дәрі, ақша

Астанада сарапшылар ЕАЭО аясындағы дәрі-дәрмек бағасын талқылайды

21
9 тамыз күні сағат 16.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "ЕАЭО аясындағы дәрі-дәрмек бағасы" тақырыбында Астана-Бішкек-Минск видео көпірі өтеді

2020 жылдың соңына дейін ЕАЭО елдерінде дәрі өндірушілер дәрі-дәрмекті тіркеу жолын таңдай алады – ұлттық заңнама бойынша немесе экономикалық одақ ережесіне сай. 

Еуразиялық экономикалық комиссия фармацевтикалық кәсіпорындарға өтпелі кезеңнен сүрінбей өтуге көмектесетін арнайы комиссия құруды көздеп отыр. 

ЕАЭО нарығы мұндай өзгерістерге дайын ба, одақ ережелеріне өту қалай жүргізіледі және тұтынушылар үшін бағада өзгеріс бола ма деген сұрақтарға бейнекөпір қатысушылары жауап бермек:

Астанада:

— Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің фармация комитеті сарапшысы Арнұр НҰРТАЕВ.

Бішкекте:

— ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру және дәрі-дәрмек саясаты басқармасының басшысы Саматбек ТОЙМАТОВ;

— ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медицина техникасы департаментінің бас директоры Гульмира ШАКИРОВА;

— ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медицина техникасы департаменті директорының орынбасары Нурлан БЕЙШЕНАЛИЕВ.

Минскіде:

— Беларусь денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық инспекция және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру басқармасының басшысы Людмила РЕУТСКАЯ;

— Беларусь денсаулық сақтау министрлігі экономика және маркетинг басқармасының басшысы, фармацевтикалық өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Виктор ШЕИН.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), Р1 қабаты.

21
Құпия құжаттар

Журналистер өзін қалай қорғай алады - SputnikPro вебинары

25
(Жаңартылды 19:45 30.10.2020)
Шетелде қиын жағдайға тап болған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері не істеуі керек? Өз проблемаңызға қоғамның назарын аударудың жолы қандай? Бұл туралы SputnikPro вебинарында

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан — Sputnik. Журналистер өз құқығын қалай қорғай алатынын публицист Мария Бутина айтты.

"Журналистер құқығы, негізінен, қай жерде бұзылады? Ең алдымен, контент жою, тілшілерді соққыға жығу, күш қолдану, түсірілім құрылғыларын зақымдау, қамауға алу, депортация сынды шаралар қолданылуы мүмкін", - деді Мария Бутина.

Оның айтуынша, журналистер құқығы жиі бұзылады. Әділдік орнату оңай емес. Ол үшін халықаралық ұйымдардың көмегіне жүгіну керек.

Вебинар SputnikPro с российским общественным деятелем, публицистом Марией Бутиной
© Sputnik / Скриншот страницы вебинара SputnikPro
Журналистер өз құқығын қалай қорғай алатынын публицист Мария Бутина айтты

"Бастысы, сабырлы болу керек. Егер қамауға алса, сауалдар қоя бастаса, адвокаттың көмегіне жүгіне аласыз. Егер қорғаушы болмаса, туыстарыңызға хабарласу керек. Олар адвокат табуға көмектеседі", - деді SputnikPro сарапшысы.

Мария Бутина өткен жылдың желтоқсанынан бері RT-да стрим жүргізушісі.

SputnikPro жобасының 25-ші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Беларусь, Армения, Молдова, Абхазия мен Осетия тұрғындары қатысты.

SputnikPro - Sputnik ақпарат агенттінің халықаралық жобасы. 

25
Мария Бутина, ресейлік публицист және қоғам қайраткері

Журналистер өз құқығын қалай қорғауы тиіс

18
Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радио SputnikPro білім беру жобасының онлайн-сессияларын жалғастыруда. Модульге қатысуға қазақстандық журналистер мен медиа сарапшылар шақырылады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. АҚШ-қа қарсы қастандық жасады деп айыпталып, тура бір жыл бұрын Ресейге оралған ресейлік әлеуметтік белсенді Мария Бутина ресейлік және шетелдік журналистерге "Егер сіз журналист болсаңыз, өз құқығыңызды қалай қорғауыңыз қажет?" тақырыбында вебинар өткізеді. Вебинар 30 қазан, жұма күні Sputnik халықаралық жаңалықтар агенттігі мен радиосының SputnikPro жобасы аясында сағат 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) өтеді.

