Еркеназ Сейфулла

Нұр-Сұлтанның ең сұлу қызы "Sputnik Қазақстан таңдауы" атанды

401
Көркіне көз тоймайтын сұлулар Sputnik Қазақстан редакциясына келіп, журналист ретінде сұхбат алып, жаңалық шығарып көрді

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір — Sputnik. "Қазақстан аруы" ұлттық байқауына Нұр-Сұлтан қаласынан қатысатын Еркеназ Сейфулла "Sputnik Қазақстан таңдауы" арнайы сыйлығына ие болды.

2 мамыр күні елдің ең көрікті аруларының байқауында бақ сынайтын қыздар Sputnik Қазақстан редакциясына келіп, ақпарат агенттігінің жұмысымен танысты.

Экскурсия финалисток конкурса Мисс Казахстан 2019 в редакцию Sputnik Казахстан
© Sputnik / Владислав Воднев
"Қазақстан аруы" байқауының қатысушылары Sputnik Қазақстан редакциясында болды

Қыздар тілшілерден сұхбат алып, жаңалық шығарды. Шығарушы редактор, дизайнер мен фотографтың жұмысымен танысты.

Экскурсия финалисток конкурса Мисс Казахстан 2019 в редакцию Sputnik Казахстан
© Sputnik / Владислав Воднев
"Қазақстан аруы" байқауының қатысушылары Sputnik Қазақстан редакциясында болды

Ауқымды жоба қатысушылары "молния" (бір жолмен берілетін шұғыл ақпарат), "лид" (жаңалықтың алғашқы абзацы) сынды журналистердің кәсіби терминдерімен танысты.

Қыздардың кейбірі БАҚ-та жұмыс істегісі келетіндерін айтып, агенттік қызметкерлерінен қандай университет таңдауға болатынын сұрады.

Экскурсия финалисток конкурса Мисс Казахстан 2019 в редакцию Sputnik Казахстан
© Sputnik / Владислав Воднев
"Қазақстан аруы" байқауының қатысушылары Sputnik Қазақстан редакциясында болды

Қыздар жаңалық жазу мектептегі емтиханға ұқсайтынын айтты. Сұлулар қате жібермей, ұтымды тақырып ойлап табуға тырысты.

"Тақырып қызықсыз болмауы керек",- деді қатысушылардың бірі.

Осынша сұлу қыз бір жерде жиналғанда селфи жасамай кетуге болмас. Арулар компьютердің алдына отырып, бірнеше фото жасап үлгерді.

Экскурсия финалисток конкурса Мисс Казахстан 2019 в редакцию Sputnik Казахстан
© Sputnik / Владислав Воднев
"Қазақстан аруы" байқауының қатысушылары Sputnik Қазақстан редакциясында болды

Sputnik Қазақстан мультимедиалық орталығында қыздар өздерін журналист рөлінде сезініп, "Баспасөз мәслихатында" сұрақтар қойды.

Экскурсия финалисток конкурса Мисс Казахстан 2019 в редакцию Sputnik Казахстан
© Sputnik / Владислав Воднев
"Қазақстан аруы" байқауының қатысушылары Sputnik Қазақстан редакциясында болды

Қыздардың сауалдарына Sputnik Қазақстан шеф редакторы Динара Досмұхаметова мен өкілдіктің баспасөз хатшысы Айгүл Сұлтанова жауап берді.

Қазақстан аруы-2019: көркіне көз тоймайтын хас сұлулардың суреті

Шеберлік сағатынан соң қыздарға тосын сый жасалды. "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов Еркеназ Сейфуллаға "Sputnik Қазақстан таңдауы" арнайы сыйлығын табыстады.

Руководитель представительства МИА Россия сегодня в Казахстане Виктор Панов вручил специальный приз Sputnik Еркеназ Сейфулле
© Sputnik / Абзал Калиев.
"Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов "Қазақстан аруы" байқауына қатысушы Еркеназ Сейфуллаға "Sputnik Қазақстан" арнайы сыйлығын табыстады

17 жастағы астаналық ару "Россия Сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің Мәскеудегі дизайн орталығында үш күн тағылымдамадан өтеді. Сыйлықты таңдау кезінде Еркеназдың болашақ мамандығы ескерілген.

