Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев өзінің арманы туралы айтты

0
(Жаңартылды 08:25 02.12.2021)
Елбасы Нұр-Сұлтан қаласының болашақтағы келбетін қалай елестететінін айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданың 20-30 жылдан кейінгі келбетін қалай елестететінін айтып берді.

"Арман болмаса, өмір сүру қиын. 20-30 жылдан кейін Нұр-Сұлтан 3-4 миллион адам тұратын үлкен қалаға айналады. Қала әлемдегі ең ірі қалалардың қатарына қосылады", - деді Елбасы "Қазақстан" телеарнасында көрсетілген "Тұңғыш" фильмінде.

Назарбаев елорданың Азия мен Еуропа арасындағы ең ірі қалаға айналғанын армандайды.

Елбасы қалада (Нұр-Сұлтанда) өзеннің болуы әрдайым ұнағанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл ерекше мәнге ие.

"Жайықтың жағасында Атырау тұр, ол уақытта өте жүдеу еді. Қызылорда Сырдарияның бойында орналасқан – ол жақтың жағдайы өте нашар, экология. Ал Нева бойындағы Санкт-Петербург, Мәскеу өзенінің жағасындағы Мәскеу секілді елорданың өзен бойында тұруы – бұл ерекше айқын көрініс. Қазақстанда ортасынан өзен ағып жатқан жалғыз қала. Қазақстанның салыстырмалы орталығы", - деп түйіндеді Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

0
Кілт сөздер:
арман, Назарбаев
Портфель

Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті

0
(Жаңартылды 15:28 16.01.2022)
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары әкімнің митингке шыққан халықпен кездеспегені туралы жазды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Қайрат Оразбаев Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оразбаев өз еркімен кету туралы өтініш жазған. Соның негізінде облыс әкімі оны 14 қаңтардан бастап қызметінен босаттты. Қазіргі кезде оның орынбасары Жұмабек Қаражанов әкімнің міндетін атқарып жатыр. 

Бұған дейін Атырау әкімінің 31 желтоқсанда еңбек демалысына шыққаны туралы ақпарат тарады. Ал 10 қаңтарда оны жұмысқа шақырып алған. Сол кезде қалада және басқа да аймақтарда наразылық акциялары өтті.

Артынан Оразбаев денсаулығына байланысты тағы демалыс алып кеткен. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары оның митингке шыққан халықпен кездеспегені туралы жазды. Сол үшін сынға ұшырады. 

Оразбаев қала әкімі қызметінде бір жылдай жұмыс істеді. Бұған дейін мұнай-газ компанияларында басшы қызметтер атқарды.

0
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері

Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

0
(Жаңартылды 13:48 14.01.2022)
Қырғызстан президенті қысқа мерзімді демалыстан шықты, мемлекет басшылары Қазақстандағы жағдай мен бауырлас мемлекеттің қиын-қыстау кезінде көрсеткен қолдауын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан президенттері ҰҚШҰ контингентінің Қазақстанға кіргізілуімен байланысты жағдайды талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз әріптесі Садыр Жапаровқа Алматы мен басқа қалаларда болған қайғылы оқиғалар кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар ол ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің елден шығарыла бастағаны жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды президент Жапаровтың сайты.

Қырғызстанның ҰҚШҰ контингентіне кірген "Скорпион" арнайы жасақ бөлімшесі Қазақстанда ешқандай проблемаға тап болмаған.

"Қазақстанда қызмет атқару кезінде ешқандай оқиға тіркелген жоқ", - деп мәлімдеді Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиев бітімгерлер отанына оралған соң.

Ташиевтің айтуынша, барлық әскери қызметкер мен техника Қырғызстанға аман-сау оралды.

Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлік миссиясына Қырғызстаннан 150 әскери қызметкер мен 20 бірлік техника қатысты. Олар Алматыда стратегиялық нысандарды күзетті.

0
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҰҚШҰ
Кумтор Голд Компани атқарушы директоры Қанат Құрманов

Қазақстандық Қырғызстандағы Құмтор кен орнына атқарушы директор болып барды

0
Жаңа директордың тау-кен өндіру саласында жиырма жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол пайдалы қазбаларды байыту жөніндегі инженер

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық маман Қанат Құрманов "Құмтор голд компани" атқарушы директоры қызметін атқарады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қанат Құрмановты кен орнының жаңа басшылығы шақырған.

Сондай-ақ ол өзі жайлы әңгімелеп берді.

"Мен Ыстықкөл облысы Тоң ауданы Боконбаево ауылында тудым. Үш жасқа толғанда, ата-анам Қазақстанға көшті. Әкем — қырғыз, анам — қазақ. Бүгінде мен Қазақстан азаматымын. Жаңа басшылық кен орнында сыртқы басқару енгізілген соң, мені шақырды. Менің мамандығым — пайдалы қазбаларды байыту жөніндегі инженер. Жоғары оқу орнын 2006 жылы тәмамдадым, алайда өндірістік кәсіпорындарда 2003 жылдан бері қызмет етемін", - деді Құрманов.

Айтуынша, оның тау-кен өндіру саласында 20 жыл, ал Қазақстандағы тау-кен байыту фабрикасында 18 жыл жұмыс тәжірибесі бар.

Оқи отырыңыз: 

Асқар Ақаев Қырғызстанға ұшып келді

Қуғынға ұшыраған президенттер: Атамбаевқа дейінгі басшылар қайда жүр?

0
Кілт сөздер:
Қырғызстан, кен орыны