Sputnik Қазақстанның бірегей жобасы

Театрлар бойынша интерактивті гид: Sputnik Қазақстан бірегей жоба іске қосты

115
Жоба Қазақстандағы жастар жылына және Ресейдегі театр жылына арналады

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз - Sputnik. Халықаралық Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі және радиосы бүкіләлемдік театр күні қарсаңында "Театр және жастар" арнайы жобасын іске қосты.

Жобаның басты мақсаты – оқырмандарды республикамыздағы әрбір театрмен интерактивті түрде таныстыру. Сондай-ақ театрда жұмыс істейін әртүрлі жас мамандар туралы қазақ және орыс тілдерінде қызықты материалдар жарияланады.

"Театр және жастар" жобасы – заманауи технологиялар мен классикалық өнердің қосындысы сияқты. Интерактивті гид оқырманға қазақстандық театрдың қайда орналасқанына қарамастан ол туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

"Интерактивті картаны жасау арқылы қазақстандық театр өнерінің тамыры тереңге жайылғанын аңғардық. Біз елордадан шалғай жатқан өңірлерде қиындықтарға қарамастан театрлар жұмыс істеп, теңдесі жоқ қойылымдарды сахналап жатқанын көрдік", - дейді "Россия сегодня" ХАА-ның Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов.

Сонымен қатар Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігінің шеф-редакторы Динара Досмұхаметова жоба арқылы еліміздің театрлары туралы толық мәлімет алуға болатынын атап өтті.

"Арнайы жобада Қазақстандағы драма, опера, қуыршақ, музыка, тәуелсіз, жастар және жеке театрлар туралы айтамыз. Сондай-ақ жобадағы жеке парақшада спектакль туралы очерктер, халықаралық фестивальрдерде сахналанған қойылымдар, театрда болып жатқан жаңалықтар жарияланады", - деді ол.

Сонымен қатар Қазақстан театрлары бойынша интерактивті гид жобасының мобильді нұсқасы да бар.

Айта кетейік, Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 32 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілінде ақпарат жеткізеді.

Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына 60 миллионнан астам адамды құрайды, Sputnik China аккаунты мен Вэйбо жазылушыларының саны 9 миллионға жетті. Бейжіңнен Монтевидеоға дейін бүкіл әлем бойынша 22 редакциялық орталықта мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Sputnik "Россия сегодня" медиатобына кіреді. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

115
Тақырып:
Қазақстан театрлары (80)
Спутник V вакцинасының өндірісі

Қазақстандық мұнайшылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды сұрады

73
(Жаңартылды 16:34 19.01.2021)
KazServise өкілі вакцинациялауды, бірінші кезекте, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының жұмысшыларынан бастау керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. KazServise Қазақстан мұнай сервисі компанияларының одағы премьер-министрден ірі кен орындарының жұмысшыларын тез арада вакцинациялауды сұрады. Бұл туралы Sputnik Қаақстанға KazServise жобалар жөніндегі басқарушысы Нияз Жұмат мәлімдеді.

Ол қазіргі таңда Теңізді болашақта кеңейту жобасында ремобилизация жүріп жатқанын нақтылады.

"Біздің 2021 жылдан күтеріміз мол. Ең алдымен, бұл Теңіз кенішін болашақта кеңейту жобасындағы ремобилизациямен байланысты. Қазір мобилизация белсенді жүріп жатыр. Құрылыс қарқын алған шақта аталған жобаға шамамен жазда 40 мыңнан астам адам жұмылдырылады деп күтілуде. Тағы бір өте жақсы жаңалығымыз – Қарашығанақты кеңейту жобасын қаржыландыру бойынша соңғы шешімге қол қойылды. Біз мұны көптен күттік. Бас мердігер анықталып та қойды. Қазақстандық құрам бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді Нияз Жұмат Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының алаңында.

Нияз Жумат, управляющий по проектам Союза нефтесервисных компаний Казахстана (KazServise)
© Sputnik / Абзал Калиев
Қазақстан мұнай сервисі компаниялары одағының (KazServise) жобалар жөніндегі басқарушысы Нияз Жұмат

Коронавирус жұқтырғандардың көбеюі мердігерлердің алаңдаушылығын туғызып отыр, деп жалғастырды ол.

"Мердігерлердің көбі біздің одаққа вакцина егу процесіне жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді. Олар бірінші кезекте осы кен орындардың вахталық жұмысшыларына вакцина егуді сұрайды. Бұл кен орындарының экономика үшін маңызы өте зор. Осы кеніштердің бірінде жұмыс қайта тоқтап қалса, бұл нарыққа өте қатты әсер етуі мүмкін. Сол себепті Қазақстанның премьер-министріне жұмысшыларды тез арада вакцинациялау туралы сауал жолдадық", - деді Нияз Жұмат.

