студенттер

Қырғыздар үшін Қазақстанда тегін білім алып, емделу тәртібі қандай?

45
Бейнеконференция қатысушылары қырғызстандықтардың ҚР-да тегін емделіп, білім алуы жайлы айтып береді

АСТАНА, 17 шілде  — Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында 17 шілде күні сағат 15:30-да "Қырғызстан мигранттары – Қазақстанда білім алу және емделу" тақырыбында Астана – Бішкек – Мәскеу бейнекөпір өтеді. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған заң бойынша, қырғызстандық мигранттар Қазақстанда тегін емделе алады. 

Астанадан қатысушылар:

Ләззат ЫДЫРЫСОВА — Астана денсаулық сақтау басқармасының өкілі; 

Роза ҚАСҚАБАЕВА — Астана білім беру бөлімінің өкілі;

Шавкат ИСМАИЛОВ — "Қырғызстан — Астана" қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы;

Светлана ЖАСЫМБЕКОВА — Халықаралық көші-қон ұйымының өкілі;

Алмазбек БАЙБОСОВ — Қырғызстанның ҚР-дағы елшілігінің екінші хатшы-консулы. 

Бішкекте:

Бактыгуль ДОКЕНОВА —Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаменті кеңесшісі; 

Азамат АЙТБАЕВ — "Замандаш" қауымдастығының отандастармен өзара әрекет бойынша координаторы;

Салтанат АБДЫЖАПАРОВА — Қырғыз Республикасы Қызыл жарты ай ұлттық қоғамының отбасылық байланыстарды қалпына келтіру бойынша координаторы;

Қырғызстанның көші-қон мемлекеттік қызметі өкілі. 

Мәскеуде: 

Дмитрий МИХАЙЛОВ —"Миграция и закон" интеграциялық орталығының өкілі; 

Абдыгани ШАКИРОВ — "Кыргызбиримдиги" ұйымы аймақаралық қоғамының президенті.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, қабат Р1. 

БАҚ аккредитациясы: +7 701 527 7007.

45
Спутник V вакцинасының өндірісі

Қазақстандық мұнайшылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды сұрады

62
(Жаңартылды 16:34 19.01.2021)
KazServise өкілі вакцинациялауды, бірінші кезекте, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының жұмысшыларынан бастау керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. KazServise Қазақстан мұнай сервисі компанияларының одағы премьер-министрден ірі кен орындарының жұмысшыларын тез арада вакцинациялауды сұрады. Бұл туралы Sputnik Қаақстанға KazServise жобалар жөніндегі басқарушысы Нияз Жұмат мәлімдеді.

Ол қазіргі таңда Теңізді болашақта кеңейту жобасында ремобилизация жүріп жатқанын нақтылады.

"Біздің 2021 жылдан күтеріміз мол. Ең алдымен, бұл Теңіз кенішін болашақта кеңейту жобасындағы ремобилизациямен байланысты. Қазір мобилизация белсенді жүріп жатыр. Құрылыс қарқын алған шақта аталған жобаға шамамен жазда 40 мыңнан астам адам жұмылдырылады деп күтілуде. Тағы бір өте жақсы жаңалығымыз – Қарашығанақты кеңейту жобасын қаржыландыру бойынша соңғы шешімге қол қойылды. Біз мұны көптен күттік. Бас мердігер анықталып та қойды. Қазақстандық құрам бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді Нияз Жұмат Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының алаңында.

Нияз Жумат, управляющий по проектам Союза нефтесервисных компаний Казахстана (KazServise)
© Sputnik / Абзал Калиев
Қазақстан мұнай сервисі компаниялары одағының (KazServise) жобалар жөніндегі басқарушысы Нияз Жұмат

Коронавирус жұқтырғандардың көбеюі мердігерлердің алаңдаушылығын туғызып отыр, деп жалғастырды ол.

"Мердігерлердің көбі біздің одаққа вакцина егу процесіне жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді. Олар бірінші кезекте осы кен орындардың вахталық жұмысшыларына вакцина егуді сұрайды. Бұл кен орындарының экономика үшін маңызы өте зор. Осы кеніштердің бірінде жұмыс қайта тоқтап қалса, бұл нарыққа өте қатты әсер етуі мүмкін. Сол себепті Қазақстанның премьер-министріне жұмысшыларды тез арада вакцинациялау туралы сауал жолдадық", - деді Нияз Жұмат.

