Саясат

Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау туралы: алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр

© Photo : АкордаКасым-Жомарт Токаев встретился с вновь избранными акимами сел Акмолинской области
Касым-Жомарт Токаев встретился с вновь избранными акимами сел Акмолинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Тоқаев сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретінін атап өтті

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорда.

Президент ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.

"Шын мәнінде ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес. Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретініне тоқталды.

Президент әкімдердің сайлауалды жұмыстарына оң баға беріп, олардың қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев олардың халық сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенім білдірді.

Жиын соңында жаңадан сайланған әкімдер мемлекет басшысына өз бастамасын жүзеге асырғаны және еліміз бен ауыл игілігі жолында еңбек етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Қазақстанда 25 шілдеде ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткенін еске салып өтейік. 

Жаңалықтар
0