Көлік

Алматыға жоғары лауазымды шенеунік келді кортеж бен тікұшақ видеосы

13786
(Жаңартылды 14:07 12.01.2022)
Sputnik Қазақстан тиісті органдаға сұрау салды. Алматыға кімнің және не үшін келгені әзірше белгісіз

АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласына жоғары лауазымды шенеунік келді. Sputnik Қазақстан тілшісі кортежді видеоға түсіріп алды.

Кортеждің алдында және артында броньдалған джиптер жүр. Төбесінде арнайы құрылғылар көрінеді. Ал аспанда тікұшақ ұшып жүр. Қалаға келген қонақтың қауіпсіздігі үшін барлық шаралар қолға алынған.

Sputnik Қазақстан тиісті органдаға сұрау салды. Алматыға кімнің және не үшін келгені әзірше белгісіз.

Сейфуллин даңғылында кортеж жүріп өткен соң көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қала көшелерінде қару асынған арнайы жасақ тұр. Автобустар қатынасы тоқтаған жоқ.

  • Алматыда кортеж жүріп өту үшін көшелер уақытша жабылған
    Алматыда кортеж жүріп өту үшін көшелер уақытша жабылған
    © Sputnik / Айгерим Таубай
  • Кортеж төбесінде тікұшақ ұшып жүр
    © Sputnik / Айгерим Таубай
  • Полицейлер жүргізушілерді тоқтатып, тексеріп жатыр
    Полицейлер жүргізушілерді тоқтатып, тексеріп жатыр
    © Sputnik / Айгерим Таубай
1 / 3
© Sputnik / Айгерим Таубай
Алматыда кортеж жүріп өту үшін көшелер уақытша жабылған
13786
Кілт сөздер:
видео, Алматы, тікұшақ, кортеж
Портфель

Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті

3193
(Жаңартылды 15:28 16.01.2022)
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары әкімнің митингке шыққан халықпен кездеспегені туралы жазды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Қайрат Оразбаев Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оразбаев өз еркімен кету туралы өтініш жазған. Соның негізінде облыс әкімі оны 14 қаңтардан бастап қызметінен босаттты. Қазіргі кезде оның орынбасары Жұмабек Қаражанов әкімнің міндетін атқарып жатыр. 

Бұған дейін Атырау әкімінің 31 желтоқсанда еңбек демалысына шыққаны туралы ақпарат тарады. Ал 10 қаңтарда оны жұмысқа шақырып алған. Сол кезде қалада және басқа да аймақтарда наразылық акциялары өтті.

Артынан Оразбаев денсаулығына байланысты тағы демалыс алып кеткен. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары оның митингке шыққан халықпен кездеспегені туралы жазды. Сол үшін сынға ұшырады. 

Оразбаев қала әкімі қызметінде бір жылдай жұмыс істеді. Бұған дейін мұнай-газ компанияларында басшы қызметтер атқарды.

3193
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері

Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

45
(Жаңартылды 13:48 14.01.2022)
Қырғызстан президенті қысқа мерзімді демалыстан шықты, мемлекет басшылары Қазақстандағы жағдай мен бауырлас мемлекеттің қиын-қыстау кезінде көрсеткен қолдауын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан президенттері ҰҚШҰ контингентінің Қазақстанға кіргізілуімен байланысты жағдайды талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз әріптесі Садыр Жапаровқа Алматы мен басқа қалаларда болған қайғылы оқиғалар кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар ол ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің елден шығарыла бастағаны жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды президент Жапаровтың сайты.

Қырғызстанның ҰҚШҰ контингентіне кірген "Скорпион" арнайы жасақ бөлімшесі Қазақстанда ешқандай проблемаға тап болмаған.

"Қазақстанда қызмет атқару кезінде ешқандай оқиға тіркелген жоқ", - деп мәлімдеді Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиев бітімгерлер отанына оралған соң.

Ташиевтің айтуынша, барлық әскери қызметкер мен техника Қырғызстанға аман-сау оралды.

Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлік миссиясына Қырғызстаннан 150 әскери қызметкер мен 20 бірлік техника қатысты. Олар Алматыда стратегиялық нысандарды күзетті.

45
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҰҚШҰ
Аурухана, науқас

Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 110 адам ауруханада жатыр

0
15 қаңтарда Бас прокуратура бүлік кезінде Қазақстан бойынша 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеген болатын

АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін мыңнан аса адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде қазір 110 адам ауруханада жатыр.

Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәртіпсіздіктер кезінде 1 259 науқас медициналық көмекке жүгінді, қазір стационарларда 110 науқас жатыр. Ішінде 8 адам жансақтау бөлімінде. Науқастардың жағдайы қалыпты", - деді Сұлтанғазиева.

Айтуынша, өткен аптада 3 науқас басқа денсаулық сақтау мекемелеріне ауыстырылды.

"Бір бала №2 балалар ауруханасынан жедел емдеу мақсатында Педиатрия институтына ауыстырылды. Екінші ота жасалды, баланың жағдайы қалыпты, жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала қалалық жедел көмек көрсету ауруханасынан шұғыл көмек көрсетілетін балалар ауруханасына ауыстырылды", - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Айта кетері, 15 қаңтарда Бас прокуратура Қазақстан бойынша бүлік кезінде 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

0
Кілт сөздер:
Алматы, тәртіпсіздік, аурухана, адам
Тақырып:
Терроризмге қарсы арнайы операция
Тақырып бойынша
Алматыдағы бүлік шығыны 112 миллиард теңгеден асады
Алматыда бүлікке қатысы бар 2,6 мың адам ұсталды
Алматы облысында мамандандырылған ХҚКО-лар ашылды
Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зақымдалды