НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобының кеңесшісі Олег Дмитриев жақын шелдердің журналистеріне материал қызықты болуы үшін оны қалай жариялау керектігін айтты.
Оның пікірінше, бұл жағдайда, маркетингтегідей бірегей ұсыныс болу керек: не өнімнің айрықша сипаттамасы, не оның ешкім ешқашан айтпаған ерекшелігі туралы айтылуы тиіс.
"Sputnik-тің ұраны дәл осы туралы сөз етеді. Басқалар айтпағанды біз айтамыз", - деп атап өтті ол.
Жариялау әдісін анықтамас бұрын, бұқаралық БАҚ-тың аудиториясы қандай екенін түсіну керек. Аудиторияны қалай ажыратуға болатындығы туралы қарапайым критерийлер бар. Бұл географиялық, демографиялық және психографиялық ерекшеліктер, оқырмандардың басқа басылымдарға қатысты мінез-құлқы.
Сарапшы сонымен қатар тұтынушылар үшін бүгінгі күннің сын-қатерін анықтады: ақпараттың артықтығы, "жақсы мен жаманның" шекарасын анықтамау, өз сенімін жеңу.
Ол сын-қатер бұқаралық ақпарат құралдары үшін де бар екенін атап өтті: ақпараттың жаһандануы және аймақтануы, жаңалықтар мен аналитика элементтері бар оқиғаларға жедел жауап беру.
Оқиға тарихы жалпы адамзаттық қызығушылыққа негізделуі керек, мысалы, қазір вакцинация тақырыбы өзекті болып отыр. Сонымен қатар, оқиға көрерменге жақын болуы керек, оның болашақтағы маңызы өзекті.
"Мен бұл тізімді әртүрлі ақпарат құралдарында осы немесе басқа модификацияда көрдім, бірақ ол шамамен бірдей болды. Біз түсірілімге барғанға дейін оқиғаның тақырыбын жоспарлауға тырысамыз, оны жаза бастаймыз. Тақырып бар, ал жариялау әдісі қандай деген сұраққа өз репортажымызбен жауап береміз", - дейді Олег Дмитриев.
Жариялау әдісі оқиғаның орнын табуға көмектеседі. Оның маңыздылығына, қашықтығына назар аударуға болады. Бұл орынды мақсатты аудиторияның білімімен байланыстыру, қызықты фактілерді ұсыну маңызды.
Оқиға туралы айтуға сұхбаттасушы адам көмектеседі. Олар кім, неге олар маңызды, аудитория олар туралы не біледі, оқиғаны түсінуге адам тәжірибесі қалай көмектеседі?
"Әріптестерімізбен бірге ойлап тапқан осы терминді жақсы көремін, бірақ мен бұл туралы кәсіпқой журналистермен сөйлескен сайын айтамын. Ол шығармашылық технологиясы деп аталады", - деді Олег Дмитриев.
Адам технологияны түсініп, маңызды сандар мен фактілерді іріктеп, салыстырулар мен баламаларды табуы, пайдалы ақпаратты анықтауы, ақпаратты көзбен көруі керек.
Материал жазу кезінде стандартты емес шешімдерді қолдануға болады. Мысалы, "хит-парад" (алғашқы ондық, алғашқы бестік және тағы басқа), басты кейіпкерлер туралы әңгімелер, заттарды дербестендіру, өзіңді сынап көру немесе болашаққа көз тастау.
Оқиғаны жоспарлау керек, дейді спикер. Біз олар туралы алдын ала білеміз, дайындалуға уақыт жетеді, репортаждың дәстүрлі шаблондарынан аулақ болуға мүмкіндік бар.
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында пандемия кезінде ауылдағы әйелдерді жұмыспен қамту проблемасы және әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар туралы онлайн-брифинг өтеді.
Спикерлер:
Брифинг барысында спикерлер пандемия кезінде ауыл әйелдерін нәтижелі жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі өз тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар, сарапшылар оқыту және бизнес-жобаларды іске асырудың мысалдарын ілгерілету арқылы әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсетудің сәтті әдістері туралы айтады.
Онлайн-брифингте әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған республикалық конференция жайы қысқаша таныстырылады. Конференция аясында 2021 жылы әйелдерді кәсіпкерлік негіздеріне және фермерлікке тегін оқыту жобалары, сондай-ақ, кәсіпкерлікті жаңа бастаған қыз-келіншектер арасында үздік бизнес-идеялар байқауы іске қосылады.
Конкурс нәтижесі бойынша 2021 жылы ауылды жерде тұратын 16 қыз-келіншекке өз ісін дамытуға қажетті қаржылай көмек беріледі.
Онлайн-брифинг 3 наурыз күні сағат 15:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Sputnik Қазақстан сайтында және порталдың YouTube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Журналистер спикерлерге қоятын сауалдарын a.nurgazinova@sputniknews.com поштасына немесе +7 747 2207401 (WhatsApp) нөміріне жолдай алады.