Мария Бутина шеберлік сабағында қатысушылар сауалдарына жауап береді. Модульге қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуге болады.

SputnikPro онлайн-маусымын наурыз айының ортасында ашты. Сессияларда коронавирустық пандемия контекстіндегі жұмыс ерекшеліктері, веб-сараптама мен авторлық құқық құралдарының көмегімен өзіңді және қолданушыны шатастырмауды, ақпараттың шынайылығын тексеру мен жаңалықтар ресурсына қолжетімділікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ "жалған ақпараттардан" аулақ болып, жаңалықтар ресурстарындағы трафикке қол жеткізу мәселелері талқыланады. Қатысушылар чатта бір-біріне хабарламалар жібере отырып, бір мезетте пікір алмаса алады.

Оқи отырыңыз: SputnikPro вебинары: мамандар БАҚ-ты қалай ілгерілету керек екенін түсіндіреді

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналистерге, жоғары оқу орындарының студенттеріне, баспасөз қызметінің өкілдері мен медиа менеджерлерге арналған, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды дамытуға бағытталған жоба. Жоба модулінің жүргізушілері ретінде Sputnik бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақ басқа да ресейлік танымал журналистер мен сарапшылар сөз сөйледі. 2018 жылдың наурыз айынан бастап SputnikPro Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде шеберлік сабағы мен семинарлар өткізді. Әлемнің 80 елінен барлығы 3000-нан астам тыңдаушы қатысты. Жоба жаңалықтарымен Facebook-тегі парақшасынан таныса аласыз.

Sputnik – ауқымды халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарларды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат жеткізеді. Sputnik ақпарат ресурсының аудиториясы – айына 80 миллион, ал оның әлеуметтік желідегі тіркелушілерінің саны 20 миллионнан асады. Бішкектен Кишиневке және Пекиннен Монтевидеоға дейінгі әлемнің 24 редакциялық орталығында мыңнан астам ондаған ұлт өкілдері жұмыс істейді. Sputnik "Россия сегодня" медиатобына кіреді. Бас кеңсесі Мәскеу қаласында орналасқан.

18
Кілт сөздер:
оқыту, баспасөз
Тақырып бойынша
SputnikPro сарапшысы қызықты тікелей эфирдің лайфхактарын бөлісті
Видеоролик жасау кезеңдері және оны безендіру ережесі – SputnikPro лайфхактары
SputnikPro жобасы редакциялық кәсіби шеберлік құпиясымен бөліседі
SputnikPro-да Беларусьтегі жағдай мен әлеуметтік желі мүмкіндігі талқыланады
Әлеуметтік желілер ықпалды саяси алаңға айналды – SputnikPro сарапшысы
Қырау басқан жапырақтар

Тұман, жаңбыр және қатты жел ертеңге ауа райы болжамы жарияланды

47
Республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, солтүстікте жаңбыр жауады деп болжануда

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда, синоптиктердің болжамынша, 1 қарашада күн ашық болады.

Қазақстанның басым аумағында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігінде жаңбыр жауады деп болжануда. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне үндеу жасады

Жамбыл, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерді тұман басады, Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 15-20 м/c дейін күшейеді.

Дабылды ескерту

Қызылорда облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Ақмола облысында 1 қарашада тұман түседі деп болжанып отыр.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн ашық болады. 3-5 м/c жел тұрады. Түнде ауа температурасы -3-4 градус, ал күндіз – 5-8 градус жылы.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз. Секундына 1-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +4... +5 градусты, ал күндіз +9... +10 градусты көрсетеді.

Шымкентте күн жылы әрі ашық,  2-5 м/c жел соғады. Ауа температурасы түнде +3... +5, күндіз +17... +19 градус болады.

47
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы