Аурухана

Сарапшылар ТМД елдеріндегі жүрек-қантамыр дертіне қатысты ахуалды талқылайды

30
(Жаңартылды 17:55 29.09.2017)
Жұма күні 29 қыркүйекте сағат 14.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Дүниежүзілік жүрек күніне арналған Астана – Бішкек – Кишинев – Минск бейнекөпірі өтеді

Бейнекөпірге қатысушылар ТМД елдерінде жүрек-қантамыр дертінің таралуы, кардиология саласына мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау туралы сөз қозғайды.

Астанада:

— "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ басқармасы басшысының бірінші орынбасары Махаббат БЕКБОСЫНОВА.

Бішкекте:

— медицина ғылымдарының докторы, профессор, Академик Миррахимов атындағы ұлттық кардилогия және терапия орталығының директоры ДЖУМАГУЛОВА.

Кишиневте:

— Молдова Республикасы кардиология институтының артериялы қысымның көтерілуі бөлімінің меңгерушісі, медицина докторы, профессор Александр КАРАУШ.

Минскіде:

— "Кардиология" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Александр ПАЦЕЕВ;

— "Кардиология" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының жүрек ритмінің бұзылуы зертханасы қызметкері Дмитрий ГОНЧАРИК.

Sputnik Қазақстан мульимедиялық баспасөз орталығының мекенжайын: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12,(Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), қабат P1.

30
оқу-жаттығу

Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Ресей арасындағы жаңартылған шарт туралы айтты

42
(Жаңартылды 17:36 19.10.2020)
Екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының консультация жүргізу механизмі белгіленіп отыр, осы жұмыс министр орынбасарлары деңгейінде атқарылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі екі елдің әскери ынтымақтастығы туралы жаңартылған шарттың негізгі өзгерістерін түсіндірді.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы, полковник Олжас Құсайыновтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей 1994 жылғы келісімді жаңартып отыр. Себебі осы құжаттың негізгі бағыттары іске асырылды.

"Жаңа келісімде күштердің әскери және шұғыл дайындығы басты бағыттар ретіде белгіленіп отыр. Осылайша, бірлескен оқу-жаттығулар мен бөлімшелердің әскери дайындығына арналған шаралар өткізіледі", - деді Құсайынов Sputnik Қазақстанның мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн-бейнекөпір кезінде.

Оның айтуынша, жаңа құжаттың айрықша ерекшелігі де бар. Басшылардың арасында консультациялар өткізу тетігі рәсімделіп отыр.

 

"Екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының консультация жүргізу механизмі белгіленді. Осы жұмыс халықаралық ынтымақтастыққа жауапты қорғаныс министрлерінің орынбасарлары деңгейінде атқарылады", - деп атап көрсетті Құсайынов. 

Екі министр жаңа құжатқа қол қойды

Өткен аптаның соңында Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Екі елдің қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы жаңартылған шартқа қол қойды. Оған сәйкес, әскери ынтымақтастық кең ауқымда жүзеге асырылады. Сондай-ақ, әскери білім беру мен кадрларды даярлауды, қару-жарақ пен техниканы жеткізуді, бірлескен екіжақты және көпжақты оқу-жаттығуларға, әскерлердің жауынгерлік даярлық іс-шараларына қатысуды қамтиды.

Жаңартылған шарт бітімгершілік қызметті, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды, өңірлік қауіпсіздіктің, мәдениет пен спорттың сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимылды қамтитын өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары мен нысандарымен де толықтырылды.

Шарт ережелерін дамыту үшін әскери салада үш жылға арналған стратегиялық әріптестік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Ол әріптес мемлекеттер бірлесе атқаратын бағдарларды айқындайды және бірлескен іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын дайындауға негіз болады.

42
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жабыла ма Отбасы банкін құру тәртібі жарияланды

1503
(Жаңартылды 17:46 01.10.2020)
Бүгінде халық арасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде құрылатын Отбасы банкіне қатысты сан алуан әңгіме тарап жүр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басшылығы Отбасы банкін құру тәртібін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Орталық филиалдың басшысы Жансұлтан Матаевтың айтуынша, бүгінде халық арасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде құрылатын Отбасы банкіне қатысты сан алуан әңгіме тарап жүр. 

Қолжетімді баспана: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің онлайн-брифингі

"Тіпті, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жабылады" деген сыбыс та бар. Кейбір адамдар осы банктің орнына жаңа банк ашылады деп ойлап жүр. Олай емес. Бұны "ребрендинг" деп атауға болады. Иә, алдағы уақытта "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" деген атау болмайды. Енді, ол "Отбасы банк" деп аталады", - деді Матаев Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, Отбасы банкінің қызметі мен мақсаты өзгермейді. Осыған байланысты бұған дейінгі келісімшарттар, депозиттер, сыйақылар, ипотекалар және тағы басқа міндеттемелер орындала береді. 

Директор центрального филиала АО Жилстройсбербанк Жансултан Матаев
© Sputnik / Владислав Воднев
Директор центрального филиала АО "Жилстройсбербанк" Жансултан Матаев

"Біз өз жұмысымызды жалғастыра береміз. Бірақ Отбасы банкіне қосымша функциялар жүктеледі. Біріншіден, әкімдіктегі баспана кезегін жүргізу функциясы беріледі. Енді, Отбасы банкі кезекке тұрғандарды тіркейді және есебін жүргізеді. Сосын банкте алғашқы баспана орталығы құрылады. Адамдар бұрынғыдай алдымен әкімдікке, одан кейін банкке шапқылап жүрмейді. Бәрі бір жерде болады", - деп атап көрсетті Матаев. 

Отбасы банкіне берілетін тағы бір функция – ол арендалық төлемдерді субсидиялау. Осы тапсырманы президент биылғы жолдауында жариялаған болатын.

Қалтасына қарай баспана таңдайды 

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Отбасы банкінің қызметі туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, сол жерде табысына қарай тұрғын үй сатып алу жолдары ұсынылады. Мысалы, егер адамның табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне, яғни 32,7 мың теңгеге жетпесе, онда жалдамалы пәтерді алуға мүмкіндік беріледі. Ондай баспана жеке меншікке сатылмайды. Арендалық үйді алу үшін алдымен Отбасы банкіне барып, тіркеуге тұру қажет. Жалдамалы пәтерлер кезекпен таратылады. 

Ал табысы жоғары азаматтар сан алуан ипотекалық бағдарламаларға қатыса алады.

1503
Кілт сөздер:
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
Тақырып бойынша
Депутаттар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басты кемшілігін атады
Тұрғын үй бағасы 30%-ке қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы
Үкіметте жеке тұрғын үй мәселесін шешу жайы талқыланды
Әкімдікте баспана кезегі болмайды - "Отбасы банкі" қалай жұмыс істейді 
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозит сатуды неге тоқтатқанын түсіндірді
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

"Дүрліктіруге ниетті": министрлік атышулы фильмге қатысты түсініктеме берді

79
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел азаматтары ашық нәсілшіл шабуылдарға наразы екені айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Фильм авторлары арандату жолымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін мазақ етіп, дүрліктіруге ниетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа ұшыруда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 23 қазанда бір топ жас АҚШ Бас консулдығына жиналып, "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы шықты. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсынды.
Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді. 

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

"Борат" тарихы

"Журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар жұмсап, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тапты. Тіпті, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен фильмге қарсы шығып жатыр.

79
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Борат