Sputnik PRO

SputnikPro: мәтіннен гөрі аудио мен видео ұтымды ма

24
Сарапшының пікірінше, қазір шынайы оқиғаны жазу немесе жақсы сюжет түсіру жеткіліксіз. Осының барлығын әлеуметтік желі мен мессенджерлердегі танымал алаңдар арқылы жеткізу керек

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. БАҚ мәтіндік ақпараттан гөрі аудио және видеоконтент арқылы аудиторияның өзіне деген қызығушылығын арттыруды жалғастырып келеді. "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары Наталья Лосева Нұр-Сұлтандағы SputnikPro танымдық жобасы барысында осындай пікір білдірді.

Оның айтуынша, қазір әлем ақпаратты жоғары деңгейде жеткізу дәуірінде өмір сүріп жатыр. Пайдаланушылар ақпараттық ағындағы ойын-сауық, ақпараттық-сараптамалық немесе басқа да сипаттағы жаңалықты бөліп-жарып емес, жалпы қабылдап отыр.

"Орташа статистикалық адамдар ақпаратты кәсіби немесе нашар дайындалған деп бөлмейді. Қазір іс жүзінде БАҚ өз аудиториясымен бәсекелесіп келеді", - деді Наталья Лосева.

Сарапшы аудитория назарының мәтіннен аудио және видеоконтентке ауысуын медиа саласындағы кезекті сын ретінде атады.

"Өкінішке қарай, мәтіндік ақпараттың орнын аудио және видеоконтент басуының ықтималдылығы жоғары. Сондықтан медиа институттарынан жоғары кәсібилік, сондай-ақ мәтінмен жұмысты жалғастыруға арналған күш салу талап етіледі. Мәтін аудио мен видеодан ұтымды немесе тең болатындай етуге тырысу керек. Себебі мәтін арқылы ақпарат жеткізу – ерекше қабілет және оны сақтап қалу керек", - деді "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторының орынбасары.

Наталья Лосеваның айтуынша, мәтін аудио және видеоконтентпен бәсекелесуі үшін сапалы, эмоцияға толы, пайдаланушының назарын аударарлықтай, фото, аудио және видеомен сүйемелденген болуы қажет.

Заместитель главного редактора МИА Россия сегодня Наталья Лосева - спикер проекта Sputnik PRO в студии Sputnik Казахстан
© Sputnik / Владислав Воднев
"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары Наталья Лосева

"Пайдаланушыға арнап мәтінді өзгерту, сату және оны ілгерілету маңызды. Мәтін өз құқығы үшін күресуі керек. Бұл алдағы уақытта медиадағы сын-тәуекелдің бірі", - деді Лосева.

Әлем неге жалған жаңалықтар құрсауында тұр

Нұр-Сұлтандағы SputnikPro семинары кезінде медиакеңістікте жалған ақпараттың кеңінен таралуы да талқыланды.

Наталья Лосеваның айтуынша, кей жағдайда шындық іш пыстырады. Сондықтан аудитория жалған ақпаратты қызығып оқиды/көреді.

"Адамдармен сөйлесіп, инфлюенсерлерді тарту керек. Қорқынышты сату оңай, сондықтан кей адамдар мұны пайдаланады. Бұл күресте жеңу үшін ақиқатты қызықты етіп жеткізу керек. Қазір ақиқатты жазып қана қою, шынайы сюжет түсіру жеткіліксіз. Аудитория шоғырланған әлеуметтік желі мен мессенджер арқылы шындықты тарату керек", - деді сарапшы.

Наталья Лосева алдағы уақытта виртуалды әне толықтырылған шынайы ақиқат сынды аралас орталар дамып, шындық пен өтірік күресетінін айтты. Сарапшы медиа жетекшілеріне дәл осы ортаға дайын болуға кеңес берді.

SputnikPro жобасы туралы

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосының журналистерге, бейіндік ЖОО студенттеріне, баспасөз қызметі мамандары мен медиаменеджерлерге арналған және шетелдік әріптестермен кәсіби байланысты дамыту және тәжірибе алмасуға бағытталған жобасы. Жоба модулінің жетекшілері қатарында Sputnik медиаменеджерлері мен басқа да танымал ресейлік сарапшылар бар.

