Саясат

Тоқаевтың Корея басшысымен өткізген келіссөз нәтижесі жарияланды

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев прибыл в Южную Корею
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Южную Корею - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы кореялық әріптесіне коронавируспен күрес бойынша жасалған гуманитарлық көмек үшін де алғыс айтып, QazVac вакцинасы туралы ақпаратты бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті Мун Чжэ Инның резиденциясында кеңейтілген форматта келіссөз өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Тараптар қазақ-корей стратегиялық әріптестігін одан ары дамыту мәселесін жан-жақты талқылады. Соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның Азиядағы ең маңызды стратегиялық әріптес екенін ерекше атап өтті.

"Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикасына 6 миллиард доллардан астам корейлік инвестиция тартылған. Мен осыдан екі жыл сізге бұрын өзара байланыстарымызды арттыру үшін ауқымды жоба құру керек екенін айтқанмын. Қазір Қазақстанда кореялықтар қаржы салған 550 компания жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында Samsung, Hyundai, Lotto, Posko және тағы басқалары бар. Өте жақсы институционалды база қалыптасқан, үкіметаралық комиссия мен іскерлік кеңес жұмыс істеп жатыр", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы кореялық әріптесіне коронавируспен күрес бойынша жасалған гуманитарлық көмек үшін де алғыс айтып, QazVac вакцинасы туралы ақпаратты бөлісті.

Ал Оңтүстік Корея президенті пандемия басталғалы бері осындай жоғары деңгейдегі кездесуді ең бірінші Қазақстан басшысымен өткізіп отырғанын атап өтті.

"Сізді көп күткен аса қадірлі қонақ ретінде қарсы алғаныма қуаныштымын. Біздің кездесуіміздің Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Корей Республикасы тәуелсіздігінің 76 жылдығы қарсаңында өтіп жатқаны аса маңызды", – деді Мун Чжэ Ин.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Кореяның ұлттық батырлары, ел тәуелсіздігі үшін күрескен Ге Бон У, Хван Ун Дена және генерал Хон Бон Доның сүйегін тарихи Отанына жеткізуге ықпал еткені үшін өз ризашылығын да білдірді.

"Біздің халықтарымыздың тарихи байланысы сонау Ұлы Жібек жолынан тартып, кейінгі этникалық корейлерді Қазақстанға жер аударумен жалғасты. Біз Қиыр Шығыстан жер аударылып барған корейлерді өзінің ыстық құшағын жайып қарсы алған қазақ халқының кең пейілдігін ешқашан ұмытпаймыз, алғысымыз шексіз", – деп атап көрсетті Корея президенті.

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның Азиядағы ең маңызды стратегиялық әріптес екенін ерекше атап өтті
Тоқаевтың Корея басшысымен өткізген келіссөз нәтижесі жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның Азиядағы ең маңызды стратегиялық әріптес екенін ерекше атап өтті

Келіссөз қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының қатысуымен бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды. Олар:

  • Қазақстан мен Корея Республикасының бірлескен мәлімдемесі (ауызша қабылданды);
  • Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі мен Корея Республикасының Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі арасындағы мұрағат ісі саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Қазақстан Сауда және интеграция министрлігі мен Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасындағы су ресурстарын басқару саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Қызылорда облысы әкімдігі мен Корея Республикасының Ардагерлер мен патриоттар жөніндегі агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен Корея халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Жаңалықтар
0