Саясат

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

© Официальный сайт Президента КазахстанаДепутаты на совместном заседании палат
Депутаты на совместном заседании палат - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Жазылу
Парламент палаталарының бірлескен отырысы 30 маусымда өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылдың 30 маусымында сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде.

Осы отырыстан кейін парламент депутаттары каникулға кетеді. 

Айта кетейік, соңғы рет парламент палаталарының бірлескен отырысы 21 маусымда өткен. Сол жерде үкімет басшысы Асқар Мамин атқарылған жұмыс бойынша есеп берген болатын.  

Қазақстан парламенті екі палатадан – мәжіліс пен сенаттан тұрады. Мәжілісте 107 депутат болады, сенат құрамына әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан екі адамнан кіреді. Қазақстан президенті сенатқа қосымша 15 адамды тағайындайды.

Жаңалықтар
0