Саясат

Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

© Sputnik / Владислав ВодневСовместное заседание палат парламента, архивное фото
Совместное заседание палат парламента, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Ол туризм және спорт министрі, елорда әкімі, мәжілістің бесінші шақырылым депутаты, президенттің іс басқарушысы, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы қызметтерін атқарды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Мәжілісмендер 1 қарашада дүниеден озған мемлекет және саяси қайраткер Темірхан Досмұхамбетовті бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бірінші қарашада белгілі мемлекет және саяси қайраткер, танымал тұлға, парламент мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты Темірхан Досмұхамбетов өмірден өтті. Темірхан Мыңайдарұлы Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына, туризм және спорт саласының өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты. Парламент депутаты болып, Қазақстанның заң саласының қалыптасуына да зор ықпал етті. Қай жерде, қай қызметте болмасын, жұмысын абыроймен атқарған жұлдызы жоғары ардақты азамат болды", - деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Мәжілісмендер марқұмның отбасына және барша жақындарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. Осыдан кейін депутаттар Темірхан Досмұхамбетовті бір минут үнсіздікпен еске алды.

Темірхан Досмұхамбетов 73 жасқа қараған шағында 1 қараша күні дүниеден өтті.

Ол 1949 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Туризм және спорт министрі, елорда әкімі, мәжілістің бесінші шақырылым депутаты, президенттің іс басқарушысы, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы қызметтерін атқарды.

Жаңалықтар
0