Нұрсұлтан Назарбаев

Екі елдің президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады

68
Беларусь және Түрікменстан басшылары елдер арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Елорда күні мен Елбасының туған күніне орай келіп жатқан хаттар мен жеделхаттар легі жалғасуда, деп жазды Еlbasy.kz.

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуіндегі айрықша рөлін атап өтті.

"Сіздің Беларусь пен Қазақстан арасында жемісті байланыс орнатуға, еуразиялық интеграция идеясын іс жүзіне асырып, посткеңестік кеңістікте тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан өлшеусіз үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Әрдайым екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өзара тиімді шешім қабылдауға әзірлігімен әрі ашықтығымен ерекшеленетін жақын қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймын", – делінген А.Лукашенконың жеделхатында.

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қазіргі Қазақстанның тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін айтты.

"Түрікменстан мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ерекше атап өткім келеді. Түрікменстан мен Қазақстанның мемлекетаралық қатынастары және стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да біздің бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін дамып, нығая түсетініне сенімім мол", – делінген Түрікменстан президентінің хатында.

Оқи отырыңыз: Назарбаевқа бірнеше елдің басшысы телефон соқты 

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Түркия президенттері Назарбаевты туған күнімен құттықтаған болатын.  

68
Ақорда

Тоқаев пен Назарбаев Өзбекстан президентімен сөйлесті

69
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары Ауғанстандағы жағдайды және оның өңірлік қауіпсіздік үшін ықтимал салдарын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтады.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы бес айдың ішінде екіжақты сауда көлемі 46 пайызға артқан. Инвестициялық, көлік-логистикалық жобалар жүзеге асырылуда, жаңа авиациялық бағыттар ашылуда. Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық, өңірлік алаңдарда бір-бірімен тығыз байланыс жасайды, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев жуырда Ташкентте өткен Орталық Азия және Оңтүстік Азия елдері арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияның қорытындысына жоғары баға берді.

Екі ел басшылары Ауғанстандағы жағдайды және оның өңірлік қауіпсіздік үшін ықтимал салдарын жан-жақты талқылады. Тоқаев пен Мирзиёев аталған проблема бойынша ортақ түсінік бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы ресми сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда маңызды оқиға саналатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Ауғанстандағы жағдай Орталық Азияға қандай қауіп төндіреді?

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, өзбек халқының мойындалған көшбасшысына зор денсаулық, құт-береке және бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Елбасы сайты.

Назарбаев Шавкат Мирзиёевті шын жүректен туған күнімен құттықтап, оған мықты денсаулық пен амандық, бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы белсенді жасампаз қызметіне жаңа табыстар тіледі.

Елбасы Өзбекстан көшбасшысының екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарды дәйекті түрде нығайтуға зор үлес қосқанына ерекше тоқталды.

Соңында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан серіктестігінің жоғары деңгейін және екі ел халықтарының мүддесі үшін оны одан әрі дамытудың келешегі зор екенін атап өтті.

69
Кілт сөздер:
Шавкат Мирзиёев, Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Үй, ақша

Тоқаев баспана мен жол құрылысына қатысты тапсырма берді

2842
(Жаңартылды 19:36 23.07.2021)
Мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың есебін тыңдады

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі президентке мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы мен бірінші жартыжылдықтағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады.

Ведомство басшысы өңдеу өнеркәсібінің дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берді. Оның айтуынша, жыл басынан бері өсім көрсеткіші 5,6 процентке, соның ішінде, фармацевтика 31 процентке, машина жасау саласы 22%-ке, химия 2,8%-ке және металлургия 0,8 процентке артқан.

"Бұдан бөлек жыл соңына дейін қосымша 126-дан астам жоба іске қосылады. Бұл жобаларға 1,1 триллион теңге көлемінде инвестиция салынған", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Мемлекет басшысына "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жыл басынан бері ұзындығы 2,2 мың шақырым автомобиль жолдары пайдалануға берілгені жөнінде баяндалды. Транзиттік жүк тасымалы артып келеді, соның ішінде, Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша бұл көрсеткіш 59 процентке өскен.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бүгінде 6,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 17 миллион шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство жұмысының негізгі бағыттары бойынша тапсырма берді. 

Мемлекет басшысы жергілікті қатынас жолдарын дамыту және қайта жөндеу, сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын маңызды міндеттер ретінде атап өтті.

