Саясат

Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен босатылды

© Sputnik / Владислав ВодневҒабидолла Әбдірахымов
Ғабидолла Әбдірахымов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Жазылу
Ол қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Үкімет қаулысымен Ғабидолла Әбдірахымов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, "Болашақ" бағдарламасы бойынша неміс жоғары мемлекеттік басқару мектебінде оқыған, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тағылымгер-оқытушы болып бастаған. 1999-2008 жылдары мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.

2008-2015 жылдары премьер-министрі кеңсесінің, президент әкімшілігінің құрылымдарында жұмыс істеді, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болды. 2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0