Саясат

Тоқаев Маминге Шотландияға баруды тапсырды

CC BY-SA 2.0 / Benutzer: Nicolas17 / Шотландия
 Шотландия - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Жазылу
Іс-шараға 200-ге жуық елден делегат келуі мүмкін. Олар климаттың одан әрі өзгеруі мен климат әсерін азайту жөніндегі шараларды талқылайды.

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге Шотландияға баруды тапсырды. Премьер-министр ол жақта БҰҰ негізгі конвенциясына қол қойған елдер конференциясының кезекті сессиясына қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-пинистр Асқар Маминге COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысатын Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды",- деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді. Климаттың өзгеруіне байланысты БҰҰ конференциясының 26-сессиясын Ұлыбритания мен Италия 2021 жылдың 31 қазан – 12 қараша аралығында Глазгодағы Шотландия конгресс-орталығында ұйымдастырады.

Іс-шараға 200-ге жуық елден делегат келуі мүмкін. Олар климаттың одан әрі өзгеруі мен климат әсерін азайту жөніндегі шараларды талқылайды.
Іс-шара бастапқыда 2020 жылдың қарашасында өткізілуі керек еді, алайда коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0