Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Ресей арасындағы жаңартылған шарт туралы айтты

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПрезидент Казахстана — Верховный главнокомандующий принял участие в комплексных миротворческих учениях
Президент Казахстана — Верховный главнокомандующий принял участие в комплексных миротворческих учениях - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының консультация жүргізу механизмі белгіленіп отыр, осы жұмыс министр орынбасарлары деңгейінде атқарылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі екі елдің әскери ынтымақтастығы туралы жаңартылған шарттың негізгі өзгерістерін түсіндірді.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы, полковник Олжас Құсайыновтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей 1994 жылғы келісімді жаңартып отыр. Себебі осы құжаттың негізгі бағыттары іске асырылды.

"Жаңа келісімде күштердің әскери және шұғыл дайындығы басты бағыттар ретіде белгіленіп отыр. Осылайша, бірлескен оқу-жаттығулар мен бөлімшелердің әскери дайындығына арналған шаралар өткізіледі", - деді Құсайынов Sputnik Қазақстанның мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн-бейнекөпір кезінде.

Оның айтуынша, жаңа құжаттың айрықша ерекшелігі де бар. Басшылардың арасында консультациялар өткізу тетігі рәсімделіп отыр.

 

"Екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының консультация жүргізу механизмі белгіленді. Осы жұмыс халықаралық ынтымақтастыққа жауапты қорғаныс министрлерінің орынбасарлары деңгейінде атқарылады", - деп атап көрсетті Құсайынов. 

Екі министр жаңа құжатқа қол қойды

Өткен аптаның соңында Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Екі елдің қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы жаңартылған шартқа қол қойды. Оған сәйкес, әскери ынтымақтастық кең ауқымда жүзеге асырылады. Сондай-ақ, әскери білім беру мен кадрларды даярлауды, қару-жарақ пен техниканы жеткізуді, бірлескен екіжақты және көпжақты оқу-жаттығуларға, әскерлердің жауынгерлік даярлық іс-шараларына қатысуды қамтиды.

Жаңартылған шарт бітімгершілік қызметті, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды, өңірлік қауіпсіздіктің, мәдениет пен спорттың сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимылды қамтитын өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары мен нысандарымен де толықтырылды.

Шарт ережелерін дамыту үшін әскери салада үш жылға арналған стратегиялық әріптестік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Ол әріптес мемлекеттер бірлесе атқаратын бағдарларды айқындайды және бірлескен іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын дайындауға негіз болады.

Жаңалықтар
0