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. KazServise Қазақстан мұнай сервисі компанияларының одағы премьер-министрден ірі кен орындарының жұмысшыларын тез арада вакцинациялауды сұрады. Бұл туралы Sputnik Қаақстанға KazServise жобалар жөніндегі басқарушысы Нияз Жұмат мәлімдеді.
Ол қазіргі таңда Теңізді болашақта кеңейту жобасында ремобилизация жүріп жатқанын нақтылады.
"Біздің 2021 жылдан күтеріміз мол. Ең алдымен, бұл Теңіз кенішін болашақта кеңейту жобасындағы ремобилизациямен байланысты. Қазір мобилизация белсенді жүріп жатыр. Құрылыс қарқын алған шақта аталған жобаға шамамен жазда 40 мыңнан астам адам жұмылдырылады деп күтілуде. Тағы бір өте жақсы жаңалығымыз – Қарашығанақты кеңейту жобасын қаржыландыру бойынша соңғы шешімге қол қойылды. Біз мұны көптен күттік. Бас мердігер анықталып та қойды. Қазақстандық құрам бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді Нияз Жұмат Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының алаңында.
Коронавирус жұқтырғандардың көбеюі мердігерлердің алаңдаушылығын туғызып отыр, деп жалғастырды ол.
"Мердігерлердің көбі біздің одаққа вакцина егу процесіне жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді. Олар бірінші кезекте осы кен орындардың вахталық жұмысшыларына вакцина егуді сұрайды. Бұл кен орындарының экономика үшін маңызы өте зор. Осы кеніштердің бірінде жұмыс қайта тоқтап қалса, бұл нарыққа өте қатты әсер етуі мүмкін. Сол себепті Қазақстанның премьер-министріне жұмысшыларды тез арада вакцинациялау туралы сауал жолдадық", - деді Нияз Жұмат.
Ол вакцина салуды Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жұмысшыларынан бастау керек екенін айтты.
"Вакцинациялауды аталған кеніштердің жұмысшыларынан бастаған жөн. Өйткені бұл үш кен орны біздің экономика мен мұнай-сервис нарығына тікелей ықпал етеді. Қаржы мәселесі бойынша тараптар ортақ мәмілеге келеді деп санаймын", - деді ол Sputnik Қазақстанға.
Өткен жылдың желтоқсанында Теңіз кенішінде барлығы 4,5 мыңнан аса жұмысшы вирус жұқтырғаны хабарланды. Олардың 95 проценті толығымен жазылып шыққан.
2021 жылдың 18 қаңтарындағы жағдай бойынша Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 718 адам емделіп жатыр. Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа өтті.
Астанада LRT-ны салу 2005 жылы сөз бола бастады. Сол кезде елорда әкімдігі қала басшысы Өмірзақ Шөкеевтің жетекшілік етуімен "Астананың жаңа көлік жүйесі" бағдарламасын қабылдады.
Осы уақыттан бері біршама уақыт пен қаражат жұмсалды. Елордада жеті әкім ауысты: Шөкеев, Мамин, Тасмағамбетов, Жақсыбеков, Исекешев, Сұлтанов, Көлгінов. Жобаның бірнеше бас мердігерлері де ауысты.
Сол сияқты ел президенттері де ауысып үлгерді: Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына қазір Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына алды.
Бас қаланың атауы Астанадан Нұр-Сұлтанға өзгерді. Бірақ LRT ісі алға жылжыған жоқ. Бүгінде "ақылды қаланың" бір бөлшегіне айналуы тиіс құрылыстың аяқсыз қалған қаңқасы елорда тұрғындары мен қонақтарын үрейлендіреді.
Тіпті LRT жобасының өзі де бірнеше рет өзгеріске ұшырағанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді: бастапқыда халық тығыз қоныстанған оң жағалаудағы бекеттен қала орталығына қарай бағыттау жоспарланған. Ал 2011 жылы бұл ойдан айнып, сол жағалаудағы әуежайдан тарту көзделді. Бұл жобаның тиімді болуына Қазақстанның 2012 жылы өтетін "ЭКСПО – 2017" көрмесіне дайындалып жатқаны да әсер етті. Ақыр соңында ол да пайдаға жарамай қалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тым қымбат әрі тиімсіз болғаны үшін жобаны қатаң сынға алды. Инаугурация өткеннен кейін бірден мемлекет басшысы тәулігіне 150 мың адам көлеміндегі жолаушылар ағыны оптимизмге толы екенін және бүгінгі тарифтен 70 есе көп екенін ескертті.
Есеп комитеті CityTransportationSystems (ребрендингтен кейінгі "Астана LRT" ЖШС атауы – Sputnik) қаржы-шаруашылық қызметінің аудиторлық қорытындысына талдау жүргізіп, құрылысты одан әрі жалғастырудың тиімділігі туралы мәселе көтерді. Есеп комитетінің сарапшылары жоба өзін ақтамайтынын және оның құрылысын қазір жалғастыру елорда бюджетіне үлкен салмақ екенін айтты.