Ол вакцина салуды Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жұмысшыларынан бастау керек екенін айтты.

"Вакцинациялауды аталған кеніштердің жұмысшыларынан бастаған жөн. Өйткені бұл үш кен орны біздің экономика мен мұнай-сервис нарығына тікелей ықпал етеді. Қаржы мәселесі бойынша тараптар ортақ мәмілеге келеді деп санаймын",  - деді ол Sputnik Қазақстанға.

Өткен жылдың желтоқсанында Теңіз кенішінде барлығы 4,5 мыңнан аса жұмысшы вирус жұқтырғаны хабарланды. Олардың 95 проценті толығымен жазылып шыққан.

2021 жылдың 18 қаңтарындағы жағдай бойынша Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 718 адам емделіп жатыр. Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа өтті.

73
Кілт сөздер:
мұнай, вакцина, коронавирус
Sputnik Казахстанның баспасөз орталығы

Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау қалай өтеді брифингтер

23
(Жаңартылды 18:43 09.01.2021)
10 қаңтар, жексенбі күні сағат 13:00-де және 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында "Қазақстандағы парламент мәжілісі мен мәслихаттарына сайлау қалай өтіп жатыр – бақылаушылардың пікірі" тақырыбында онлайн брифингтер өтеді

 НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. 10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарына сайлау өтеді. Дауыс беруді бақылау үшін Қазақстанға бірнеше елден, оның ішінде ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық бақылаушылар келді.

13:00-де парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі брифинг өтеді. Оған:

- ТМД ПАА бақылаушылар тобының үйлестірушісі, Ресей Федерациясы Федералды жиналысы Федерация кеңесінің аграрлық азық-түлік саясаты  және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы Алексей Майоров;

- ТМД ПАА Кеңесінің бас хатшысы Дмитртий Кобицский қатысады.

Сағат 16:00-де өтетін брифингте ТМД ПАА бақылаушысы, Федерациялық Кеңестің конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс жөніндегі комитетінің мүшесі Олег Цепкин сайлауға қатысты өз пікірімен бөліседі.

Айта кетейік, Қазақстанда жексенбіде өтетін парламенттік сайлауды бақылау үшін ТМД ПАА-ның 48 бақылаушысы тіркелген. Сайлау күні Парламентаралық Ассамблеяның бақылаушылары тек республикада ғана емес, сонымен қатар шетелдік сайлау учаскелерінде Баку (Әзірбайжан), Ереван (Армения), Минск (Беларуссия), Бішкек (Қырғызстан), Санкт-Петербург (Ресей) пен Душанбе (Тәжікстан) және Берлинде (Германия) жұмыс істейді.

Брифингтер Sputnik Қазақстан сайты мен YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдерін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қонаев көшесі 10 мекен жайда орналасқан Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығына шақырамыз.

Оқи отырыңыз: Сайлау учаскесінде фото мен видео түсіруге бола ма – ОСК жауабы

БАҚ өкілдерінің тіркелуі міндетті. Байланыс нөмірлері: +7 701 512 08 15, +7 747 220 74 01 (WhatsApp).

Спикерлерге сұрақтарды Sputnik Қазақстан баспасөз орталығының продюсері Айжан Нұрғазиноваға a.nurgazinova@sputniknews.com поштасына немесе +7 747 220 74 01 нөміріне (WhatsApp, Telegram) жіберуге болады.

23
Кілт сөздер:
бақылау, сайлау
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Алматыда сайлау қарсаңында кімдер ПТР-тест тапсырады
Сайлау алдындағы үгіт науқаны: қанша адам жауапқа тартылды
Сайлау комиссияларының 1,5 мыңға жуық мүшесі жұмыстан шеттетілді
Сайлау учаскелеріне бюллетеньдер қалай жеткізілді – видео
Қазақстандағы сайлау: ОСК баспасөз орталығы алғаш рет онлайн режимде жұмыс істейді
Архивтегі фото

Американың теңіз жаяу әскері Норвегияда не істеп жүр?

0
Ақпанда америкалықтар, норвегиялықтар, сондай-ақ голландиялықтар мен британдықтар Joint Viking 2021 ауқымды маневрлеріне қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. АҚШ Ресей шекарасына жақын орналасқан Норвегияда әскерін күшейтіп жатыр. Мұнда қаңтарда мыңға жуық теңіз жаяу әскері қоныстанды. Ал америкалық саясаткерлер мен генералдар Арктикадағы шиеленістің күшеюін жиі сөз етіп жатыр. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, бұл шиеленісті тудырып жатқан да өздері, деп жазды РИА Новости.

Теңіз жаяу әскерлері ротация аясында Солтүстік Каролинадан Норвегияға қоныс аударды. Америкалықтар бірнеше жылдан бері осындай қулыққа барып жатыр: бір бөлімшені басқа бөлімшемен ауыстырып, АҚШ-тың әскери контингенті елден кеткен емес.

