Ақорда ғимараты

Мемлекет басшысы 10 ұлттық жобаны бекітті

220
(Жаңартылды 17:51 13.10.2021)
Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді. Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев он ұлттық жоба бекітті, деп хабарлайды Ақорда.

"Үкімет заңнамада белгіленген тәртіппен ұлттық жобаларды бекітсін. Осы жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын", - делінген құжат мәтінінде. 

Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді. Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық жобалар тізбесі

  1. "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы.
  2. "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы.
  3. "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасы.
  4. "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы.
  5. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
  6. "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы.
  7. "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы.
  8. "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы.
  9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
  10. "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы.

Кеше, 12 қазанда үкімет мемлекеттік органдар әзірлеген ұлттық даму жобаларын қараған болатын. Мемлекет басшысы 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берді. Ұлттық жобалар Жалпыұлттық басымдықтарды, Ұлттық даму жоспарын және Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.

Ұлттық жобалардың басым міндеттері - экономика тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі күшейту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Премьер-министр ұлттық жобаларды бюджет қаражаты мен жеке инвестиция есебінен қаржыландыру көзделгенін айтты.

Ұлттық жобаларды қаржыландыруға 49 триллион теңге жұмсау жоспарланған. Оның 33 триллионы, яғни 67%-і - жеке инвестиция.

220
Кілт сөздер:
мемлекет басшылары, ұлттық, жоба
Тақырып бойынша
Ұлттық жобалар халықтың тұрмысын жақсартуға тиіс – Тоқаев
Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға шала жұмыстар кесірін тигізбеу керек – президент
Тоқаев Назарбаевты ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды
Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады
Қазақстан экономикасы қазір қандай күйде
Қазақстан делегациясы Кабулға жұмыс сапарымен барды

Қазақстан делегациясы Кабулға жұмыс сапарымен барды

96
Арнаулы өкіл Қазақстанның БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, Ауғанстан халқына жеткізілетін гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту мақсатында қабылдап жатқан шаралары туралы  айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан — Sputnik. Қазақстан президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабулға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.

Казахстанская делегация встретилась с представителями властей Афганистана
© Официальный сайт Президента РК
Сапар аясында Ержан Қазыхан Ауғанстанның қазіргі әкімшілігінің өкілдерімен кездесу өткізді

Сапар аясында Ержан Қазыхан Ауғанстанның қазіргі әкімшілігінің өкілдері Абдул Ғани Барадар және Амир Хан Мутаккимен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның ауған халқына көрсетіп жатқан гуманитарлық көмегі мен сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

"Еліміздің делегациясының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жеткізілгенін атап өтті. Сондай-ақ Ержан Қазыхан Қазақстанның ауған тарапына отандық QazVac вакцинасын беру туралы ұсынысын жеткізді", - делінген ақпаратта.

Арнаулы өкіл Қазақстанның БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, Ауғанстан халқына жеткізілетін гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту мақсатында қабылдап жатқан шаралары туралы  айтты.

Ауған тарапы көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғыс білдіріп, Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге еліміздің елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

Тараптар дәстүрлі сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіруге және ауған студенттері үшін Қазақстанда білім беру бағдарламаларын жалғастыруға қызығушылық танытты. Ауған тарапы қазақстандық вакцинаны жеткізу туралы ұсынысты да зор ықыласпен қабылдады.

Казахстанская делегация посетила с рабочим визитом Афганистан
© Официальный сайт Президента РК
Ауған тарапы көрсетілген гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс білдірді

Сонымен қатар Ержан Қазыхан БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдем беру жөніндегі миссиясының басшысы Дебора Лайонспен кездесті. Кездесуде осы елдегі гуманитарлық және азық-түлік дағдарысын еңсеруде Қазақстан мен БҰҰ-ның өзара ынтымақтастығын кеңейту мәселелері қарастырылды.

96
Кілт сөздер:
Қазақстан, жұмыс сапары
Тақырып:
Ауғанстандағы жағдай
Тақырып бойынша
"Ауғанстанда көп қазақ қалды": атажұртқа оралған қандастар нені түсінгенін айтты - видео
Ауғанстаннан қашқан жұлдыздар мен танымал тұлғалар – фото
Ауғанстанда ұшаққа жармасып елден кетпек болған адамдар биіктіктен құлап кетті – видео
Ауғанстандағы ахуал: Ресейдің бас прокуроры Қазақстанға келді – видео
Ауған босқындары посткеңестік елдердің барлығына қауіп төндіреді – Климов
Кабул

Тоқаевтың арнаулы өкілі Ауғанстанға не үшін келді

83
(Жаңартылды 14:27 17.10.2021)
Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесе отырып, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтасуға ниетті

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Қазақстан республикасы президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасаөз қызметі хабарлады.