Ол вакцина салуды Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жұмысшыларынан бастау керек екенін айтты.

"Вакцинациялауды аталған кеніштердің жұмысшыларынан бастаған жөн. Өйткені бұл үш кен орны біздің экономика мен мұнай-сервис нарығына тікелей ықпал етеді. Қаржы мәселесі бойынша тараптар ортақ мәмілеге келеді деп санаймын",  - деді ол Sputnik Қазақстанға.

Өткен жылдың желтоқсанында Теңіз кенішінде барлығы 4,5 мыңнан аса жұмысшы вирус жұқтырғаны хабарланды. Олардың 95 проценті толығымен жазылып шыққан.

2021 жылдың 18 қаңтарындағы жағдай бойынша Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 718 адам емделіп жатыр. Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа өтті.

62
Кілт сөздер:
мұнай, вакцина, коронавирус
Sputnik Казахстанның баспасөз орталығы

Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау қалай өтеді брифингтер

23
(Жаңартылды 18:43 09.01.2021)
10 қаңтар, жексенбі күні сағат 13:00-де және 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында "Қазақстандағы парламент мәжілісі мен мәслихаттарына сайлау қалай өтіп жатыр – бақылаушылардың пікірі" тақырыбында онлайн брифингтер өтеді

 НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. 10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарына сайлау өтеді. Дауыс беруді бақылау үшін Қазақстанға бірнеше елден, оның ішінде ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық бақылаушылар келді.

13:00-де парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі брифинг өтеді. Оған:

- ТМД ПАА бақылаушылар тобының үйлестірушісі, Ресей Федерациясы Федералды жиналысы Федерация кеңесінің аграрлық азық-түлік саясаты  және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы Алексей Майоров;

- ТМД ПАА Кеңесінің бас хатшысы Дмитртий Кобицский қатысады.

Сағат 16:00-де өтетін брифингте ТМД ПАА бақылаушысы, Федерациялық Кеңестің конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс жөніндегі комитетінің мүшесі Олег Цепкин сайлауға қатысты өз пікірімен бөліседі.

Айта кетейік, Қазақстанда жексенбіде өтетін парламенттік сайлауды бақылау үшін ТМД ПАА-ның 48 бақылаушысы тіркелген. Сайлау күні Парламентаралық Ассамблеяның бақылаушылары тек республикада ғана емес, сонымен қатар шетелдік сайлау учаскелерінде Баку (Әзірбайжан), Ереван (Армения), Минск (Беларуссия), Бішкек (Қырғызстан), Санкт-Петербург (Ресей) пен Душанбе (Тәжікстан) және Берлинде (Германия) жұмыс істейді.

Брифингтер Sputnik Қазақстан сайты мен YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдерін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қонаев көшесі 10 мекен жайда орналасқан Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығына шақырамыз.

Оқи отырыңыз: Сайлау учаскесінде фото мен видео түсіруге бола ма – ОСК жауабы

БАҚ өкілдерінің тіркелуі міндетті. Байланыс нөмірлері: +7 701 512 08 15, +7 747 220 74 01 (WhatsApp).

Спикерлерге сұрақтарды Sputnik Қазақстан баспасөз орталығының продюсері Айжан Нұрғазиноваға a.nurgazinova@sputniknews.com поштасына немесе +7 747 220 74 01 нөміріне (WhatsApp, Telegram) жіберуге болады.

23
Кілт сөздер:
бақылау, сайлау
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Алматыда сайлау қарсаңында кімдер ПТР-тест тапсырады
Сайлау алдындағы үгіт науқаны: қанша адам жауапқа тартылды
Сайлау комиссияларының 1,5 мыңға жуық мүшесі жұмыстан шеттетілді
Сайлау учаскелеріне бюллетеньдер қалай жеткізілді – видео
Қазақстандағы сайлау: ОСК баспасөз орталығы алғаш рет онлайн режимде жұмыс істейді
Коронавирус вакцина

Коронавирусқа қарсы жаңа вакцина жайлы не білеміз

0
Вакцинаны әзірлеген "Вектор" орталығының мамандары "ЭпиВакКоронаның" иммунологиялық тиімділігі 100 процент деп атады

Бұл COVID-19 қоздырғышы болып табылатын SARS-CoV-2 тікенді ақуызының кішкентай бөлшектерінен тұратын синтетикалық препарат. Қазір бұл вакцинаны сынауға үш мыңнан астам ерікті қатысып жатыр. Сондай-ақ, ол азаматтық айналымға да түсті. Оның кері әсері өте аз деп хабарланды. Сондықтан, вакцина егде жастағы адамдарға қолдануға да жарамды.

