Саясат

Қазақстан мен Ресей цифрландыру саласында меморандумға қол қойды

© Sputnik / Владислав ВодневВице-министр экологии Ахметжан Примкулов
Вице-министр экологии Ахметжан Примкулов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Келісімге екі елдің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысуымен қол қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан мен Ресей цифрландыру саласында меморандумға қол қойды.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Сбербанк басшысы Герман Греф Қазақстанды цифрландыру жобаларын жүзеге асыру саласындағы әріптестік бойынша келісім жасасты.

Құжатқа қол қою салтанатына бейне байланыс режимінде екі елдің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысты.

Меморандумға Шығыс экономикалық форумы аясында қол қойылды.

Жаңалықтар
0