Саясат

Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневДом Министерств в Нур-Султане. Виды города
Дом Министерств в Нур-Султане. Виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Қуаныш Ерғалиев министрлікте жоғары білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Үкімет қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2006 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетін тәмамдаған.

2009 жылы АҚШ-тағы Тулейн университетінде магистр дәрежесін алды.

2019 жылы Гарвардтың Т. Х. Чан атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау докторы дәрежесін алды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады

2006 жылы еңбек жолын денсаулық сақтау жүйесінен бастады. 2010 жылдан 2014 жылға дейін денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі қызметтерде, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет етті.

 2014-2019 жылдары Назарбаев университетінде жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры болды.

Қуаныш Асылханұлы министрлікте жоғары білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Жаңалықтар
0