2842
Кілт сөздер:
құрылыс, жол, баспана, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Тоқаев: былтыр жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды
Тоқаев вакциналау паспортын қолдан жасағандар қатаң жазаланатынын айтты
"Қайғырып көңіл айтамын": Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады
Тоқаев ардагер журналисті 100 жасқа толуымен құттықтады
Стенд компании Еврокоптер группы АО НК Казахстан инжиниринг

Қазақстан халықаралық көрмеде алғашқы отандық дронды таныстырды

0
Бұған дейін Қазақстанның авиация индустриясы өкілдері авиасалонға көрермен ретінде қатысып келді. Осы жылы тұңғыш рет олар өз стендін таныстырды

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik, Мария Науменко. Осы жылы Қазақстан халықаралық авиация-ғарыш салоны шарасында серіктес мемлекет болды. Мәскеу маңындағы Жуков қаласында республика атынан авиация және ғарыш өнеркәсібінің үлкен павильоны таныстырылды.

Sputnik тілшісі павильонда болып, қазақстандық компаниялар Ресейдегі көрмеде қандай техниканы таныстырғанын және Ресей Федерациясымен бірлесіп қандай жобаны жүзеге асырып жатқанын біліп қайтты.

Ғарыш саласындағы ынтымақтастық

Ресей авиақұрылыс пен ғарыш саласында Қазақстанмен өзара әрекеттестікті дамытады. Бұл туралы ХАҒС-2021 Халықаралық авиация-ғарыш салоны ашылуы кезінде РФ президенті Владимир Путин мәлімдеді.

"Біз авиақұрылыс сынды жоғары технологиялық салада қазақстандық әріптестерімізбен және Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктестерімізбен өзара әрекеттестікті дамытуды көздеп отырмыз. Біздің кәсіпорындар бірқатар перспективалы жобаны жүзеге асырып жатыр. Мысалы, Қазақстанда МИ тобындағы тікұшақтар құрастырылып жатыр, "Роскосмос" желісі бойынша бірлескен "Бәйтерек" жобасы ілгерілетілуде. Экологиялық таза зымыран тасымалдағыш көмегімен "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған ұйымдастырушылық-техникалық құрылымды дайындау аталған жобаның мақсаты болады", - деді Ресей президенті.

Стенды казахстанских компаний в национальном павильоне на МАКС-2021
© Photo : Пресс-служба АО НК "Казахстан Инжиниринг"
ХАҒС-2021 көрмесінде ұлттық павильондағы қазақстандық компаниялардың стенді

Авиасалон аясында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитеті Нұр-Сұлтанда құрастырылған Ғарыш аппаратын құрастыру-сынау кешені (ҒАҚСК) мен "Союз-5" зымыран тасымалдағыш макетін ұсынды.

Ғарыш аппаратын құрастыру-сынау кешені алты тоннаға дейінгі ғарыш аппараттары мен олардың компоненттерін жобалау, дайындау, құрастыру және сынауға арналған технологиялық және өндірістік база болып саналады.

Қазақстандық "Байкал"

"Байкал" жеңіл көп мақсатты ұшағын дайындау жобасындағы Қазақстан-Ресей кооперациясы ХАҒС-2021 көрмесіндегі басты оқиғаның біріне айналды. Болашақта "Байкал" ескірген Ан-2 ұшағын алмастыруы керек.

Қазақстандық тарап аталған жобаға 1 миллиард рубль көлемінде инвестиция салды. Есесіне Қазақстан жобадағы миноритарлы үлеске (акциялардың бақылаушы емес пакеті) және сол ұшақтардың өндірісіне арналған лицензияға ие болады.

"Қазір ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүріп жатыр. Сондай-ақ осы жобаны қаржыландыруға қатысып отырмыз. Алайда "Орал азаматтық авиация зауыты" АҚ-мен арадағы келісімшарт бойынша ұшақтың лицензиялық өндірісін Қазақстанда ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз", - деді "Қазақстанның авиация индустриясы" ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы Игорь Сыздықов.

Қазақстанның авиация индустриясындағы ұшақтардың толыққанды өндірісі 2024 жылы басталуы керек. Мамандар кәсіпорын қуаты жылына 50-30 ұшақ дайындауға мүмкіндік береді деп санайды. Сондай-ақ Қазақстан басқа мемлекеттер үшін "Байкалдың" экспорттық нұсқасын да шығара алады.

