Саясат

Орман өрті басылар емес: Қазақстан Түркияға екі тікұшақ жіберді

© Photo : СС0 / skeezeАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2021
Жазылу
Түркияның әртүрлі өңірінде, соның ішінде курорттық аймақтарда орман өрті өршіп тұр

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстан Түркияға орман өртін сөндіру үшін екі тікұшақ жөнелтті.

Қазақстан президентінің тапсырмасымен төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" АҚ-ның суағар құрылғылары бар екі Ми-8 АМТ тікұшағын және 16 құтқарушыны орман өртін сөндіруге көмектесу үшін Түркияға жіберді.

"Тікұшақтар бүгін ұшып шықты және үш мемлекетке тоқтап, олардың шекарасы арқылы Түркияның Мугла қаласына жетеді", - деп мәлімдеді ТЖ министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Құтқарушылардың жергілікті түрік билігімен өзара іс-қимылын Қазақстанның Түркиядағы елшілігі үйлестіреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Қазақстан, сондай-ақ, өртенген аумақтардағы орман жамылғысын қалпына келтіруге гуманитарлық көмек көрсетуге де ниетті. Отырғызылған орман қазақ және түрік халықтарының арасындағы достық пен бауырластықтың символы болады.

Айта кетері, Түркияда соңғы бірнеше күнде орман өрті өршіп тұр. Тілсіз жаудан ең көп Мугла провинциясы зардап шеккен. Өрт кезінде Түркияның бірқатар өңірінде кем дегенде сегіз адам көз жұмды, жүздеген адам зардап шекті. Курортта демалып жатқан туристер қауіпсіз аймаққа көшірілді. Түркияға орман өртін сөндіруге біраз ел көмектесіп жатыр.

Жаңалықтар
0