"Сапар барысында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланады", - делінген хабарламада.

Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесе отырып, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтасуға ниетті.

Оқи отырыңыз: 

83
Кілт сөздер:
Ауғанстан, гуманитарлық көмек, Қазақстан
Тақырып бойынша
Ауғанстан мектебінде жарылыс болды - зардап шеккендер бар
Президент QazVac жайлы: Ауғанстан және басқа да мұсылман елдеріне жібереміз
Тәжікстан мен Ауғанстан әскери күштерін шекараға тарта бастады
Ауғанстан азаматтарына шекараны кесіп өтуге көмектескен қазақстандық ұсталды

Әлемдегі ең ұзын әйелдер 10 таңғажайып фото

0
(Жаңартылды 18:18 20.10.2021)
  •  Эрика Эрвин
Аяқ-қолы да жіптіктей бойшаңдарға әркез қызыға қарайтындар көп. Бойы ұзын қыз-келіншек көпшілік ортада өзіне көз тартып, елдің сүйсінуіне себеп болатыны сөзсіз

Бірақ мұндай сұлулықтың кері тұсы да бар. Яғни, шамадан тыс ұзын бой қолайсыздық тудыратын сәттер де болады. 

Мына супермодельдер, актрисалар, спортшылар – екінің біріне бұйырмаған ұзын бой иелері. Біздің суреттердегі қыз-келіншектің көбі бой көрсеткіші бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Олардың қатарында түркиялық Румейса Гельги, бразилиялық Элисани-да-Крус Сильва мен супермодель Эрика Эрвин бар.

Талайды таңғалдыратын ұзын бойлы арулар туралы толығырақ суреттер топтамасынан көре аласыз.

Оқи отырыңыз: 

 

 

0
  • © REUTERS / Cagla Gurdogan

    Румейса Гельги ең ұзын әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы 215,16 сантиметр. Бұл аномалия Уивер синдромынан туындаған. Ол арнайы құралдың көмегімен ғана қозғалады. Қазір Румейса 24 жаста. Ол Түркияда, Карабюк провинциясында тұрады. Суретте: Румейса Гельги анасы Сафие Гелгимен бірге өз үйінің алдында тұр, 2021 жылдың 14 қазаны.

  •  Эрика Эрвин
    © AP Photo / Tonya Wise

    Модель, актриса және тележүргізуші Эрика Эрвин. Ол әлемдегі ең ұзын супермодель. Эрика да Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы - 203 сантиметр.

  • Бразилиядағы ең ұзын бойдың иесі Элисани-да-Крус Сильва. Оның бойы - 203 сантиметр. Сильваның өзінен бір жарым метрге аласа сүйген жігіті бар. Махаббат бойға да қарамайтынына көз жетті. Ғашықтардың ерекше суреті бүкіл әлемге тарап кетті.

  • © AFP 2021 / LARRY BUSACCA

    Америкалық актриса Линдсей Хейворд ұзын бойымен (2,03 метр) ғана емес, физикалық күшімен де белгілі. Ол реслингпен айналысады және қажет болса ересек ер адамды лақтырып жібере алады.

  • © Sputnik / Evgeny Biyatov

    Ресейлік баскетболшы Мария Степанованың бойы 2,03 метрді құрайды.

  • © AP Photo / PHIL MEYERS

    Сэнди Аллен - әйгілі америкалық цирк және кино актрисасы. 2009 жылы қайтыс болғанға дейін ол әлемдегі ең ұзын әйел болып саналды. Оның бойының ұзындығы 2,32 метр болды.

  • © Sputnik / Роман Кручинин

    Ресейдің танымал волейболшысы Екатерина Гамова. 11 жасында оның бойы 172 сантиметр болды, қазір - 2,02 метр.

  • © AFP 2021

    Азиядағы ең ұзын әйел - Қытай тұрғыны Яо Дефэн. Оның бойы – 2,3 метр. Бұл суретте Яо Дефэн бойының өсуін тоқтату бойынша ем қабылдаған Гуанчжоу қаласындағы Санджиу госпиталінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғыс білдіріп тұр. Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы 2012 жылы 40 жасында дүниеден өтті.

  • © AFP 2021 / Ethan Miller / Getty Images

    Америкалық баскетболшы Бритни Грайнердің бойы 2,06 метр.

  • © Sputnik / Ramil Sitdikov

    Ресейлік баскетболшы Екатерина Лисина өзінің бойымен (2,1 метр) ғана емес, сонымен қатар ұзын аяқтарымен (1,32 метр) бүкіл әлемге танымал. Ол осының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Кілт сөздер:
фото, әйелдер