Саясат

Тоқаев Назарбаевқа ҚХА-ның құрметті төрағасы болуды ұсынды

© Photo : Сайт первого президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев поздравил Елбасы Нурсултана Назарбаева с юбилеем
Касым-Жомарт Токаев поздравил Елбасы Нурсултана Назарбаева с юбилеем - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Ассамблея өкілдерінің ҚХА-ның құрметті төрағасы болу туралы ортақ ұсынысын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Ассамблея өкілдерінің ҚХА-ның құрметті төрағасы болу туралы ортақ ұсынысын жеткізді.

"Қазақстан халқы мен мемлекеттің алдындағы тарихи еңбегіңізді ескерсек, бұл мәртебе сізге тиесілі. Ассамблеяның барлық мүшесі осы ұсынысты қолдайтынына сенімдімін", - деді Тоқаев ҚХА сессиясы барысында.

Назарбаев ұсынысты қабыл алды.

"Жаңа міндеттерді қабылдай отырып, мен Ассамблеямен бірге жұмыс істеуді жалғастырамын. ҚХА мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдайды, бәріміз бірге алға жылжимыз", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Назарбаев өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

Бүгін Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяны басқару құқығын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0