Саясат

Тәжікстанда Тоқаевтың қатысуымен ҰҚШҰ саммиті басталды

© Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуФлаги стран-участниц ОДКБ
Флаги стран-участниц ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Қазақстан президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Душанбеде ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларының отырысы басталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отырысқа тікелей қатысып отыр.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон отырысты ашқан кезде Тәжікстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы ұжымдық қауіпсіздік аймағы төтенше сын-қатерлерге тап болған кезеңмен тұспа-тұс келгенін айтты.

"Дегенмен Тәжікстан ҰҚШҰ бойынша әріптестерінің қолдауы арқылы төрағалық қызметін дәйекті түрде атқарды", - деді ол.

Рахмонның айтуынша, сол аралықта саяси өзара іс-қимылды жоғарылату, сыртқы саяси ұстанымдарды үйлестіру қамтамасыз етілді.

"Біз күн тәртібіндегі халықаралық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша өтініштерді қабылдауды жалғастырамыз", - деді ол.

Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысып отыр.

15 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына барды.

Қазақстан президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысатыны хабарланды.

Жаңалықтар
0