Саясат

Кадрлық ауыс-түйіс: Тоқаев өзінің протокол басшысын елші етіп жіберді

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Мәди Атамқұлов бұл қызметке 2015 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында келген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің протокол басшысын Сербияға елші етіп жіберді. Ал екі елшіге қосымша лауазым жүктеді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.    

"Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.  

Айта кетейік, бұған дейін Мәди Атамқұлов Қазақстан Республикасының президенті протоколын басқарды. Осы қызметке 2015 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында келген болатын.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты 

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы екі елшіге қосымша өкілеттік берді. Атап айтқанда, Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Сергей Нұртаев Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарады.

Ал Қазақстанның Бразилиядағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Нүсіпов Қазақстанның Аргентинадағы, Чили Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Екеуі де биыл ақпан айында жаңа қызметіне кіріскен болатын.

Жаңалықтар
0