Визит президента РФ В.Путина в Китайскую Народную Республику. День второй

Путин, Си Цзиньпин мен Зеленский Назарбаевты құттықтады

40
Назарбаевты құттықтағандар арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Корея Републикасының президенттері де бар

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Шетелдік көшбасшылар 81 жасқа толған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтап, жеделхат жолдап жатыр. Олардың мәтіні Елбасының ресми сайтында жарияланды.

Ресей президенті Владимир Путин өз жеделхатында Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық-саяси дамуда қол жеткізген толағай табыстары тұңғыш президент есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

"Еуразия экономикалық одағы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аясындағы сындарлы іс-әрекет алдағы уақытта да Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының мүддесіне және Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге  қызмет ете беретініне сенімім мол",– делінген Путиннің жеделхатында.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту мен дамытудағы жетістіктерді ерекше атап өтті.

"Сізді әрдайым Қытай елінің жақын досы деп білеміз. Мен Сіздің Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесіңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да біздің мемлекеттеріміздің арасындағы достықты нығайтуға көңіл бөліп, қолдау көрсетеді деп сенемін", – деп жазды Си Цзиньпин.

 

Украина Президенті Владимир Зеленский Назарбаевқа мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр, еліміздің өркендеуі жолындағы қызметіне жаңа табыстар тіледі.

"Сіздің мемлекет құрудағы бірегей тәжірибеңіз бен өмірлік даналығыңыз – достас Қазақстан халқының мүддесіне адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Өзіңіздің күш-жігеріңіздің арқасында Украина мен Қазақстан арасында орнаған ынтымақтастық қатынастардың берік іргетасы алдағы уақытта да екі елдің мүддесіне сай өзара тиімді әріптестік байланыстарды тереңдетуге қызмет ететініне сенімдімін", – деп жазды Зеленский.

Елбасы атына келіп түскен құттықтаулар

Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың өзбек және қазақ халықтарының арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесін айрықша атап көрсетті.

"Біз Сізді көпұлтты Қазақстан халқының ұлы көшбасшысы, көрнекті мемлекет қайраткері, сондай-ақ біздің өңір мен дүние жүзі бойынша құрметке ие сұңғыла саясаткер деп білеміз. Сіздің жемісті қызметіңіз бен ішкі және сыртқы саясаттағы даналығыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы халықаралық аренадан лайықты орын алды", – делінген Өзбекстан Республикасы президентінің жеделхатында.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өз хатында Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуі жолындағы рөліне тоқталды.

"Сіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті ретінде ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті қызметіңіздің арқасында үлкен абыройға және баршаның құрметіне бөлендіңіз. Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамудағы, елдің халықаралық беделін нығайтудағы орасан зор жетістіктері Сіздің есіміңізбен тығыз байланысты", – делінген Рахмонның жеделхатында.

Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин де өз жеделхатында жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді.

"2019 жылы Қазақстанға барған сапарымның аясында өткен кездесуімізде мен Сіздің көпжылдық тәжірибеңіз бен даналығыңызға тәнті болдым. Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанның зор табысқа қол жеткізуінде Сіз шешуші рөл атқардыңыз. Өзіңіздің көшбасшылық қасиеттеріңіздің арқасында Сіз мемлекеттің әрі қарай дамуының берік іргетасын қаладыңыз", – деп жазды ол.

40
Тақырып бойынша
Қытай елшісі Назарбаевқа: шешіміңізді жоғары бағалаймыз
Назарбаев: Батыс бізді Ресейден бөліп алу үшін жұмыс істеп жатыр
Назарбаев үлкен тәуекелге барған кезде қандай түс көргенін айтты
Назарбаев астананың ортасында қалып қойған коттедждер мәселесін көтерді 
Назарбаев университеті сияқты тағы бір жоғары оқу орны ашылады  
Ақорда ғимараты

Президент Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады  

138
(Жаңартылды 19:19 02.08.2021)
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне ықпал ететініне сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды осы қызметке қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Арменияның премьер-министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.

Айта кетейік, парламент сайлауында Пашинянның "Азаматтық келісім" партиясы сайлаушылардың 53,92 дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын. Бүгін Армения президенті Армен Саркисян Никол Пашинянды премьер-министр лауазымына тағайындау туралы қаулыға қол қойды.