"ЭпиВакКорона" неден тұрады

Осы вакцина тасымалдағыш ақуызға бекітілген SARS-CoV-2 коронавирусының тікенді ақуызының қысқа бөлшектерінен тұрады. Бұл бөлшектердің құрамында пептидтер деп аталады. Сондықтан, вакцина да пептидтік деген атауға ие болды. Тасымалдаушы ақуызға коронавирустың РНҚ-сын қоршап тұрған нуклеокапсидті ақуыздың бөліктері бар. Иммундық әсерді күшейтетін зат - адъювант ретінде алюминий гидроксиді жұмыс жасайды. Сонымен қатар қосалқы қосылыстар мен су бар. Барлық құрауыш элементтер синтетикалық болып табылады.

Вакцина құрамында қандай пептидтер бар

РИА Новости агенттігіне "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталықта хабарлағандай, вакциналық пептидтердің құрамында ең алдымен В-жасушалы эпитоптар бар. Т-хелперлі эпитоптардың көзі ретінде тағысалдаушы ақуыз қызмет етеді.

SARS-CoV-2 - нуклеокапсид  қабыршағына оралған РНҚ молекуласы болып табылады. Мұның бәрі сыртынан тәж тәрізді тікенді ақуыздармен безендірілген липидті қапшықта тұрады. Сондықтан, оны коронавирус деп айтады.

Тікенді ақуыздар вирустық бөлшектің адам жасушасына жабысып, ішке енуіне көмектеседі. Көптеген зерттеулер бұл тікендердің организмде ең үлкен иммундық реакцияны тудыратынын анықтады. Биологтардың терминологиясында тікенді ақуыз -  антиген болып табылады. 

Бұл ақуыздың молекуласы өте үлкен және оның ішінде ерекше аймақтар – эпитоптар бар. Иммундық жүйенің жасушалары оларды анықтап, инфекциямен күресті іске қосады.

Вакцина қалай жұмыс істейді

Екпе нәтижесінде ақуыз тасымалдаушы барлық үш пептидті адамның Влимфоцитіне жеткізеді. Олар пептидті белсендіреді де, қорғаныш антиденелер - иммуноглобулиндер өндіріле бастайды. Әрбір В-эпитопы бірегей иммуноглобулиннің синтезіне жауап береді. Алдымен M (IgM) тобына жататын антиденелер түзіледі. IgG - содан кейін қалыптасады да, олар иммунитетті көрсетіп, ұзақ уақытқа қанда қалады. 

"Вектор" орталығындағылар екпеден туындайтын антиденелер коронавирустың тікенді ақуыз үшін айрықша екенін растайды. Иммунизацияланған еріктілердің қан сарысулары вирусты бейтараптандыратын белсенділік танытады. Демек, антиденелер коронавирусты танып қана қоймай, оны жоюға қабілетті.

"ЭпиВакКорона" құрамында коронавирус бар ма

Онда ешқандай вирус және оның бөліктері жоқ. Бұл вакцина құрамында аденовирустар бар "Спутника V" вакцинасынан өзгеше. "ЭпиВакКорона" құрамында РНҚ, ДНҚ, тірі құрауыштар, консерванттар немесе антибиотиктер жоқ. Оның құрамында пептидтер бар. Олар коронавирустың ақуыздарымен бірдей пептидтер – ақуыздар бөлшектері бар. 

Пептидтік вакцина қалай жасалады

Ол пептидтердің химиялық синтездері, яғни, жекелеген аминқышқылды қалдықтардан бірізді тізбек құру процесімен әзірленеді. 

