Гамалея орталығының директоры "Спутник V" туралы сұрақтарға жауап береді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуГамалея орталығының директоры Александр Гинцбург
Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Гинцбург қазақстандық БАҚ өкілдері үшін алғаш рет тікелей эфирге шығып, Спутник V вакцинасына қатысты сұрақтарға жауап береді

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығы Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбургпен онлайн брифинг өткізеді.

Гинцбург қазақстандық БАҚ өкілдері үшін алғаш рет тікелей эфирге шығып, Спутник V вакцинасына қатысты сұрақтарға жауап береді.

Трансляция 16 наурызда сағат 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Sputnik.kz сайтында және YouTube арнасында тікелей эфирде өтеді.

Бүгінде ресейлік Спутник V вакцинасы Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінде өндіріліп жатқандықтан, онлайн брифинг аталған кәсіпорынның көмегімен ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз: "Спутник V-ді" әзірлегендер вакцинаға тіл тигізгендерден кешірім сұрауды талап етті

Айта кетейік, Гамалея атындағы орталықта жасалған ресейлік Спутник V вакцинасы 2020 жылы тамызда тіркелді. Клиникалық зерттеулер вакцинаның жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін растады. Спутник V-ді қолдану бұған дейін әлемнің 40-тан астам елінде мақұлданған.

Қосымша сұрақтар бойынша a.nurgazinova@sputniknews.com немесе +7 747 2207401 (WhatsApp) нөміріне хабарласуға болады.

Жаңалықтар
0