Теңіз жаяу әскерлерінің міндеті – Норвегия нұсқаушыларының жетекшілігімен Арктиканың қатал жағдайында ұрыс қимылдарын жүргізуді үйрену және НАТО-дағы әріптестерімен тығыз іс-әрекетті  пысықтау.

Ақпан айында америкалықтар, норвегиялықтар, сондай-ақ голландиялықтар мен британдықтар – барлығы он мыңға жуық жауынгер Joint Viking 2021 ауқымды маневрлеріне қатысады. Натолықтар әскердің үлкен қашықтықтарда жылдам орын ауыстыруын пысықтап, барлық деңгейде ақпарат алмасу әдістерін игереді және бірнеше бірлескен операция жүргізеді.

JointViking оқу-жаттығулары жыл сайын өтеді. Броньды техника, артиллерия, авиация, кемелер және суасты қайықтары орманды немесе таулы алқапта бірнеше жүздеген шаршы километр аумақта жоғары қарқынды соғыс жағдайын қалыптастырады.

Әскери сарапшы Александр Жилин РИА Новостиге берген сұхбатында АҚШ-тың әскери доктринасына сәйкес, олардың армиясы ең алдымен шетелде соғысуға дағдыланатанын айтты.

"Сондықтан, мемлекеттің саясаты америкалық әскери күш басқа елдерде үнемі жауынгерлік операциялар, барлау, аэродромдарды айнала ұшу, теңіз жолдарын айналып өтуді пысықтау мүмкін болатындай етіп құрылды", - деп түсіндірді ол.

Сарапшының айтуынша, Пентагон жағдайды әдейі шиеленістіріп отыр. Себебі, АҚШ пен НАТО Арктикадан дәмелі.

"Теңіз жаяу әскерінің оқу-жаттығулары қорғану емес, шабуылдау сипатында өтеді, - деп сенім білдірді Жилин. – Соның ішінде, Ресейге қарсы әрекеттер пысықталады. НАТО-ның Еуропадағы маневрлеріне тұтастай сипаттама берер болсақ, онда олар Мәскеу үшін шиеленіс аймақтарын құру бойынша ұйымдастырылатыны анық. Біздің әскер алаңсыз отыра бермейді, әрине. Әсіресе, Норвегияда болып жатқан оқиғаларға қатысты әрекет ету керек. Ешқандай дегбірсіздік жоқ, бірақ біз кез келген арандатушылыққа жол бермей, жағдайды толығымен бақылауды ұстау керекпіз".

"Валдай" аналитикалық клубының сарапшысы Артем Куреев америкалықтардың Аляскада Арктикадағы әскери әрекеттерді пысықтауға арналған инфрақұрылымы бар екенін айтты. Бірақ АҚШ сонда да оқу-жаттығуда Норвегияда өткізуді ұйғарып отыр.

"Бұл НАТО көшбасшылары ретінде оларға қажет. Норвегия – альянстың ең "аға" мүшесі. Осло Ресейді ықтимал қарсылас деп санайды. Алда-жалда қақтығыс бола қалса, Солтүстік Норвегия НАТО-ның басты плацдармына айналады", - деп санайды Куреев.

Вашингтонның Арктикаға берік орын теуіп, ол жақтан басқа мемлекеттерді ығыстырғысы келген ниетіне Әскери-теңіз күші мен Теңіз жаяу әскері корпусының жаңа Арктикалық стратегиясы дәлел. Бұл құжатта "арктикалық өңірге америкалықтардың әскери-теңіз араласуы болмаса, әлемге төнген Ресей мен Қытай қаупі азаймайды" деп жазылған.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің хатшысы Кеннет Брейтуэйт атап өткендей, Ресей жағалауына жақын акваторияны патрульдеу және "Мәскеудің Қиыр Солтүстікке шабуыл жасауына" жол бермеу мақсатында Пентагон тұрақты түрде Арктикада әскери кемелер мен сүңгуір қайықтарды орналастырады.

Мойындау керек, АҚШ Солтүстікке нық орналасып алды. Норвегия бұл мәселеде басты рөл ойнап отыр. Қыркүйек айында норвегиялық Тромсе портына Seawolf субмариналары қоныс тебетіні туралы хабарланды. Бұл сүңгуір қайықтар ресейлік суасты қайықтарының бағыттарын бақылауда ұстауға негізделген.

Пентагон Арктикадағы әуе күштерін нығайтуға шындап кірісті. Өткен жылы америкалық және норвегиялық әскери-әуе күштерінің ауқымды оқу-жаттығулары өтті. Алты B-52 Stratofortress стратегиялық бомбалаушылары Солтүстік полюстің үстімен ұшып өтіп, Норвегия әскери-әуе күштерінің жойғыштарымен бірге жаттығу жасады.

0