"Бұл мен үшін күтпеген тосын сый болды. Кәсіби мамандардан шеберлік сағаттарына қатысқаныма қуаныштымын. Мәскеуде алған білімім болашақта маған аса қажет болады деп сенемін. Қазір Қазақ технология және бизнес университетінде "Дизайн",мамандығының екінші курсында оқимын ", - деді "Sputnik Қазақстан таңдауы" атанған қыз.

Экскурсия финалисток конкурса Мисс Казахстан 2019 в редакцию Sputnik Казахстан
© Sputnik / Абзал Калиев.
"Қазақстан аруы" байқауының қатысушылары Sputnik Қазақстан редакциясында болды

"Sputnik Қазақстан таңдауы" атағы иегерін редакция қызметкерлері жасырын дауыс беру арқылы таңдады. Қызметкерлердің басым бөлігі Еркеназға дауыс берді", - деді Виктор Панов.

 Руководитель представительства МИА Россия сегодня в Казахстане Виктор Панов  и участница конкурса Мисс Казахстан Еркеназ Сейфулла отвечают на вопросы журналистов
© Sputnik / Абзал Калиев.
"Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов пен "Қазақстан аруы" байқауына қатысушы Еркеназ Сейфулла тілшілердің сауалдарына жауап беруде

"Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының финалы 2 мамыр күні Nomad city hall театрында өтеді. Биыл шоу тың форматта ұйымдастырылады. Қатысушылардың әрқайсысы өзінің туған өлкесінің табиғаты туралы бейнеролик әзірлеген.

Sputnik Қазақстан - "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ақпараттық серіктесі.

401
Кілт сөздер:
"Қазақстан аруы" байқауы, Қазақстан аруы, Sputnik
Тақырып бойынша
"Ғалам аруы-2018": Қазақстандық бойжеткен ерекше хоббиін көрсетті
"Тал бойында бір мін жоқ": әлемнің ең бай модельдері - фото
Павлодарлық Сәния Темірханова 2019 жылғы "Қазақ аруы" атанды – фото
"Қазақстан аруына" бөлінген 73 млн теңге: Kazakh tourism жұрттың сынына жауап берді
Түрмедегі "Қазақ аруы": ең сұлу қылмыскер әйел анықталды - фото
оқу-жаттығу

Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Ресей арасындағы жаңартылған шарт туралы айтты

29
(Жаңартылды 17:36 19.10.2020)
Екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының консультация жүргізу механизмі белгіленіп отыр, осы жұмыс министр орынбасарлары деңгейінде атқарылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі екі елдің әскери ынтымақтастығы туралы жаңартылған шарттың негізгі өзгерістерін түсіндірді.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы, полковник Олжас Құсайыновтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей 1994 жылғы келісімді жаңартып отыр. Себебі осы құжаттың негізгі бағыттары іске асырылды.

"Жаңа келісімде күштердің әскери және шұғыл дайындығы басты бағыттар ретіде белгіленіп отыр. Осылайша, бірлескен оқу-жаттығулар мен бөлімшелердің әскери дайындығына арналған шаралар өткізіледі", - деді Құсайынов Sputnik Қазақстанның мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн-бейнекөпір кезінде.

Оның айтуынша, жаңа құжаттың айрықша ерекшелігі де бар. Басшылардың арасында консультациялар өткізу тетігі рәсімделіп отыр.

 

"Екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының консультация жүргізу механизмі белгіленді. Осы жұмыс халықаралық ынтымақтастыққа жауапты қорғаныс министрлерінің орынбасарлары деңгейінде атқарылады", - деп атап көрсетті Құсайынов. 

Екі министр жаңа құжатқа қол қойды

Өткен аптаның соңында Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Екі елдің қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы жаңартылған шартқа қол қойды. Оған сәйкес, әскери ынтымақтастық кең ауқымда жүзеге асырылады. Сондай-ақ, әскери білім беру мен кадрларды даярлауды, қару-жарақ пен техниканы жеткізуді, бірлескен екіжақты және көпжақты оқу-жаттығуларға, әскерлердің жауынгерлік даярлық іс-шараларына қатысуды қамтиды.

