Саясат

Назарбаев Nur Otan-нан кетеді: Үкібай Елбасының шешімін түсіндірді

© AP Photo / Alastair GrantНурсултан Назарбаев
Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2021
Жазылу
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Назарбаев бәрібір де Ұлт көшбасшысы болып қала беретінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаев неге Nur Otan партиясы төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын түсіндірді.

"Атқаратын лауазымдары мен құқықтарына қарамастан Нұрсұлтан Әбішұлы ұлтымыздың көшбасшысы – Елбасы, қазіргі заманның көрнекті саясаткері, әлем қауымдастығы мойындаған беделді тұлға болып қала беретінін ұғыну керек", - деп мәлімдеді Үкібай.

"Қазіргі Қазақстанның бастауында тұрған, өз еліне жанын салып, бар ғұмырын арнаған адам әрқашан халық мүддесін ойлап, ұлт пен елдің болашағына алаңдайтынын бәрі түсінеді деп ойлаймын. Елбасының бұл ұстанымы өзгермейді", - деді ол.

Үкібайдың айтуынша, бүгінгі шешім – билік транзитінің қисынды жалғасы ғана.

"Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Nur Otan партиясы Қазақстан президентінің басты тірегі болуға тиіс. Әсіресе, пандемиядан болған жаһандық дағдарыс жағдайында", - деді баспасөз хатшысы.

Партия жарғысына сәйкес, төрағаны сайлау және қызметінен босату Nur Otan партиясы съезінің ерекше құзыретіне кіреді.  

"Оған дейін Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасы болып қала береді", - деп түйіндеді сөзін Үкібай.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін Тоқаевқа береді

Бұған дейін Қазақстанда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша партияны енді президент Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратыны белгілі болды.

Nur Otan – Қазақстанның жетекші саяси партиясы. 1999 жылы негізі қаланған. Партияны ұзақ жылдар бойы Нұрсұлтан Назарбаев басқарды.

2019 жылдың 19 наурызында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардың эфирінен үндеу жасап, отставкаға кететінін мәлімдеді. Десе де ол президент ретінде өкілеттігін тоқтатқанымен, Қауіпсіздік кеңесі мен "Nur Otan" партиясын басқара беретінін айтты. Бұған қоса Елбасы күні бүгінге дейін Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы қызметін де атқарды.

2021 жылы 28 сәуірде Елбасының ҚХА басшысы қызметінен кететіні хабарланды.

Жаңалықтар
0