Сессия барысында журналистика мамандығының түрлі аспектілері, соның ішінде мультимедиялық контент әзірлеу, әлеуметтік желідегі жұмыс, жаңалықтар ресурсына трафик тарту сынды келелі мәселер талқыланды. 2018 жылдың наурызынан бастап SputnikPro мастер класына 80 елден 5 мыңнан астам тыңдарман қатысты.

Sputnik - халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы - Ресейдің "Россия сегодня" медиатобының бір бөлігі. Sputnik 32 тілдегі интернет-сайтты, әлемнің 90-нан астам қаласындағы аналогтық және цифрлық радио хабар тарату жүйесін және ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдеріндегі жаңалықтар сайтын қамтиды. Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына шамамен 57 миллион пайдаланушыны құрайды, әлеуметтік желілердегі оқырманның жалпы саны 22,9 миллионнан асады. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

Трендті мультимедиалық контентті қалай құру керектігі туралы шеберлік сағатының трансляциясын мына жерден көруге болады.

24
Кілт сөздер:
Sputnik
Тақырып бойынша
SputnikPro сарапшысы қызықты тікелей эфирдің лайфхактарын бөлісті
Әлеуметтік желілер ықпалды саяси алаңға айналды – SputnikPro сарапшысы
Материал қызықты болу үшін оны қалай жариялау керек – SputnikPro кеңес береді
Трендтегі мультимедиалық контентті қалай жасау керек - SputnikPro трансляциясы
Подкаст жасау және оларды тиімді ілгері жылжыту құралдары – SputnikPro
Дмитрий Горностаев

Желіде жаңа аудиторияны қалай жинау керек SputnikPro сарапшысының кеңесі

22
Тәжірибелі журналист қазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті. Әлеуметтік желі арқылы жұмыс істеу, аудитория назарын аудару мәселесі талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтандағы Sputnik Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында SputnikPro ағартушылық жобасы аясында кезекті шеберлік сағаты өтті. Бұл жолы "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің жұмыс барысы талқыланды. Шеберлік сағатын ақпарат агенттігінің бас ақпарат дирекциясының директоры - бас редактор орынбасары Дмитрий Горностаев өткізді. 

Көпжылдық тәжірибесі бар сарапшы әлемдегі ірі жаңалық агенттіктерінде жұмыс қалай жүргізілетінін түсіндірді. Басты талап - жылдамдық және ақпаратты тексеру.

Журналистер ақпаратты оқырманға жеткізу үшін әлеуметтік желіні, Telegram-каналдарды қалай дұрыс қолдану керектігін сұрады. 

"Біздің мамандықта кейбір жұмысты түсіндіру қиын. Дұрыс екенін білесің, тәжірибе болғандықтан, оңай істейсің, интуиция керек", – деді сарапшы.

Горностаев БАҚ өз аудиториясын кеңейту қажет екеніне назар аударды. TikTok-ты "мекендеген" қазіргі жасөспірімдер бірнеше жылдан кейін өз бетінше шешім қабылдап, ньюсмейкер атанады. Ал бұл дегеніміз – оларға ақпарат жеткізіп, оқуға немесе өз ресурсын қарауға үйрету қажет.

"Видео үлкен аудитория үшін қашан да ең сұранысқа ие өнім болды. Мың рет естігеннен бір көрген артық. Алайда өз видеоны мәтінмен толықтыру да өте маңызды. Видеодан естіген қандай да бір фраза уақыт өте ұмытылып, санаңда бұрмалануы мүмкін. Осы кезде мәтін видеода шынымен басқаша айтылғанын түсінуге көмектеседі", - деді ол әлеуметтік желі қолданушыларының қазіргі қызығушылықтары жайлы.

Сондай-ақ Горностаев қазір Instagram жобалар арқылы табыс табудың ең тиімді жолы екенін айтты. Десе де бұл жағынан Telegram-ның потенциалы үлкен.

