Саясат

Тоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті – Ақорда ресми хабарлама таратты

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанКасым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев
Касым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі барлық бағыт бойынша қазақ-өзбек қатынастарының даму қарқыны жоғары екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Президенттер стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниетті екенін айтып, өзара ықпалдастықты кеңейтудің нақты мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады", - делінген ресми хабарламада.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік салалары бойынша жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, екі ел үкіметтерінің тығыз қарым-қатынас жасауы қажет екеніне назар аударды. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандықтар Өзбекстанның жетістіктеріне шын ниетімен қуанатынын айтты

Мемлекет басшылары өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, Ауғанстандағы ахуалға байланысты Орталық Азияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын күшейту мақсатымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін нақтылады. 

Жаңалықтар
0