Саясат

Үкімет "қартайып барады": министрлердің орташа жасы - 49

© Sputnik / Владислав ВодневЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Бұл жолы да ең жас министр - ұлттық экономика министрлігінің басшысы
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда 11 қаңтарда Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Ұлттық экономика, индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика, әділет, денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму, сондай-ақ мәдениет және спорт министрлері ауысты.
© SputnikҚазақстан үкіметінің жаңа құрамы
Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы
Ranking.kz министрлердің жасын жариялады. Жаңа Үкіметтегі қазақстандық министрлердің орташа жасы 48,9 жасты құрады (бір жыл бұрын ол 48 жас).
Жасы ең үлкен министр - ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев (59 жаста). 2019 жылдың 12 ақпанынан бастап министр лауазымында, мамандығы - заңгер – құқықтанушы және экономист.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев (57 жас) пен Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты (56 жас) атап өтуге болады.
Еліміздің ең жас министрі тағы да Ұлттық экономика министрлігін басқарады: Әлібек Қуантыров (38 жаста). Жаңа министрдің екі мамандығы бар – "қаржы және несие", "Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация".
Ең жас министр үштігіне цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (38 жас) және білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (39 жас) кірді.
ЕАЭО-ның басқа елдерінде министрлердің орташа жасы мынадай:
  • Ресей - 53,6 жас;
  • Беларусь - 51,2 жас;
  • Қырғызстан - 50,7 жас;
  • Армения - 45,7 жас.
Жалпы алғанда, ЕАЭО елдерінің барлық министрлерінің орташа жасы - 50,5.
Жаңалықтар
0