ауғандықтар, архив сурет

Қазақстанның ауған халқына қандай көмек көрсететіні белгілі болды

82
(Жаңартылды 21:35 06.10.2021)
Мемлекет басшысы Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосқан үлесі туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 2,5 мың тонна астық жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілеріне Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі кезінде айтты, деп хабарлады Ақорда.  

Президент рәсім кезінде Ауғанстандағы жағдайға да тоқталып, осы елдің жаңа билігін зорлық-зомбылықты, заңсыз есірткі тасымалын және бақылаусыз көші-қонды болдырмау жөніндегі міндеттерін орындауға шақырды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы елшілерге Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосқан үлесі туралы айтты.

"Ауған халқына гуманитарлық көмек ретінде құны 2,5 миллион доллар болатын 5 мың тонна бидай ұнын жеткізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Мұндай көмек аталған елге тұрақты түрде беріліп отырады", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттері мен үкіметтерінің басшыларына сәлемін жолдады.

Айта кетері, Ауғанстан екі айға жуық уақыт бойы Талибан* қозғалысының бақылауында отыр. Бұл Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған экстремистік діни ұйым. Көптеген ел өз азаматтарын эвакуациялады, оның ішінде Қазақстан да бар.

Оқи отырыңыз:

82
Кілт сөздер:
Ауғанстан, Қасым-Жомарт Тоқаев, гуманитарлық көмек, ұн
Тақырып бойынша
Ауғанстан азаматтарына шекараны кесіп өтуге көмектескен қазақстандық ұсталды
Тәжікстан мен Ауғанстан әскери күштерін шекараға тарта бастады
Президент QazVac жайлы: Ауғанстан және басқа да мұсылман елдеріне жібереміз
Ауғанстан жаңа билігі көрші елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға ниетті
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия корольдігіне ресми сапармен барды

Тоқаев Бельгияға ресми сапармен барды

82
(Жаңартылды 19:33 25.11.2021)
Қазақстан президенті Бельгия Королі Филиппен жүздесіп,  Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия корольдігіне ресми сапармен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік сапары аясында Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.  

"Бүгін Қазақстан президенті Бельгия королі Филиппен жүздесіп, премьер-министр Александр Де Кроомен және Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді", - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Оқи отырыңыз: 

82
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ақорда ғимараты (сол жақта)

Мемлекет басшысы Даниал Ахметовке тапсырма берді

50
(Жаңартылды 11:44 25.11.2021)
Кездесу барысында ШҚО-да ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Әкім мәліметі бойынша 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есе арттыру көзделген

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Өңір басшысы Тоқаевқа өңірдің биыл он ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді.

Облыс әкімінің айтуынша, халыққа вакцина салу жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Вакцина алуға тиісті тұрғындардың 100 проценті екпенің бірінші компонентін алған, ал екінші компонентін 7 желтоқсанға дейін салу жоспарланған.

Кездесу барысында облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Даниал Ахметовтің мәліметі бойынша 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есе арттыру көзделген.

Президентке жақында ашылған "Үлбі-ТВС" зауытының жұмысы туралы баяндалды. Кәсіпорында жылу энергиясын алуға арналған инженерлік құрылымдар шығарылады және 140 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауытта жылына 200 тонна уран отыны өндіріледі.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне жылыту маусымы кезінде қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қадағалап, тұрғындарды көмірмен қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру жұмысын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Оқи отырыңыз: 

50
Кілт сөздер:
мемлекет басшылары, Даниал Ахметов
Тақырып бойынша
Тоқаев кредитін төлей алмай қалған тұрғындар мәселесін көтерді
Даниал Ахметов Семейдің бас полицейіне қатысты жанжал туралы айтты
ШҚО-да көмір кезегінде тұрған ер адам жұртты дүрліктірді
Полиция бөліміндегі адам өлімі: Даниал Ахметов ауыл тұрғындарымен кездесті
Тоқаев мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін қайта бөлу туралы заңға қол қойды
далада сауда-саттық жүргізіп отырғандар

Сатушыларға заңсыз айыппұл салған 87 полицей жазаланды Бас прокуратура

319
(Жаңартылды 16:27 27.11.2021)
Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда-саттық жасағандарды қандай жағдайда жазалауға болмайтынын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Белгіленбеген жерде сауда жүргізгендерге заңсыз айыппұл салған полицейлер мен әкімдік қызметкерлері жазаланды.

Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда жүргізгені үшін бизнес және азаматтарды жазаға тартудың негізділігін зерделеген. Олардың көбінесе заңсыз жауапқа тартылғаны анықталды.

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, сауда үшін арнайы орындар анықталған кезде ғана жауапкершілік белгіленеді.

"Оларды облыстық, қалалық және аудандық әкімдер анықтайды ("Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 27, 31-баптары). Алайда, көптеген өңірде мұндай орындар болған жоқ, бірақ адамдарға 12-ден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынды", - дейді ол.

Мысалы, Жезқазған қаласында сауда орны белгіленбеген, бұған қарамастан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның қолға алған шаралары бойынша 38 іс тоқтатылып, қалада сауда орындары анықталған.

Еліміздің басқа өңірінде – Ақмола облысының Зеренді ауданында прокурордың актісі бойынша сауда орындары анықталды. Жауапқа тарту туралы 26 заңсыз қаулының күші жойылды.

Жалпы прокуратураның шаралары бойынша 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік іс тоқтатылды, әкімдіктердің шешімімен еліміздің барлық өңірінде 4126 сауда орны анықталды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр.

Олқылыққа жол берген 87 полицей мен 26 әкімдік қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бас прокуратураның бастамасымен Сауда және интеграция министрлігі осы мәселені бақылауға алды.

319
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда рөлде ұйықтап кеткен полицей жол апатын жасады
150 мың теңге сұраған: көлікті себепсіз тоқтатқан екі полицей жұмыстан қуылды
Сыртынан жауып кеткен: полицей әйел өрт шыққан пәтердегі төрт баланы құтқарды
Коронавирустан 34 полицей қайтыс болды – Тұрғымбаев