезет бұған дейін жүріп өткен жолдың салмағын ұғынуға, стратегиялық серіктестіктің жаңа мақсаттарын анықтауға жақсы мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев осы уақыт аралығында екі ел өзінің даму жолында, сондай-ақ, жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді деп санайды.

Мемлекет басшысы қытай халқын елдегі кедейлікті түп тамырымен жою жөніндегі тарихи міндетті орындауымен, коронавирус індетімен күрестегі жеңісімен және экономиканы қайта қалпына келтірудегі үлкен жетістігімен құттықтады.

Президент Қазақстанның жоғары деңгейдегі саяси байланыстарды нығайтуға, экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге әзір екенін растады. ҚХР – Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесі. 2020 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 15 миллиард долларды құрады.

Екіжақты сауда және инвестициялық байланыстарды орнықты және теңгерімді даму деңгейіне шығару үшін Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль және теміржол өткізу пункттерінің жұмысын қалыпты режимге қайтаруға, пандемиядан кейінгі кезеңде олардың өткізу қабілетін арттыруға қатысты ұсыныстар айтты. Президент азаматтар мен жүк тасымалдайтын тұрақты әуе рейстерін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бар деп санайды. Цифрландыру, жасыл экономика, инновация секілді салалар бойынша айтарлықтай жетістікке жеткен Қытай тарапымен ынтымақтастықты дамыту үшін екіжақты күш-жігерді жұмылдыру аса маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның "Нұрлы жол" стратегиясын Қытайдың "Бір белдеу және бір жол" бастамасымен ұштастыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарынан және қытайдың "Қос айналым" тұжырымдамасынан туындайтын өзара тиімді кооперацияны тереңдету мүмкіндіктерін толыққанды пайдалануға шақырды.

Мемлекет басшысы халықаралық деңгейдегі басты мәселелер бойынша Қазақстан мен Қытайдың ұстанымдары сәйкес келетінін айтты. Президент Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесін қолдағаны үшін қытай тарапына ризашылығын білдіріп, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде және "Орталық Азия + Қытай" ынтымақтастық форматында да одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге Қазақстанның дайын екенін жеткізді.

3818
Тақырып бойынша
Тоқаев неге қазақстандық БАҚ-қа сұхбат бермейді
Назарбаев Қытай министрімен кездесті
Қазақстан президенті Ресей мен Қытайға алғыс білдірді
Қытай елшісі туыстарымен қауышуға көмектесуді өтінген қазақстандықтарға жауап берді
Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев пен Путин және Назарбаев телефон арқылы сөйлесті: қандай мәселе айтылды

153
(Жаңартылды 19:30 17.05.2021)
Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 68 жасын қалай тойлайтынын атап өткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Кремльдің сайты.

Сонымен қатар, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да қатысуымен болған әңгіме барысында екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың мәселелері сөз болды.

"Телефон арқылы сөйлесу кезінде Владимир Путин Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен де әңгіме өрбіді. Сөз арасында Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы мен стратегиялық серіктестікті барынша нығайтуға деген өзара міндеттемелер туралы айтылды", – делінген хабарламада.

Көшбасшылар бұдан әрі тығыз байланысты жалғастыруға деген ниеттерін білдірді.

Тоқаев туған күнін қалай атап өтеді

Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 68 жасын қалай тойлайтынын атап өткен болатын.

"17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді", – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Ол осы датамен байланысты ешқандай іс-шаралар ұйымдастырылмайды деп нақтылаған. Тіпті, әкімшілік қызметкерлерге де президентті құттықтауға рұқсат етілмеді.

"Мемлекет басшысы үшін бұл кәдімгі жұмыс күні. Өйткені оның отбасында балалардың да, ата-аналардың да туған күндерін атап өту дәстүрге айналмаған", – деді Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың көлік жүргізушілерге қатысты жаңалығы: үкімет арнайы қаулы дайындады

Сондай-ақ, ол қазірдің өзінде көрші мемлекеттердің басшылары мен үкімет, парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері жүрекжарды тілектерін жеделхаттар арқылы жолдап жатқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген.

153
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Назарбаев, Владимир Путин
Тақырып бойынша
Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды
Туған күнін тойлағанды ұнатпайды: Тоқаев 68 жасқа толды
Экономикалық белсенділік төмендеп кетті – Тоқаев
"Құттықтауға рұқсат етпеді": Тоқаев туған күнін қалай тойлап жатқаны белгілі болды
Тоқаев пен Әлиев Арменияның ҰҚШҰ-ға жасаған үндеуін талқылады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев

Тоқаев пен Әлиев Арменияның ҰҚШҰ-ға жасаған үндеуін талқылады

23
(Жаңартылды 16:08 17.05.2021)
Ильхам Әлиевтің баспасөз қызметі Арменияның ҰҚШҰ-ға жасаған үндеуін "ақылға қонымсыз реакция" деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әзербайжандық әріптесі Ильхам Әливпен Армения шекарасындағы жағдайды сондай-ақ, Ереванның ҰҚШҰ-ға жолдаған үндеуін талқылады, деп хабарлайды РИА Новости.

Атап айтқанда, екі елдің басшылары Сюник облысындағы "шекараны нақтылау" шараларын талқыға салды. Дәл осы мәселе Арменияның алаңдаушылығын туғызып отыр. Ереван шекараға Әзербайжанның әскери құрылымдарының жақындап келе жатқанын мәлімдеді. Содан Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттермен консультация өткізуге тапсырма берді.   

Ал Тоқаевпен сөйлескен Ильхам Әлиев Арменияның "осы процеске орай ақылға қонымсыз әрекет жасап жатқанын" мәлімдеді.