Жаңартылған шарт бітімгершілік қызметті, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды, өңірлік қауіпсіздіктің, мәдениет пен спорттың сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимылды қамтитын өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары мен нысандарымен де толықтырылды.

Шарт ережелерін дамыту үшін әскери салада үш жылға арналған стратегиялық әріптестік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Ол әріптес мемлекеттер бірлесе атқаратын бағдарларды айқындайды және бірлескен іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын дайындауға негіз болады.

29
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жабыла ма Отбасы банкін құру тәртібі жарияланды

1411
(Жаңартылды 17:46 01.10.2020)
Бүгінде халық арасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде құрылатын Отбасы банкіне қатысты сан алуан әңгіме тарап жүр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басшылығы Отбасы банкін құру тәртібін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Орталық филиалдың басшысы Жансұлтан Матаевтың айтуынша, бүгінде халық арасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде құрылатын Отбасы банкіне қатысты сан алуан әңгіме тарап жүр. 

Қолжетімді баспана: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің онлайн-брифингі

"Тіпті, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жабылады" деген сыбыс та бар. Кейбір адамдар осы банктің орнына жаңа банк ашылады деп ойлап жүр. Олай емес. Бұны "ребрендинг" деп атауға болады. Иә, алдағы уақытта "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" деген атау болмайды. Енді, ол "Отбасы банк" деп аталады", - деді Матаев Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, Отбасы банкінің қызметі мен мақсаты өзгермейді. Осыған байланысты бұған дейінгі келісімшарттар, депозиттер, сыйақылар, ипотекалар және тағы басқа міндеттемелер орындала береді. 

Директор центрального филиала АО Жилстройсбербанк Жансултан Матаев
© Sputnik / Владислав Воднев
Директор центрального филиала АО "Жилстройсбербанк" Жансултан Матаев

"Біз өз жұмысымызды жалғастыра береміз. Бірақ Отбасы банкіне қосымша функциялар жүктеледі. Біріншіден, әкімдіктегі баспана кезегін жүргізу функциясы беріледі. Енді, Отбасы банкі кезекке тұрғандарды тіркейді және есебін жүргізеді. Сосын банкте алғашқы баспана орталығы құрылады. Адамдар бұрынғыдай алдымен әкімдікке, одан кейін банкке шапқылап жүрмейді. Бәрі бір жерде болады", - деп атап көрсетті Матаев. 

Отбасы банкіне берілетін тағы бір функция – ол арендалық төлемдерді субсидиялау. Осы тапсырманы президент биылғы жолдауында жариялаған болатын.

Қалтасына қарай баспана таңдайды 

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Отбасы банкінің қызметі туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, сол жерде табысына қарай тұрғын үй сатып алу жолдары ұсынылады. Мысалы, егер адамның табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне, яғни 32,7 мың теңгеге жетпесе, онда жалдамалы пәтерді алуға мүмкіндік беріледі. Ондай баспана жеке меншікке сатылмайды. Арендалық үйді алу үшін алдымен Отбасы банкіне барып, тіркеуге тұру қажет. Жалдамалы пәтерлер кезекпен таратылады. 

Ал табысы жоғары азаматтар сан алуан ипотекалық бағдарламаларға қатыса алады.

1411
Кілт сөздер:
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
Тақырып бойынша
Депутаттар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басты кемшілігін атады
Тұрғын үй бағасы 30%-ке қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы
Үкіметте жеке тұрғын үй мәселесін шешу жайы талқыланды
Әкімдікте баспана кезегі болмайды - "Отбасы банкі" қалай жұмыс істейді 
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозит сатуды неге тоқтатқанын түсіндірді
Көлік қозғалысы

Нұр-Сұлтанда жаңа біржақты көше пайда болады

0
Бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданған

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданды. 

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексерген.

"Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта болады. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс жағдайын азайтуға, жол апатын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар бұл өзгеріс жол қозғалысын оңтайландыру үшін және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

0
Кілт сөздер:
көлік қозғалысы, көше, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көше сыпырып кеткен: Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды
Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео
Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады