Саясат

Қазақстан мен Ресей өзендерді қалпына келтіруді күшейтуі керек – сенат спикері

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги России и Казахстана
Флаги России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Мәулен Әшімбаев қос тарап та өзен экожүйесін жақсарту бойынша ортақ жұмыстар жөніндегі келісімді жүзеге асыруды жеделдетуі керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев ресейлік парламентарийді трансшекаралық өзендерді қалпына келтіру бойынша мәселені өз бақылауына алуға шақырды.

Қазақстан сенаты мен Федерация кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында палата төрағасы осындай мәлімдеме жасады. Бұл отырысқа Федерация кеңесінің халықаралық істер және қорғаныс пен қауіпсіздік жөніндегі комитеттері мен Қазақстан сенатының халықаралық қарым-қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшелері қатысты.

"Өткен жылы қабылданған Орал мен Ертіс трансшекаралық өзендері бассейндерінің экожүйесін қалпына келтіру бойынша 2021-2024 жылдарға арналған екіжақты бағдарлама аясында бірлескен іс-әрекеттерге орындалады деп үміттенеміз. Бұл екі тараптың да мүддесіндегі мәселе", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат спикері қос елдің депутаттары осы бағдарламаның орындалуын өз бақылауларына алуы дұрыс болатынын атап өтті.

Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Ресейдің белсенді өзара іс-әрекеті мен атқарушы органдармен бірлескен жұмыстар экологиялық маңызды мәселелерді тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Оқи отырыңыз: Нұрлан Нығматулин мен Валентина Матвиенко ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Біраз бұрын сенат спикері Қазақстан 2025 жылға дейін Ресеймен ортақ шекарада өткізу пунктерін дамыту бойынша жол картасын келісуге және қабылдауға қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді.

Еске салсақ, федерация кеңесінің делегациясы төраға Валентина Матвиенконың жетекшілік етуімен Қазақстанға келіп, 27-28 маусымда республика билігі және парламент өкілдерімен кездесу өткізуде.

Жаңалықтар
0