Жоба құрылысын аяқтау құны 1,3 миллиард доллардан асып түсті.
Кейінірек қала билігі қаржыландыру сызбасын мақұлдап, оған сәйкес облигациялар қазақстандық ішкі нарықта орналастырылды. Облигациялық берешек көлемі 1,5 миллиард долларды құрады. Қазақстан Халық банкі қаржы министрлігінің кепілдемесі арқылы құны 400 миллион доллар болатын облигацияларды сатып алды.
2021 жылғы ақпандағы халық алдындағы есеп беру кездесуінде Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов: "Иә, шын мәнінде, бұл құрылыс қаланың көрікті келбетін бұзып тұр" деп мойындады.
Қала басшысы пандемия кезінде тоқтатылған жобаға қаражат жинау жұмыстары жалғасып жатыр және жерүсті метросының құрылысы аяқталады деп сендірді. Алайда Көлгінов нақты мерзімдерді атай алмады.
Қазақстан астанасына арналған жеңіл рельсті көлік жобасының әзірленгеніне он бес жылдан астам уақыт өтті. Бастапқыда бұл жолдың жалпы ұзындығы шамамен 60 шақырым болуы керек еді.
Бірақ біршама түзетулерден кейін ол айтарлықтай қысқарды. 2019 жылғы жобада LRT желісінің ұзындығы 22 километрден аспады. Осы жолдың бойында әуежай, Әбу-Даби Плаза ауданындағы сол жағалауды жаңа "Нұрлы жол" теміржол бекетімен байланыстыруы керек еді.
Осы бағдар бойынша Нұр-Сұлтанға сұрықсыз реңк беріп тұрған темірбетонды конструкциялар тізіліп тұр.
Оқи отырыңыз: Еуропаға көктем келді: Германияда ғасырлық рекорд жаңарды – фото
Егер мерзім мен километр жайлы сөз қозғайтын болсақ, 90 жылдық тарихы бар, Қазақстанда аты аңызға айналған Түрксібтің 1 145 километрін үш жылда салды. Ол кезде қазақстандықтар рельстерді таулы өзендер, тасты жоталар, ыстық құмдар арқылы құбылмалы ауа райында техникасыз, жалаң қолмен төседі.
Үшінші мыңжылдықтың үшінші онжылдығына қадам басқан шақта еліміздің жаңа астанасы бірнеше жылдан бері темірбетонды бағаналардың салдарынан сұрықсыз кейіпке енді. Ол жолдарды дамытуға кедергі келтіріп, астаналықтардың мазасыздығын тудыруда.
Дәл осы тұста AstanaLightRailtransport бағдары өтуі тиіс еді. Жерүсті метроның құрылысы 2011 жылы басталған болатын.
Бастапқыда рельстердің жалпы ұзындығы 60 километрден асуы тиіс еді. Жаңа көлік түрі елорданың қос жағалауын біріктіреді деп жоспарланған болатын.
Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша метроның жоба-сметалық құжаттамасының сметалық құны 2,6 миллиард теңгені құрады. Ал компания 4,2 миллиард теңгеге келісімшарт жасаған.
Қауіпсіздік үшін кейбір аумақтар қоршауға алынған.
Күн батып бара жатқан сәттегі Astana LRT конструкциясының суреті жер бетінде тек қирандылар қалған ақырзаманды елестетеді.
Құрылысы аяқталса да Астана LRT ешқашан Нұр-Сұлтандағы пайдалы көлікке айналмайтын секілді.
Дәл осы тұста қоғамдық көліктің екінші тармағы жатуыс тиіс болатын. Ол елордадағы көлік кептелісін біршама жеңілдетуі тиіс еді.
Қала тұрғындарының жұмыс пен үй арасындағы жолын жеңілдетуі тиіс бұл жобаның салдарынан қала көшелері тарыла түсті.
Ал мына жерде Астана LRT жерүсті метросының станциясы тұруы тиіс еді. Қаладағы ең биік ғимарат құрылысы аяқталмаған жолдың аяқсыз қалған платформасын күтіп-баптауға мәжбүр.
Астаналықтар қаланың келбетін тамашалуы үшін Астана LRT жобасының бағдары Орталық Азиядағы ең ірі мешіт болуы тиіс нысанның құрылысы жанынан өтеді.
Астана LRT жобасының тіректері жанындағы жол кептелістеріне Нұр-Сұлтан тұрғындары әлдеқашан үйренген.
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов бұл құрылыс қаланың көрікті келбетін бұзып тұрғанын мойындады.
Астана LRT жобасының қазірден-ақ қирап бастаған тіректері қала тұрғындарын ашындыратыны жасырын емес.
Шулы Astana LRT жобасы "жолсыздағы жол" атауынан қашан арылып, кәдеге асатыны әзірше белгісіз.