Ақорда

Вакцинаны мұқтаж елдерге ұсынуға дайынбыз Тоқаев

100
Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде дағдарыстың салдарын еңсеру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.

Кездесу кезінде екі жақты ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Пандемияға қарсы күрес жолындағыі бірлескен іс-қимылдарға, сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса назар аударылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырдың Қазақстан мен аймаққа жасаған сапары Орталық Азияның рөлі артып келе жатқанын көрсетіп отыр.  

"Орталық Азияда болып жатқан ахуалды бағалау тұрғысынан Сіздің бұл сапарыңыз аса маңызды. Аталған аймақ жаһандық саясат аясында зор маңызға ие болып келе жатыр. Өзіңізді БҰҰ Бас Ассамблеясының сайланған төрағасы ретінде көргеніме қуаныштымын. Сіздің осы жауапты әрі маңызды миссияңыз табысты болады деп ойлаймын. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымын мультилатерализмнің діңгегі ретінде қарастырамыз. Қазақстан БҰҰ-ның мақсаттарын толық қолдайды. Ассамблея Сіздің дана басшылығыңызбен Ұйымның мақсатына қол жеткізуіне, әсіресе, қалыпты өмірдің барлық саласына әсер еткен пандемияның теріс салдары кезінде елеулі үлес қосады",  – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастықтың пандемия қарсы күресте жұдырықтай жұмылуы қажет деп санайды.

"Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде дағдарыстың салдарын еңсеру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Біз өзіміздің төл вакцинамызды әзірледік. Келешекте, қажет болған жағдайда, оны мұқтаж елдерге ұсынуға дайынбыз", – деп атап өтті президент.

Ал Волкан Бозкыр  Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығының қорытындыларын, сондай-ақ, Сирия қақтығысын реттеу үшін жүргізген жұмыстарын жоғары бағалады.

"Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысына өте белсенді атсалысады. Сіз БҰҰ жүйесінде көп жыл жұмыс істедіңіз. Тәжірибеңіз мол. Елдің басшылығы да Ұйыммен белсенді ықпалдастық жасайды. Қазақстанның Сирия қақтығысын Астана процесі ретінде белгілі бейбіт жолмен реттеуге қосқан үлесін қолдаймын", - дейді БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы.

Сонымен қатар кездесуде Ауғанстандағы ахуалға байланысты өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды.

100
Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті

Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау туралы: алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр

50
(Жаңартылды 16:36 27.07.2021)
Тоқаев сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретінін атап өтті

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорда.

Президент ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.

"Шын мәнінде ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес. Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретініне тоқталды.

Президент әкімдердің сайлауалды жұмыстарына оң баға беріп, олардың қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев олардың халық сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенім білдірді.

Жиын соңында жаңадан сайланған әкімдер мемлекет басшысына өз бастамасын жүзеге асырғаны және еліміз бен ауыл игілігі жолында еңбек етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Қазақстанда 25 шілдеде ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткенін еске салып өтейік. 

50
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, сайлау
Ақорда

Тоқаев Астрахан облысының тұрғындарына алғыс айтты

51
Кездесу барысында Тоқаев Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық және одақтастық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті

АЛМАТЫ, 26 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинді қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық және одақтастық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын және екі ел өңірлерінің ықпалдастығы кеңейе түскенін атап өтті.

"Қазір Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қазақстанның өзге де облыстары Астрахан облысымен көптеген бағыт бойынша өзара тиімді кооперацияны жүзеге асыруда. Экономикалық белсенділіктің жаңғыруына орай шекара маңындағы сауда қарқыны біртіндеп қайта қалпына келіп жатқаны байқалады", - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Қазақстан мен Астрахан облысының арасын негізгі байланыстырушы ретінде Ресей бойынша ең көп тұратын сол жердегі қазақ диаспорасы маңызды рөл атқарып отыр.

Президент Астрахан қазақтарының тарихи отанымен рухани байланысын нығайтуына, ата-бабасының тілі мен мәдениетін сақтауына жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаны үшін Игорь Бабушкинге ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы қазақ халқының Бөкей хан, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова және басқа да ұлы перзенттерінің есімін Астрахан жерінде ұлықтап келе жатқаны үшін аймақ әкімшілігі мен тұрғындарына алғыс айтты.

51
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Әуежай, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда рекорд жаңартпақ болған жігіттің ұшақты сүйреуге күші жетпеді  

0
(Жаңартылды 11:36 31.07.2021)
Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін "Бомбардиер" ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда әлемдік рекордты жаңартпақ болған жігіттің ұшақты сүйреуге шамасы келмеді. 26 тонналық ұшақ ақыры орнынан тапжылған жоқ, деп хабарлады КТК.

Алмат Жұманов ұшақ сүйреуге тыңғылықты дайындалды. Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін "Бомбардиер" ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды.

Жаңа рекордты тамашалауға келген тілшілермен бірге Гиннесс кітабының  өкілдері де сертификатын ұстап әзір тұрған. Алайда қанша тырмысса да, ұшақты сүйрей алмай қойды. Рекорд ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Токиодағы спортшыларымызға арналмақ болған.

Бұған дейінгі рекорд Ресейде тіркелген, рекордшы 13 тонналық ұшақты сүйрепті. Ал 21 жастағы Алмат Жұманов бұған дейін 109 тонналық пойыз тартқан екен. Енді ұшақты қойып, Алматыда 300 тонналық пойызды сүйреп рекорд жаңартпақшы. Қазіргі көрсеткіш 276 тонна.  

"Бір-екі рет тартқан кезде күшім қалған жоқ. Сондықтан менде 4-5 мүмкіндік болды. Соңғысында күшім жетпей қалды. Бірінші, екіншісінде күшім сарқылды. Оның үстіне жері қисық екен. Жоғары шыққан кезде мені артқа лақтырып жіберді. Сондықтан бұл өте қиын болды", - дейді Алмат Жұманов.

0