Білім

Қаладағы келеңсіздіктер туралы қалай жазуға болады?

© Sputnik / Михаил Фомичев / Медиабанкке өтуПрезентация арт-проекта Айдан Салаховой с участием Наоми Кэмпбелл
Презентация арт-проекта Айдан Салаховой с участием Наоми Кэмпбелл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі мен радиосы SputnikPro білім беру жобасының онлайн-сессияларын жалғастыруда. Модульге қатысуға қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, журналистика факультетінің студенттері шақырылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. SputnikPro білім беру жобасының "Трафик пен дәйексөзге көп қол жеткізу үшін қаладағы келеңсіздіктер туралы қалай жазуға болады?" тақырыбындағы онлайн-сессиясы 2 қазан, жұма күні сағат 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) өтеді.

Шеберлік сабағында РИА Новости ХАА-нің "Россия сегодня" медиатобы құрамына кіретін "Новости Недвижимости" редакциясының жетекшісі Ольга Набатникова қаладағы келеңсіздіктер туралы материалдарды қалай әзірлеуге болатынын, қаралым санын арттыру және билікпен келіспеушілікке бармау жолдарын айтады.

Модульге қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуге болады.

Ольга Набатникова Ломоносов атындағы ММУ журналистика факультетін және Ресей үкіметі жанындағы қаржы академиясын бітірген. Жаңалықтар журналистикасында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді: еңбек жолын "Интерфакс" агенттігінде тілші болып бастап, кейін РИА Новости агенттігінде жауапты шығарушы редактор болып қызмет етті. 2014 жылдан бері "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігіндегі "Новости недвижимости" редакциясын басқарады.

© Sputnik / Владимир ТрефиловОльга Набатникова "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігіндегі "Новости недвижимости" редакциясын басқарады
Қаладағы келеңсіздіктер туралы қалай жазуға болады? - Sputnik Қазақстан
Ольга Набатникова "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігіндегі "Новости недвижимости" редакциясын басқарады

SputnikPro ағарту жобасы туралы

SputnikPro онлайн-маусымын наурыз айының ортасында ашты. Сессияларда коронавирустық пандемия контекстіндегі жұмыс ерекшеліктері, веб-сараптама мен авторлық құқық құралдарының көмегімен өзіңді және қолданушыны шатастырмауды, ақпараттың шынайылығын тексеру мен жаңалықтар ресурсына қолжетімділікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ "сарыжағал ақпараттан" аулақ болып, жаңалықтар ресурстарындағы трафикке қол жеткізу мәселелері талқыланады. Қатысушылар чатта бір-біріне хабарламалар жібере отырып, бір мезетте пікір алмаса алады.

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы туралы

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналистерге, жоғары оқу орындарының студенттеріне, баспасөз қызметінің қызметкерлері мен медиа менеджерлерге арналған, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды дамытуға бағытталған жоба. Жоба модулінің жүргізушілері ретінде Sputnik бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақ басқа да ресейлік танымал журналистер мен сарапшылар сөз сөйледі. 2018 жылдың наурыз айынан бастап SputnikPro Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізді. Әлемнің 80 елінен барлығы 3000-нан астам тыңдаушы қатысты. Жоба жаңалықтарымен Facebook-тегі парақшасынан таныса аласыз.

Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат жеткізеді. Sputnik ақпарат ресурсының аудиториясы – айына 80 миллион. Бас кеңсесі Мәскеу қаласында. Sputnik "Россия сегодня" медиатобына кіреді.

Жаңалықтар
0