Саясат

Nur Otan партиясы кезектен тыс съезге дайындалып жатыр

© Photo : Пресс-служба партии Nur OtanNur Otan партиясы кеңсесіндегі маңдайша
Nur Otan партиясы кеңсесіндегі маңдайша - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Партия президент алға қойған міндеттерді орындау үшін 800 мыңға тарта мүшесін ортақ мақсатқа жұмылдыруға дайын
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Nur Otan партиясы кезектен тыс съезге дайындықты бастап кетті. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.
Ол Елбасы құрған Nur Otan партиясы елдің бірлігі мен қоғамның тұрақтылығына бағытталған жұмысын одан әрі жалғастыруы керек екенін атап өтті.
"Қазіргі таңда біз алда болатын кезектен тыс Съезд жұмысына дайындықты бастап кеттік", - деді Байбек бейнебайланыс режимінде партияның өңірлік филиалдарымен өткен жиналыста.
Ол қаңтардың қасіретті күндерінде Назарбаевтың баршаны президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңайына топтасып, елдің амандығы мен бірлігін сақтап қалу үшін бірге әрекет етуге үндегенін еске салды.
"Кім не десе де, Nur Otan партиясы – президент жариялаған реформаларды толық және сапалы жүзеге асыруға әлеуеті толық жететін бірден-бір қоғамдық-саяси күш. Партиямыз мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерін – қоғамдық ұйымдарды, депутаттық фракцияларды, түрлі қызметте жүрген 800 мыңға тарта барлық мүшесін ортақ мақсатқа жұмылдыруға дайын",– деп түйіндеді Байбек.
Оқи отырыңыз: Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін Тоқаевқа береді
Еске салсақ, қараша айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыруға шешім қабылдағаны хабарланды.
Партия жарғысына сәйкес, төрағаны сайлау және қызметінен босату Nur Otan партиясы съезінің ерекше құзыретіне кіреді. 
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай съезге дейін Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасы болып қала беретінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
0