"Егер пептид қысқа - сегізден онға дейінгі қалдықтар болса, онда синтездеу ерітіндіде өтуі мүмкін болады. Ол ұзағырақ, бірақ арзан. Ұзынырақ пептидтер қатты фазалы әдіспен синтезделеді. Сегіз аминқышқылының қалдықтарынан тұратын пептид қатты фазалық әдіспен көлеміне, аминқышқылдарының реттілігі мен жабдық сипаттамаларына байланысты екі сағат ішінде, ұзақ дегенде бір тәулік ішінде синтезделеді. Әрі қарай тиімділігі жоғары сұйықтық хроматографиясымен тазарту жүргізіледі. Бұл әлдеқайда тез, бірақ арзан емес", - дейді В.Н.Орехович атындағы биомедициналық химия ғылыми-зерттеу институтының пептидтік инженерия зертханасының меңгерушісі Екатерина Колесанова.

Екпе қалай жасалады

Вакцина суспензия түрінде шығарылады және шприцпен иық бұлшықетіне енгізіледі. Пептидті препараттар иммунитеттің қуатты әрі жылдам жауап қатуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, "ЭпиВакКорона" 21 күн аралығымен екі рет бірдей мөлшерде енгізіледі.

Қандай кері әсері бар

І және ІІ кезеңдегі сынақтарға қатысушылар екпе салған орынның аздап ауыратынын, бірақ, тез басылатынын айтқан. Басқа жағымсыз әсер тіркелген жоқ. 

Тіркеуден кейінгі сынаққа қатысушылар құрған ресми емес #ЭпиВакКорона Telegram арнасында қолайсыздық, екпе салған орынның тәулік бойы қызарып тұруы, иықты қатты ауырсыну секілді аздаған кері әсер жайлы айтқан. Дене қызуының көтерілуі, қалтырау секілді белгілер ешкімнен байқалмаған немесе оның екпемен байланысы расталған жоқ. 

"ЭпиВакКорона" қаншалықты тиімді

"Иммунологиялық және профилактикалық тиімділік бар. Біріншісі - айрықша антиденелер шығару. Клиникалық зерттеулердің I-II кезеңдерінің нәтижелері бойынша барлық еріктілерде айрықша антиденелер түзілді. Профилактикалық тиімділік - бұл екпе салдырғандардың аурудан қорғануы. Бұл бағыттағы зерттеулер тіркеуден кейінгі клиникалық сынақтар барысында жалғасып жатыр. Мәліметтер ақпан айында дайын болады", - деп түсіндірді Ресей тұтынушлар құқығын қорғау мекемесінің баспасөз қызметінде. 

"Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығында І-ІІ кезеңдердің клиникалық сынақтары әлі аяқталмағанын айтты. 

Қазір плацебо тобымен рандомдалған зерттеу өтіп жатыр. Адамдарды кездейсоқ іріктеумен топтарға бөліп, олардың біріне вакцина, біріне физикалық ерітінді салынып жатыр. Сынақтар соңғы еріктіге екпе салғаннан кейін 180 күннен соң аяқтайды. 

Бір уақытта жасы 60-тан асқан азаматтарға да сынақ жүргізіліп жатыр. Осы топ бойынша алдын ала мәлімет те ақпан айында дайын болады. 

Вакцинаның әсерін өз бетінше қалай тексеруге болады

IgG тобындағы антиденелердің коронавирустың S-ақуызына әсері бойынша қан талдауын вакцина егілген күннен бастап 35-42 күн өткен соң ғана жасау керек. Алайда, барлық тест-жүйелер "ЭпиВакКорона" түзген антиденелерді көре бермейді.

Ресей тұтынушлар құқығын қорғау мекемесінде мәлімдегендей, ол үшін "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығы әзірлеген "SARS-CoV-2-IgG-Вектор" тест-жүйесі сәйкес келеді. 

Коронавирусқа қарсы пептидтік вакцинаны тағы кім әзірлеп жатыр

Бүкіл әлемде пептидтік вакциналар эксперименттік сатыда тұр. Олардың әзірлеу және тексеру үлкен шығынды қажет етеді. Сондықтан, олар мРНҚ, векторлық және инактивацияланған / өлтірілген вакциналардан артта келе жатыр. Ресейде бұл мәселені өз бетімен шешу үшін қажетті ресурс пен білікті мамандар жеткілікті. 
19 қаңтардағы ДДҰ тізімінде "ЭпиВакКоронадан " басқа тағы екі пептидтік вакцина бар. Олар да адам ағзасында тексеріліп жатыр.

 

0