Саясат

Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

© Photo : Пресс-служба президента РККасым-Жомарт Токаев прибыл в Туркменистан
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Туркменистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуіне Қазақстан, Түрікменстан, Қырғзстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің мемлекет басшылары қатысады. Ол Каспий теңізі жағалауындағы "Аваза" ұлттық туристік аймағында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Жұма, 6 тамызда Тоқаев Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысады, деп жазды ол.

Сондай-ақ көршілес мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.

Одан бөлек саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.

Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуіне Қазақстан, Түрікменстан, Қырғзстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің мемлекет басшылары қатысады. Ол Каспий теңізі жағалауындағы "Аваза" ұлттық туристік аймағында өтеді.
Жаңалықтар
0