138
Ақорда

Тоқаев Ердоғанға: бауырлас түрік халқына көмек көрсетуге дайынбыз

151
(Жаңартылды 19:43 31.07.2021)
Қазақстан президенті Режеп Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы алапат өртке байланысты Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатын жолдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхат жолдады", - деп жазды Уәли.

Қазақстан президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, президент Режеп Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі.

Айта кетері, Түркияда соңғы бірнеше күнде орман өрті өршіп тұр. Кеше Адана (Пос ауданы), Анталья (Манавгат, Аксеки, Газипаша), Мугла (Мармарис, Кёйджегиз), Мерсин (Айдынджик, Силифке), Османие (Кадирли) аймақтарында он ошақ сөндіріліп жатқаны хабарланды. Өрт салдарынан алты адам қаза болды, 180-нен астамы зардам шекті. Курортта демалып жатқан туристер қауіпсіз аймаққа көшірілді. 

Оқи отырыңыз: Анталиядағы алапат өрт: демалыстағы қазақстандық видео жариялады

 

151
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған
Өзбекстандық ауыр атлетші Ақбар Джураев

Қазақстандық бапкер Өзбекстанға Токио Олимпиадасында "алтын" алуға көмектесті

40
(Жаңартылды 12:59 04.08.2021)
Қазақстандық Ержас Болтаев Илья Ильиннің жаттықтырушысы болды, алайда ол Токио–2020 ойындарына чемпиондарды тәрбиелеу үшін Өзбекстанға кеткен

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Токио Олимпиадасында Өзбекстан Қазақстаннан әлдеқайда жақсы өнер көрсетіп жатыр. Қазір көрші елдің қоржынында үш медаль бар, оның екеуі алтын. Ол алтынның бірін қазақстандық бапкер Ержас Болтаевтың шәкірті Акбар Джураев алды.

Джураевты алғашқылардың бірі болып Илья Ильин құттықтады. Ол 2011 жылдан бастап Болтаевпен бірге жаттыққан еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Бес жыл бұрын Рио–2016 ойындарында Болтаев Алексей Нимен жанжалдасып қалған болатын. Сол кезде жаттықтырушы шәкірті Александр Зайчиков өнер көрсетер алдында Олимпиадада аккредитациясынан айырылды. Қазір Болтаев Өзбекстан үшін олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп жүр.

Қазақстандық ауыр атлеттер Олимпиадада қалай өнер көрсетті

Қазақстанның ауыр атлетикасы үшін бұл Олимпиада сәтсіз болды деп айта алмаймыз. Ел атынан барған екі спортшы екі қола алды. Бұл сайысқа елдегі ең мықты ауыр атлеттер таңдалғаны анық. Дегенмен ерлер арасында әуелден-ақ алтын алуға үміт болмады, сондықтан қоланың өзі үлкен сый ретінде қабылданды.

Мұны Олимпиада алдындағы сарапшылардың болжамы және жарыстан кейін спортшы Игорь Сон мен оның жаттықтырушыларының реакциясы көрсетті. Егер Қазақстан үшін ауыр атлетикада қоланың өзі үлкен сый болса, демек елде спорттың бұл түрі дағдарыс алдында тұрғанын мойындау қажет.

Зүлфия Чиншанло алтын алуға үмітті еді, алайда бұл ойын жүзеге асыра алмады. Чиншанло спорттағы мансабын аяқтаса не болады? Ол Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы. Ал оның ізін басар спортшылар әлі жоқ секілді. Өкінішке қарай, соңғы Қазақстан чемпионатында жаңа есімдер шықпады. 

Сұрақ көп, бірақ оны шешуге уақыт аз - келесі Олимпиада ойындары үш жылдан кейін өтеді. 

Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасы: қазақстандық палуан жартылай финалға шықты

 

40
Кілт сөздер:
бапкер, ауыр атлетика, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Тақырып бойынша
Ауыр атлетика федерациясы Сон мен Чиншанлоға көлік сыйлайды
Допинг дауының қатысы жоқ: Чиншанлоның жұлқа көтеруін төрешілер неге есептемеді
Токио Олимпиадасында ерсі қылық көрсеткен Әлиев қатаң жазаға тартылды
Токио Олимпиадасы: Сафиуллин жеңіліп қалды