"Арменияның ҰҚШҰ-ына жасаған үндеуі осы мәселені интернациоландыруды көздейді. Оның еш негізі жоқ. Шекарада қақтығыстар болған жоқ. Жағдай тұрақты, келіссөздер жалғасып жатыр", – делінген Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін таңертең Пашинян Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Әзербайжанның Армения аумағына қол сұғушылығына жол беруге болмайтынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Армения көлік сатып алған қазақстандықтарға ескерту жасады

23
Кілт сөздер:
Армения, Әзербайжан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ресейлік журналистер Армения лидері Пашинянға сұрақ қойды
Армения әскери техника жағынан неге көп шығынға ұшырады?
Қарабақтағы бітімгершілік: Әзербайжан, Армения және Ресей қандай келісімге келді?
Армения ресейлік қаруға неге күмәнмен қарап отыр
Армения президенті Лондонда ота жасатамын деп вирустың жаңа түрін жұқтырып алды
Газ терминалы

АҚШ сұйылтылған табиғи газ экспортын арттырды

0
Америкалық сұйылтылған табиғи газ экспорты (СТГ) рекордтық көрсеткішке жетті. Бірақ Вашингтон бұл дүрбелең жақында басылады деп қауіптеніп отыр

Өйткені, "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейін Еуропаға ресейлік арзан отын жеткізіле бастайды, деп жазды РИА Новости.

Наурызда америкалықтар шетелге күніне 10,5 миллиард текше фут сұйылтылған газ жөнелтіп отырды, деп хабарлады АҚШ энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасы (ЕІА). Сәуірде бұл көрсеткіш 9,2 болатын. Оның өзі көктем басындағы мінсіз максимум болды.

Баяндамада көрсетілгендей, өткен жылы және осы жылдың қаңтарында АҚШ-тан жеткізілетін СТГ экспортының басым бөлігі Азияға тиесілі болды. Бірақ ақпан мен наурызда ол газдың жартысын Еуропа сатып алып тұрды. Себебі ол жақтағы спотта баға азиялықпен теңесті.

"Мамырда тәулігіне 8,6 миллиард футқа дейін қысқарады деп күтіп отырмыз. Жаз айларында Еуропа мен Азиядағы сұранысты қанағаттандыру аясында бұл көрсеткіш 9 миллиардтан жоғарылайды деген болжам бар", – дейді ведомствода.

Халықаралық энергетика агенттігі 2024 жылға қарай америкалықтар осы сегментте көшбасшы боулы мүмкін екенін жоққа шығармады. ХЭА есебі бойынша АҚШ, Австралия және Ресейдегі табиғи газды сұйылту бойынша бірлескен қуат ол уақытқа дейін СТГ әлем экспортының 90%-ін құрайды.

Алайда Катар сынды ірі экспорттаушы Азия нарығына АҚШ-қа жол бере қоюы екіталай. 2020 жылы таяушығыстық бұл мемлекет 77,6 миллион тонна СТГ экспорттады. Бұл жалпы жеткізулердің 26,5 процентін құрайды. 2024 жылға қарай Парсы шығанағы жағалауындағы кішкентай монархияның газ өндіру көлемі екі есе артады. Ақпанда Дохада Солтүстік кен орнының шығыс бөлігін пайдалану бойынша инвестициялық соңғы шешім қабылданды.

Катардан кейінгі орында 26 проценттік көрсеткішпен Австралия тұр. Үшінші орынға АҚШ (14,7) және төртінші орынға Ресей (10) жайғасты.

Солтүстік мұзды мұхиттағы мұнай және газ ресурстарын жоспарлы түрде игеру он бес жылдан бері ресейлік биліктің әлеуетінде тұр. Наурызда Ресейдің министрлер кабинеті сұйылтылған табиғи газ өндірісін дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын бекітті. Ол пайдлы қазба көздерін әртараптандыруға, ең алдымен Арктика қайраңы мен Қиыр Шығысты пайдалануға бағытталған.

OilPrice америкалық басылымы жазғандай, егер АҚШ тақтатас өндірісі есебінен ірі экспорттаушының біріне айналса, Ресейге Арктика көмектеседі. Аймақтағы пайдалы қазба қоры үлкен: табиғи газ – 35,7 миллиард текше метр, мұнай мен конденсат – 2,3 миллиард тонна.

Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, 2025 жылға қарай Ресей жылына 68 миллион тонна сұйылтылған табиғи газ өндіріп, әлем нарығындағы үлесін 25 процентке арттыра алады.

OilPrice аналитиктері еуропалықтар үшін ресейлік құбыр желілік газ ғана емес, сондай-ақ сұйылтылған табиғи газ да тартымды екенін атап өтті.

"Ұзақ мерзімді келешекте Ресейдегі СТГ Еуроодақ тұтынушылары үшін оң шешім болады. Себебі АҚШ-қа қарағанда жеткізу жылдамырақ және арзан. Энергетикалық тәуелсіздікті қалайтын Литваның да Ресейден СТГ сатып алуы бекер емес", – деп санайды өнеркәсіптік тәуелсіз сарапшы Леонид Хазанов.

Оның айтуынша, америкалық жеткізушілер үшін Қытай мен Жапония басымдылыққа ие. Себебі бұл мемлекеттерде баға жоғары. Сондықтан ресейлік СТГ мұхиттың арғы жағынан жеткізілетін газды Еуропа нарығынан ысыруы мүмкін.

Қалай болғанда да сын-қатер де жоқ емес. 2025 жылға дейін сұйылтылған табиғи газдың әлем нарығында шамадан тыс көп болуы есебінен бағаның аса жоғары болуын күтудің қажеті жоқ.

0
Кілт сөздер:
мұнай, газ