Игорь Сыздықов Қазақстан ресейлік тараптың ұсынысымен ХАҒС-2021 серіктесі атанғанын атап өтті. Бұған дейінгі жылдары Қазақстанның авиация индустриясы өкілдері авиасалонға көрермен ретінде қатысып келді. Осы жылы тұңғыш рет олар өз стендін таныстырды.

Модель пилотской кабины на стенде казахстанской компании на МАКС-2021
© Photo : Пресс-служба АО НК "Казахстан Инжиниринг"
ХАҒС-2021 көрмесінде қазақстандық компаниялар стендіндегі пилоттық кабинаның моделі

Сонымен қатар Қазақстандағы кәсіпорында Су-30СМ ұшақтарын жөндеу бойынша компанияның ресейлік "Иркут" авиақұрылыс корпорациясымен бірлескен жобасы бар.

"Біз ұшақтардың алғашқы жөндеуін 2025 жылы бастауды жоспарлап отырмыз. Қазір өндіріске дайындалып жатырмыз. Авиасалон аясында ресейлік серіктестермен кейбір мәселелерді нақтылауды жоспарлап отырмыз. Бізде Су-30СМ ұшақтарына техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу жүргізу, мамандарды даярлау бойынша келісімшарт бар", - деді Sputnik агенттігіне сұхбат берген қазақстандық тарап өкілі.

Тікұшақ және пилотсыз ұшу аппараты

"Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС Халықаралық авиация-ғарыш салонында ЕС-145 жаңа тікұшағының макетін таныстырды. Кәсіпорын сондай-ақ Н-145 қос қозғалтқышты тікұшағы, Н-130 бен Н-125 бір қозғалтқышты тікұшақтарының ірі торапты құрастыруы, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жүзеге асырып, ұшу-техникалық құрамды даярлайды.

"Жақында біз Мәскеу авиация орталығы үшін ЕС-145 тікұшағын қалпына келтіруді қамтитын жөндеу бойынша Ресеймен ірі жобаны аяқтадық. Тікұшақ төтенше жағдайлар министрлігінің қажеттілігі үшін қолданылады", - деді "Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС коммерциялық директоры Александр Савельев.

Сонымен қатар Қазақстан салон барысында өзінің алғашқы пилотсыз ұшатын әуе нысанының имитаторын таныстырды. Дрон құрлықтағы әскердегі әуедегі шабуылға қарсы қорғанысқа зенитші атқыштарды үйретуге арналған.

Тамыз-қыркүйекте аталған пилотсыз ұшатын аппарат соңғы әскери сынақтан өтіп, 2022 жылы Қазақстан Республикасындағы құрлықтағы әскер қарулануына қабылдануы керек.

Гендиректор АО 811 Авторемонтный завод КИ Рамиль Баязитов
© Sputnik / Мария Науменко
"Қазақстан инжиниринг - 811 автожөндеу зауыты" АҚ бас директоры Рамиль Баязитов

"Біздің пилотсыз ұшатын техника шетелдік аналогтардан әлдеқайда арзан және Қазақстанның қатал ауа райына, яғни жойқын желге, аязды қысына және аптап ыстық жазына төзімді", - деді Sputnik тілшісіне "Қазақстан инжиниринг - 811 автожөндеу зауыты" АҚ бас директоры Рамиль Баязитов.

Бұған дейін Қазақстанның қорғаныс министрлігі дрондарды тек шетелден, атап айтсақ, Ресей, Беларусь және Израильден сатып алатын. Енді республика жылына 10 данаға дейін пилотсыз ұшу аппаратын шығара алады.

Жуков қаласындағы Халықаралық авиация-ғарыш салоны авиа-ғарыш саласындағы жетістіктер мен техникаларды таныстыруға арналған әлемдегі ең ірі көрменің бірі. ХАҒС-2021 көрмесіне 140 мыңнан астам маман, сондай-ақ 570 мыңнан астам көрермен мен қонақ қатысты. Салон жұмысы 25 шілдеде аяқталады.

Sputnik агенттігі – авиасалонның ресми ақпараттық серіктесі.

Халықаралық авиация-ғарыш салонында қазақстандық павильонда авиация техникасы мен жабдығын дайындауға мамандандырылған мына жетекші кәсіпорындар өнімі таныстырылды: "Қазақстанның авиация индустриясы" ЖШС, "Еурокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС, "Қазақстан Аселсан инжиниринг" ЖШС, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ, "Байтерек" БК" АҚ, "Тыныс" АҚ, "№405 авиажөндеу жұмысы" АҚ, "811 автожөндеу зауыты", "Қазаэронавигация" РМК және басқалар.

0