Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

3638
(Жаңартылды 15:49 01.05.2021)
Қажет болған жағдайда Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге әзір, деп мәлімдеді Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыстан кейінгі қалыптасқан жағдайды талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына бауырлас ел азаматтарының қаза болуына байланысты көңіл айтты. Қазақстан президенті мұндай шекаралық мәселелерді өзара түсіністік пен тату көршілік аясында тек қана бейбіт жолмен шешу қажет екенін атап өтті. Ол Душанбеде өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздерге табыс тіледі. Сонымен қатар мемлекет басшысы қажет болған жағдайда Қазақстанның Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: 13 адам қаза тапты, арасында 12 жасар қыз бар

Садыр Жапаров бауырлас Қазақстанның достық ниет танытқанына ризашылық білдіріп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өзара ынтымақтастықтың барлық мәселелерін жедел шешу үшін тұрақты байланыста болатынын жеткізді.

Еске сала кетсек, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыс 28 сәуірде басталды. Тараптар бірнеше рет бітімге келу туралы уағдаласты, бірақ келісім қайта-қайта бұзылды.

Sputnik Қырғызстан агенттігінің хабарлауынша, шекарадағы қақтығыс салдарынан 33 адам қаза тапқан, олардың басым көпшілігі – қарапайым азаматтар. Қырғызстанда екі күндік қаза болғандарды аза тұту жарияланды.

Сенбі, 1 мамырда Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері шекараны белгілеу бойынша келіссөздер жүргізуге келісті.

3638
Кілт сөздер:
Қырғызстан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Ақорда ғимараты

Тоқаев Жапония премьеріне қандай шешім қабылдағанын айтты

912
Мемлекет басшысы жуық арада үкімет басшысының орынбасары бастаған қазақстандық делегацияны Жапонияға жіберу туралы шешім қабылдағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев
© Официальный сайт Президента РК
Мемлекет басшысы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына байланысты Жапония халқына жүрекжарды сәлемін жолдап, аталған ауқымды шара адамзаттың коронавирусты жеңгенінің көрінісі болатынына сенім білдірді.

Президент Жапония үкіметінің COVID-19 індетіне қарсы күресте Қазақстанға көрсеткен қолдауы мен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта еліміз пандемияның салдарын еңсеру үшін нақты шаралар қабылдағанын, халыққа жаппай вакцина егу жұмыстарының, оның ішінде, "QazVac" отандық екпесінің де салынып жатқанын атап өтті.

Тараптар қазақ-жапон қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысының айтуынша, Жапония Қазақстанға қаржы құйып отырған он ірі инвестордың қатарына кіреді және Азиядағы маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі. Бүгінде біздің елімізде Жапония қаржыландыратын 50-ден аса кәсіпорын мен компания табысты жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан президенті қазіргідей әлемдік конъюнктура құбылып тұрған кезде екіжақты ынтымақтастықты жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру керек деп санайды.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы, геологиялық барлау, цифрландыру және жасанды интеллект салаларын нақты инвестициялық жобалармен толықтыра отырып, жаңа экономикалық жоспар әзірлеуді ұсынды. Екі елдің ғасыр ортасына қарай көміртегі дербестігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін ескеріп, жасыл энергетика бағытындағы ынтымақтасты дамыту бойынша да мол мүмкіндіктің бар екені айтылды.

Осыған байланысты мемлекет басшысы жоғарыда аталған мәселелерді талқылау үшін жуық арада үкімет басшысының орынбасары бастаған қазақстандық делегацияны Жапонияға жіберу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Ёшихидэ Суга Қазақстанмен арадағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін нақтылап, қазақстандық делегацияның сапарын ұйымдастыруға ықпал етуге дайындығын жеткізді.

"2022 жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Бұл екіжақты байланыстар бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізудің маңызды кезеңі болуы тиіс", – деді Жапония премьер-министрі.

Ёшихидэ Суганың айтуынша, Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы ел, мұнда өзге мемлекеттермен салыстырғанда Жапонияның компаниялары көптеп жұмыс істейді.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықтың өңірдегі, оның ішінде, "Орталық Азия – Жапония" диалогы аясындағы ықпалдастықтың қозғаушы күші болуға мүмкіндігі бар екенін айтты.

Сонымен қатар тараптар халықаралық саясаттың өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасты. Атап айтқанда, Жапония премьер-Министрі Солтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ахуалға қатысты өзінің пайымымен бөлісті.

Мемлекет басшылары көпжақты байланыстардың барлық саласы бойынша өзара сенімді диалог пен консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

912
Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев, архивтегі сурет

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті Ақорда ресми хабарлама таратты

7681
Әңгіме барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық жайы мен 21 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңестің отырысы талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын жақсы бағалады", – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, екі ел басшысы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық жайын және 21 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңестің отырысты талқылады.

Оқи отырыңыз: Посткеңестік елдер пандемия жағдайында Жеңіс күнін қалай атап өтеді - видео

Қазақстан мен Ресей президенті екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту саласындағы табысты жұмысын да ерекше назарға алып, қазіргі нәтижелерді айрықша атап өтті.

7681
Кілт сөздер:
Владимир Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Жеңіс күніне қатысты қандай шешім қабылданғанын айтты
Тоқаев Қырғызстан президентіне жеделхат жолдады
Тоқаев әскерилер мен полицейлерге генерал атағын берді
Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Тоқаев Үндістандағы жағдайға байланысты үкіметке тапсырма берді
Иллюстративті фото

Ұсынысынан бас тартқан: бойжеткен жауабын естіген Тараз тұрғыны ессіз әрекетке барды

0
(Жаңартылды 12:44 13.05.2021)
27 жастағы ер адам бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталды. Оның облыс орталығындағы шағын ауданда тұратыны анықталды

АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Тараз тұрғыны жаңа танысқан қызды тонап кетті. Оқиға ер адамның қыдырып қайту туралы ұсынысынан бойжетке бас тартқан соң болған, деп жазады Polisia.kz.

Тараз қаласының полициясына 27 жастағы тұрғын арызданды. Айтуынша, бейтаныс жігіт 116 мың теңге тұратын телефонын ұрлап кеткен. Сонымен қатар, телефон қабында 46 мың теңге болған.

Полиция ақпаратына сәйкес, бойжеткен жігітпен сол кеште танысқан. Қыдырып қайту туралы ұсынысты қабылдамағанына ашуланған ер адам күш қолдану арқылы оның телефонын тартып алып, қашып кеткен.

Жігіт бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталды. 27 жастағы ер адамның облыс орталығындағы шағын ауданда тұратыны анықталды. Ол өзінің әрекетін мойындады және қолды болған заттарды иесіне қайтарды.

Оқи отырыңыз: Үйлену тойында түсініксіз әрекет жасаған күйеужігіт ұятқа қалды - видео

Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша (тонау) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

0
Кілт сөздер:
Тараз, оқиға
Тақырып бойынша
Желідегілер қалыңдық тойға жалаңаш келді деп ойлап қалды – жұртты шулатқан фото
Назарбаев Ақышевқа: батыл әрекет ет, ешкімнен қорықпа
Тойға полицей болып кіріп келген асаба жауапқа тартылады – видео
"Алланы ашуландыратын әрекет жасамаңыздар": Құрбан айтта не істеуге болмайды - видео
Боксшы жекпе-жек алдында біртүрлі әрекет жасап, ұятқа қалды - видео