Ақорда

Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

88
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ апатынан 28 адам қайтыс болды, оның ішінде бір бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын", – делінген президенттің жеделхатында.

Ресми мәліметке сәйкес, жолаушылар ұшағы Петропавловск-Камчатский қаласынан Палана кентіне адам тасымалдаған. Осы жолы тура жерге қонардың алдында байланысқа шықпай қалған.

Оқи отырыңыз: Ресейде жолаушылар ұшағы теңізге құлады – 28 адам қаза тапты

Алдын ала болжам бойынша әуе кемесі теңізге құлаған. Себебі Палана кентіне дейін 9 шақырымдай қалғанда байланыс үзіліп кетті. Бортта экипаждың 6 мүшесі және 22 жолаушы, оның ішінде бір бала болған. Алдын ала дерек бойынша олардың барлығы қайтыс болды.

Ресей Федерациясының тергеу комитеті ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Агенттік ұшақтың апатқа ұшырауының үш ықтимал нұсқасын қарастырады: қолайсыз ауа райы, әуе кемесінің техникалық ақаулары және ұшу барысындағы қателік.

88
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, көңіл айту, ұшақ апаты, ресейлік ұшақ, Ресей
Тақырып бойынша
Қызылорда маңында ұшақ құлады
Алматы түбіндегі ұшақ апаты: аман қалған екі әскери қызметкер есін жиды
Ақтауда тас жолға ұшақ қонды – видео
"Кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді": дәрігерлер ұшақ апаты кезінде қалай жұмыс істеді
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Алматы түбіндегі Ан-26 апаты: зардап шеккен екі адам ауруханадан шығарылды
Ақорда

Тоқаев Ердоғанға: бауырлас түрік халқына көмек көрсетуге дайынбыз

96
(Жаңартылды 19:43 31.07.2021)
Қазақстан президенті Режеп Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы алапат өртке байланысты Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатын жолдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхат жолдады", - деп жазды Уәли.

Қазақстан президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, президент Режеп Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі.

Айта кетері, Түркияда соңғы бірнеше күнде орман өрті өршіп тұр. Кеше Адана (Пос ауданы), Анталья (Манавгат, Аксеки, Газипаша), Мугла (Мармарис, Кёйджегиз), Мерсин (Айдынджик, Силифке), Османие (Кадирли) аймақтарында он ошақ сөндіріліп жатқаны хабарланды. Өрт салдарынан алты адам қаза болды, 180-нен астамы зардам шекті. Курортта демалып жатқан туристер қауіпсіз аймаққа көшірілді. 

Оқи отырыңыз: Анталиядағы алапат өрт: демалыстағы қазақстандық видео жариялады

 

96
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған
Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті

Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау туралы: алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр

52
(Жаңартылды 16:36 27.07.2021)
Тоқаев сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретінін атап өтті

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорда.

Президент ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.

"Шын мәнінде ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес. Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретініне тоқталды.

Президент әкімдердің сайлауалды жұмыстарына оң баға беріп, олардың қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев олардың халық сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенім білдірді.

Жиын соңында жаңадан сайланған әкімдер мемлекет басшысына өз бастамасын жүзеге асырғаны және еліміз бен ауыл игілігі жолында еңбек етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Қазақстанда 25 шілдеде ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткенін еске салып өтейік. 

52
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, сайлау
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0