Логотип избирательной кампании на выборах в Госдуму РФ

Қазақстан Ресейдегі сайлауға 10 бақылаушы жібереді

44
Қазақстан өкілдері ТМД және ШЫҰ байқаушылары миссияларының құрамында қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Ресейдегі парламент сайлауына жіберілетін байқаушылардың тізімін бекітті.

"Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы депутаттарының сайлауын байқауға ТМД-дан және ШЫҰ-дан байқаушылар миссияларының құрамында, сондай-ақ Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының 10 өкілі қатысады", - делінген ОСК-ның хабарламасында.

Делегация құрамына республиканың ОСК мүшелері, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері енді:

  • Әлжанов Болат Садықұлы
  • Дауылбаев Ерлан Сламханұлы
  • Жүндібаев Марат Қонысбайұлы
  • Қанатқалиев Серікқали Хабылғалиұлы
  • Мұрзалин Жанболат Ибраимұлы
  • Мұстафина Сәбила Сапарқызы
  • Петров Константин Викторович
  • Тұрсынбаев Ілияс Қайратұлы
  • Хозеұлы Еділ
  • Щегорцова Анастасия Геннадьевна

Еске сала кетейік, сайлау 2021 жылдың 19 қыркүйегінде өтеді. 450 депутат сайланады, оның ішінде 225 депутат бір мандатты округтер бойынша сайланады (бір округ - бір депутат) және 225 депутат федералдық сайлау округі бойынша кандидаттардың федералдық тізімдеріне берілген сайлаушылар дауыстарының санына пропорционал түрде 5 жыл мерзімге сайланады.

44
Архивтегі сурет

Президент БҰҰ-да Қазақстандағы құрғақшылық туралы айтты

18
Мемлекет басшысы Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейтінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының жалпы дебаттарында климат дағдарысы туралы айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы көмірқышқыл газдың өте жоғары деңгейіне, ормандардың өртке орануы, циклондар, су басу мен құрғақшылық адамдарға апат алып келетін қалыпты жағдайға айналып отырғанын атап өтті.

"Теңізге шығатын жолы жоқ ірі мемлекет болып саналатын Қазақстанның климаты тез өзгеріп жатыр, сонысымен халқымыз бен экономикамызға қауіп келтіруде. Соңғы 75 жылдың ішінде жылдық орташа температура 2 градуска жылынып, қазіргі уақытта әр бес жыл сайын қуаңшылық болып келеді. Осыған байланысты Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейді. Келесі айдан бастап біз 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда ішкі жалпы өнімнің энергия шығынын 50 пайызға азайтуға бағытталған 2050 жылға дейін көміртегі аз ұлттық стратегияны дамытуды бастаймыз", – деді президент.

Еске салсақ, биыл Қазақстан өңірлерінде құрғақшылықтан жем-шөп тапшылығы туындады. Әсіресе, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарының фермерлері қиын жағдайға тап болды. Маңғыстауда жем-шөптің жоқтығынан 3 мыңға жуық мал қырылған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев әлем бетпе-бет келіп отырған үш бірдей сын-қатерді атады

Ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшылар жыл соңына дейін қазақстандықтар үш миллионға жуық малынан айырылады деп болжап отыр. Алайда ауыл шаруашылығы министрлігі мұндай пессимистік болжаммен келіспейді және ауыл халқына көмектесу үшін барлық шараны қабылдайтынына сендірді.

Оқи отырыңыз: 

18
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев әлем бетпе-бет келіп отырған үш бірдей сын-қатерді атады

498
Мемлекет басшысы биыл 270 миллион адам азық-түлік тапшылығын сезінетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының жалпы дебаттарында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы өз сөзінде әлем бетпе-бет келіп отырған үш бірдей сын-қатерге назар аудартты. Олар: COVID-19 пандемиясынан кейін қайта қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай, деп хабарлайды Ақорда.

"Экономикалық және әлеуметтік салдары әлі де ауыр болып отыр. Жұмыссыздық белең алып, миллиондаған адам күнкөріс табысынан айырылды. Қазіргі таңда 130 миллионнан астам адам кедейлікке тап болып отыр. Даму саласындағы ілгерілеуге кеткен талай жылдар құрдымға кетуі мүмкін", - деді Тоқаев.

Президент "біз барынша әділ, орнықты әрі гуманистік әлем қалыптастыруға міндеттіміз. Вакцинаға қолжетімділіктің жалпыға ортақ әрі әділ қағидасын қамтамасыз етуден бастау қажет. Бұл мәселені шешуде жаһандық этика мен ниеттестікті басшылыққа алған жөн" деп атап өтті.

Ол вакциналарға жаһандық қолжетімділікті барынша әрі тез кеңейтуді ұсынып, вакциналармен екіжақты негізде немесе COVAX жүйелері арасында бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Ауғанстан жағдайына тоқталған мемлекет басшысы келіссөздер өткізу арқылы инклюзивті және сайланған жаңа үкімет құру жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің үндеуін құптайтынын айтты.

