Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті

Тоқаев Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

212
Ашраф Ғани өз еліне нақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Ауған тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ашраф Ғани бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы достас ауған халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Президенттер АҚШ пен НАТО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылып жатқан кездегі ахуал жайында пікір алмасты. Елдегі саяси-дипломатиялық жағдайды ауғандықтардың өзін қатыстыра отырып, бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жол жоқ екені нақтыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ауғанстанды терроризмнен және заңсыз есірткі тасымалынан ада, біртұтас, бейбіт, бейтарап ел ретінде қалыптастыру жолында барынша көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Осы мақсатта екі ел үкіметтері арасындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың нақты мәселелерін жедел шешуге бағытталған диалогты жандандыру керек.

Ашраф Ғани ауғанішілік диалогты дәйекті түрде қолдағаны және өз еліне нақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі мемлекет арасындағы ықпалдастық мәселелерін шешуде іскерлік тәсілді қолданудың маңыздылығы жөніндегі пікірімен келісті. Сонымен қатар Ашраф Ғани Ауғанстандағы ахуалды реттеуге жұмылдырылған халықаралық күш-жігерге Қазақстанның белсенді араласуын өте маңызды деп санайды.

212
Тақырып:
Ауғанстандағы жағдай (35)
Тақырып бойынша
Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды
Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті – Ақорда ресми хабарлама таратты
Тоқаев бес елдің басшысымен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан президентін бірнеше елдің басшысы құттықтады
Тоқаев Жапония премьеріне қандай шешім қабылдағанын айтты
Назарбаев Түркия парламентінің спикерімен кездесті

Назарбаев Түркия парламентінің спикерімен кездесті

38
Мұстафа Шентоп Қазақстанға Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының мерейтойлық пленарлық отырысына қатысу үшін келді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті, деп хабарлады Elbasy.kz.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш президенті Шентопқа Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының мерейтойлық пленарлық отырысында жемісті келіссөздер жүргізуіне тілектестігін білдірді.

Елбасы отыз жыл ішіндегі Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастардың даму қарқынын атап өтіп, Шентоптан Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілегін жеткізуді сұрады.

"Мен тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолында жұмыс атқарып келемін. Бүгінде біздің қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Президент Ердоған екеуміз үнемі байланыстамыз", – деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Ал Шентоп Елбасыға қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанның жылы лебізін жеткізді.

Оқи отырыңыз:

38
Тоқаев пен Путин қатысатын форум қашан өтеді

Тоқаев пен Путин қатысатын форум қашан өтеді

24
Бастапқыда форум 2020 жылдың қарашасында Көкшетауда өтуі керек еді, бірақ содан кейін  эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты басқа уақытқа ауыстырылды

АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысатын өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы 2021 жылдың 28 және 30 қыркүйегінде онлайн форматта өтеді. "Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық" тақырыбы талқыланады. Жиынға мемлекет басшылары қатысады", - деп хабарлады форумның ресми сайты.

Іс-шарада Жайық, Ертіс трансшекаралық су қоймаларының және басқа да ірі өзендер экожүйесін сақтау, биоалуантүрлілік, Каспий итбалығының популяциясы және климат өзгеруі мәселелері талқыланады.

Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі Владимир Путиннің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысатынын хабарлады.

Бастапқыда форум 2020 жылдың қарашасында Көкшетауда өтуі керек еді, бірақ содан кейін  эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты басқа уақытқа ауыстырылды.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы 2003 жылы Омбыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуінен басталды. Екі елде кезекпен өтіп тұрады.

Бүгінде форум шекаралық формат шеңберінен шығып, екі елдің өзара іс-қимылының толыққанды тетігіне айналды.

2003 жылдан бастап форум Челябинск, Орал, Новосібір, Ақтөбе, Орынбор, Өскемен, Астрахань, Павлодар, Екатеринбург, Атырау, Сочи, Астана (қазір Нұр-Сұлтан), Петропавл, Омбы қалаларында өтті.

Бұған дейін өңіраралық форум 30 қыркүйекте Көкшетауда өтетіні хабарланды.

Оқи отырыңыз: 

Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты

Тоқаевтың Қытай төрағасымен не туралы сөйлескені белгілі болды

Желіде Тоқаевтың бейресми кездесуінің суреті жарияланды

24
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин
Тақырып бойынша
"Мен енді еркін адаммын": Назарбаев Путинге не айтты – видео
Тоқаев Путинге көңіл айтты
Ақорда "Тоқаевты телефон арқылы аңдып жүр" деген ақпаратқа ресми түсініктеме берді
Біртановтың адвокаты Тоқаевты куәгер ретінде шақыруды сұрады - сот не шешті
Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды  
Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

0
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

0