Саясат

Тоқаев пен Рахмон табиғат аясында бейресми кездесу өткізді – фото

© Photo : Facebook/Хадамоти матбуоти Президенти ТоҷикистонПрезиденты Казахстана и Таджикистана на неформальной встрече
Президенты Казахстана и Таджикистана на неформальной встрече - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге барды. Екі елдің президенті бүгін Тәжікстан үкіметінің резиденциясында бейресми кездесу өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның Варзоб ауданының көркем жерлеріне барды, деп хабарлады Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты ел астанасының орталығына жақын орналасқан үкіметтің қала сыртындағы резиденциясына шақырды.

© Photo : Facebook / Хадамоти матбуоти Президенти ТоҷикистонҚасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның бейресми кездеуі
Тоқаев пен Рахмон табиғат аясында бейресми кездесу өткізді – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның бейресми кездеуі

Бүгін екі елдің басшысы ұлт сарайында келіссөздер жүргізеді.

Түске дейін келіссөздер шағын және кеңейтілген форматта өтеді, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжат қабылданады деп жоспарланған.

Айта кетейік, 19 мамырда Қазақстан президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Сапар бағдарламасына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады. Тәжікстанның Маджилиси намоядагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзода және премьер-министр Кохир Расулзодамен кездеседі.

Жаңалықтар
0