Оқи отырыңыз: "Еңбек даулары өршіп тұр": президент Маңғыстау халқын жұмыспен қамту мәселесін көтерді

"Қазақстан Ауғанстанның болашақта өз ішінде бірлігі жарасқан және көршілерімен тату тұратын тәуелсіз әрі егемен мемлекет болғанын қалайды. Ауғанстан өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауды жалғастырып, ел аумағын террористер, есірткі тасымалдаушылар мен адам саудасымен айналысатындардың ошағына айналдырмауы тиіс. Өзіміздің саяси немесе жеке пікірлерімізге қарамастан, ауған халқының тағдырына бей-жай қарай алмаймыз. Ауғанстандағы ауыр гуманитарлық жағдайға баса мән беруіміз қажет. БҰҰ мекемелері мен басқа да гуманитарлық ұйымдарға жылдам, қауіпсіз әрі кедергісіз гуманитарлық қолжетімділік берілуі тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы және БҰҰ-ның Ауғанстандағы басқа да бөлімшелерін дер кезінде көшіріп алды. Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін тасымалдау алаңын ұсынуға және қомақты үлес қосуға дайын екеніміз туралы да айтты.

Президент БҰҰ-ның күн тәртібіндегі басқа да бірқатар маңызды мәселелерді көтеруге ниетті екенін, соның ішінде қарусыздау саласындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін алға тартты. Қазақстан ядролық қаруы бар мемлекеттерді Біріккен Ұлттар Ұйымының 100 жылдығы қарсаңында, яғни 2045 жылға дейін ядролық қарудан толық бас тартуға үндейді.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметіне сүйеніп, биыл 270 миллион адам азық-түлік тапшылығын сезінетінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Тоқаев азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды

"Қазақстан – ірі бидай өндіруші және экспорттаушы ел. Сондай-ақ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының негізін қалаушылардың бірі. Оның төртінші Бас ассамблеясы өткен айда елордамызда өтті.  Біз орнықты ауыл шаруашылығының жарқын болашағы үшін шетелдік инвесторларды өзімізге шақырамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

498
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
портфель ұстаған адам

"Айына 643 мың теңге алады": сенатор мәслихат басшыларының жалақасын жариялады

20
(Жаңартылды 11:36 23.09.2021)
Сондай-ақ сенат депутаттары тексеру комиссия мүшелерінің жалақысын көтеру керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Сенаторлар жергілікті мәслихат хатшылары мен тексеру комиссияларының мәртебесін ғана емес, жалақысын да көтеруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, бұл мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Бірақ әлі күнге дейін шешілген жоқ.

"Біз өңірлерге іс-сапармен шыққанда жергілікті мәслихаттардың мәртебесін көтеру бойынша әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екеніне куә болдық. Атап айтқанда, үкіметтің 2021 жылғы маусымдағы қаулысына орай, жергілікті деңгейде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі еседен артық көтерілген. Алайда барлық деңгейдегі мәслихат хатшыларының еңбекақысы сол бұрынғы қалпында қалып қойды. Ондай жағдай 2016 жылы да болған", - деді Бақтиярұлы сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда ол мәслихат хатшыларының жалақысын да жариялады.

Оның айтуынша, аудандық деңгейдегі мәслихат хатшысы аудандық мәслихат аппарат басшысынан екі есе, ал бөлім басшысынан 50 процентке төмен жалақы алады.

"Мысалы, Қызылорда облысында аудандық деңгейде мәслихат хатшысы 200 мың теңге, ал мәслихаттың аппарат басшысы 453 мың теңге, бөлім басшысы 302 мың теңге алады. Ал облыстық деңгейде мәслихат хатшысы 467 мың теңге, мәслихаттың аппарат басшысы 634 мың теңге, ал бөлім басшысы 400 мың теңге жалақы алады. Мәслихат хатшыларының аппарат қызметкерлерінен төмен жалақы алуы лауазымдық иерархия қағидаларының сақталмауына әкеліп соғуда", - деп атап өтті Бақтиярұлы.

Сондай-ақ сенат депутаттары тексеру комиссия мүшелерінің жалақысын көтеру керек деп санайды.

"Тексеру комиссиялары төрағаларының жалақысы тек 33 процентке, тексеру комиссиясы мүшелерінің жалақысы 17 процентке ғана көбейді. Ал басқа мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі немесе одан көп есеге өсті. Бұл ретте тексеру комиссиясының мүшелері өз өкілеттіліктеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдарының жұмысына баға беріп, тиімділігінің тәуелсіз қорытындысын әзірлейтінін атап өткен жөн", - дейді Бақтиярұлы.

Бұдан бөлек, сенаторлар мәслихаттарға қол жинау және петиция жасау құзіретін беруді ұсынды.

Олар үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, мәслихат хатшылары мен тексеру комиссияларының мәртебесін ғана емес, жалақысын да көтеруді сұрады.

Оқи отырыңыз: 

20
Кілт сөздер:
жалақы, сенатор, мәслихат
Тақырып бойынша
Аймағамбетов мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесі өзгеретінін мәлімдеді
Министр қай өңірде орташа жалақы 321 мың теңгеге дейін өсетінін айтты
Ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі – жолдау
2022 жылы зейнетақы мен ең төменгі жалақы қанша болады