Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев сенбі күні министрлер мен әкімдерді жинайды

113
Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. 10 шілде, сенбі президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.

Жиын сағат 11:00-де бейнебайланыс режимінде өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Отырыста Қазақстанның биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады.

Сондай-ақ Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді.

113
Кілт сөздер:
әкімдер, министрлер, үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстанда міндетті вакциналауды енгізу қажет – Мамин
Зейнетақы мен жәрдемақы 10-12%-ке индексацияланды – Мамин
Үкімет бірқатар өкілеттігін министрліктерге береді
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Ақорда

Тоқаев Астрахан облысының тұрғындарына алғыс айтты

46
Кездесу барысында Тоқаев Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық және одақтастық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті

АЛМАТЫ, 26 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинді қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық және одақтастық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын және екі ел өңірлерінің ықпалдастығы кеңейе түскенін атап өтті.

"Қазір Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қазақстанның өзге де облыстары Астрахан облысымен көптеген бағыт бойынша өзара тиімді кооперацияны жүзеге асыруда. Экономикалық белсенділіктің жаңғыруына орай шекара маңындағы сауда қарқыны біртіндеп қайта қалпына келіп жатқаны байқалады", - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Қазақстан мен Астрахан облысының арасын негізгі байланыстырушы ретінде Ресей бойынша ең көп тұратын сол жердегі қазақ диаспорасы маңызды рөл атқарып отыр.

Президент Астрахан қазақтарының тарихи отанымен рухани байланысын нығайтуына, ата-бабасының тілі мен мәдениетін сақтауына жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаны үшін Игорь Бабушкинге ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы қазақ халқының Бөкей хан, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова және басқа да ұлы перзенттерінің есімін Астрахан жерінде ұлықтап келе жатқаны үшін аймақ әкімшілігі мен тұрғындарына алғыс айтты.

46
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Сайлау, архивтегі сурет

Қазақстанда ауыл әкімдерінің сайлауы басталды

116
Республика бойынша сайлауға қатысу үшін барлығы 2 582 адам өз кандидатурасын ұсынды, оның 2 297-сі тіркеуден өтті

АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Бүгін Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл сайлауда республика бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округіне 730 әкім сайланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тағы 45 басшы жыл соңына дейін сайланады, ол үшін әкімдердің өкілет мерзімі аяқталуы қажет.

Сайлау сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

Сайлау учаскелерінде дауыс санау дауыс беру аяқталғаннан бастап 12 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

Қорытынды сайлау өткеннен кейін үш күн ішінде шығады.

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуді президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында ұсынды. 23 шілдеде мемлекет басшысы сайлау саяси жаңғырудың жаңа кезеңі деп атап, қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды.

"25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек", - деп жазды Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жергілікті атқарушы органдардың басшылары саналатын әкімдер мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – отандастарымыздың тұрмыс сапасын арттыру мәселесін шешуде негізгі рөл атқаруға тиіс екенін айтып, президент сайланған кандидаттың бәрі өзі ісінің маманы болатынына және халықтың үмітін ақтай алатынына сенім білдіргенін жеткізді.

Айта кетейік, елімізде алғаш рет өтетін ауыл әкімдерінің сайлауына қатысуға тіркелгендердің көпшілігі – өзін-өзі ұсынған азаматтар (1 419 адам). Олар жалпы кандидаттардың 61,8%-ін құрап отыр.

Тағы оқыңыз: Ауыл әкімдерінің сайлауы: кандидаттардың 61%-і өзін-өзі ұсынды

Республика бойынша сайлауға қатысу үшін барлығы 2 582 адам өз кандидатурасын ұсынды, оның 2 297-сі немесе 88,9%-і қажетті тіркеуден өтті. 878 адам (38,2%) саяси партия атынан кандидат болды.

Еліміздегі алты саяси партия ауыл әкімі болуға өз кандидаттарын ұсынды.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округі әкімі болу үшін сайлауға 25 жастан асқан Қазақстан азаматы қатысады. Кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келуі, сотталмаған болуы керек.

Кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмысы 14 шілдеде басталып, 24 шілдеде аяқталды. Әрбір кандидатқа республикалық бюджеттен үгіт-насихат жұмысына 220 000 теңге бөлінді (бұл БАҚ-та материал жариялауға, үгіт-насихат материалдарын шығару секілді шығындарға бөлінген).

Сонымен қатар осы сайлауда сайлаушыларға барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі берілген.

116
Кілт сөздер:
сайлау, әкім, ауыл
Тақырып бойынша
Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау қашан және қалай өтеді
СҚО-да 225 адам ауыл әкімі қызметі үшін сайлауға түседі
Ауыл әкімдерінің сайлауы 25 шілдеде өтеді - Карин
Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі: Тоқаев ауыл әкімдерінің сайлауына қатысуға шақырды
Бокс, Олимпиада

Қазақстан үшін сәтті салмақтағы боксшы алғашқы жекпе-жекте ұтылды

38
(Жаңартылды 15:13 27.07.2021)
Бұған дейін Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин мен Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген болатын. Бүгін Василий Левит те рингке шығады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасына 69 салмақ дәрежесі бойынша жолдама алған Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жекте ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандық боксшы бірден екінші айналымнан бастады. Оған қарсы америкалық Деланте Джонсон шықты. Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Жүсіповқа жоғары ұпай қойды. Ал екінші раунда америкалық боксшы басым болды. Үшінші раунда бір төреші ғана Абылайханның дайындығын жоғары бағалады. Осылайша, жерлесіміз 1:4 есебімен ұтылып қалды. 

Бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген болатын. Бүгін Василий Левит (91 келі) те рингке шығады. Одан бөлек, Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар. Ал әйелдер арасындағы бокста ел намысын жалғыз Надежда Рябец (75 келі) қана қорғайды.

Айта кетері, 2004 жылдан бері Қазақстан үшін бокста 69 келі салмақ дәрежесі сәтті болған. Боксшыларымыз төрт Олимпиадада қатарынан алтын медаль иеленген. Мәселен, Рио Олимпиадасында Данияр Елеусінов, оған дейін Серік Сәпиев Лондонда чемпион атанған болатын. Оның алдында Бақыт Сәрсекбаев пен Бақтияр Артаев та дәл осы салмақта топ жарды. Боксшылармыз екі рет Вэл Баркер кубогын да иеленді.

38
Кілт сөздер:
олимпиада, жекпе-жек, бокс
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Тақырып бойынша
Зал шулап кетті: Левит төрешілердің шешіміне аң-таң болды – видео
Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке Алматы әуежайында тосын сый жасалды – видео
Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токиоға жойқын тайфун жақындап келеді
Алға, Қазақстан: әртістер Токиодағы Олимпиада құрамасына ән арнады –  видео
Олимпиада ойындары бас стадионының көрінісі – видео