Ол медиаменеджерлерге журналистерді ынталандыруға жұмсауға болатын сыйақы қорын ашуға кеңес берді.

SputnikPro жобасы туралы

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосының журналистерге, бейіндік ЖОО студенттеріне, баспасөз қызметі мамандары мен медиаменеджерлерге арналған және шетелдік әріптестермен кәсіби байланысты дамыту және тәжірибе алмасуға бағытталған жобасы. Жоба модулінің жетекшілері қатарында Sputnik медиаменеджерлері мен басқа да танымал ресейлік сарапшылар бар.

Сессия барысында журналистика мамандығының түрлі аспектілері, соның ішінде мультимедиялық контент әзірлеу, әлеуметтік желідегі жұмыс, жаңалықтар ресурсына трафик тарту сынды келелі мәселер талқыланды. 2018 жылдың наурызынан бастап SputnikPro мастер класына 80 елден 5 мыңнан астам тыңдарман қатысты.

Sputnik - халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы - Ресейдің "Россия сегодня" медиатобының бір бөлігі. Sputnik 32 тілдегі интернет-сайтты, әлемнің 90-нан астам қаласындағы аналогтық және цифрлық радио хабар тарату жүйесін және ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдеріндегі жаңалықтар сайтын қамтиды. Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына шамамен 57 миллион пайдаланушыны құрайды, әлеуметтік желілердегі оқырманның жалпы саны 22,9 миллионнан асады. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

22
Тақырып бойынша
SputnikPro: мәтіннен гөрі аудио мен видео ұтымды ма
Медиадағы трендтер мен подкаст жасау: Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет SputnikPro өтеді
Ақпарат агенттіктерінің жұмысы: SputnikPro видеосы
Трендтегі мультимедиалық контентті қалай жасау керек - SputnikPro трансляциясы
Подкаст жасау және оларды тиімді ілгері жылжыту құралдары – SputnikPro
 Sector X - радиостанция со слабовидящими ведущими

SputnikPro жобасы Нұр-Сұлтанда өтеді

19
Sputnik Қазақстан мультимедиалық орталығында "Медиадағы трендтер" және "Подкаст жасау және оны дамыту" тақырыбы қозғалады

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде — Sputnik. Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы БАҚ, PR-қызмет өкілдері мен журналистика факультеті студенттеріне арналған шеберлік сағаттарын өткізеді:

  • бейсенбі, 8 шілде, 12.00-ден бастап Sputnik Қазақстан мультимедиалық орталығында "Медиадағы трендтер" және "Подкаст жасау және оны дамыту";
  • жұма, 9 шілде, 13.00-де в "Россия сегодня" ХАА жұмысы"

Қатысушылар:

  • "Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары Наталья ЛОСЕВА;
  • "Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары - ақпарат бас  дирекциясының директоры Дмитрий ГОРНОСТАЕВ;
  • "Россия сегодня" ХАА жаңа медиа дирекциясы инновациялық журналистика орталығының жетекшісі Иван ГРОМОВ.

SputnikPro ағартушылық жобасы

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосының журналистерге, бейіндік ЖОО студенттеріне, баспасөз қызметі мамандары мен мtдиаменеджерлерге арналған және шетелдік әріптестермен кәсіби байланысты дамыту және тәжірибе алмасуға бағытталған жобасы. Жоба модулінің жетекшілері қатарында Sputnik медиаменеджерлері мен басқа да танымал ресейлік сарапшылар бар.

Сессия барысында журналистика мамандығының түрлі аспектілері, соның ішінде мультимедиялық контент әзірлеу, әлеуметтік желідегі жұмыс, жаңалықтар ресурсына трафик тарту сынды келелі мәселер талқыланады. 2018 жылдың наурызынан бастап SputnikPro мастер класына 80 елден 5 мыңнан астам тыңдарман қатысты.

Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы туралы

Sputnik - халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы - Ресейдің "Россия сегодня" медиатобының бір бөлігі. Sputnik 32 тілдегі интернет-сайтты, әлемнің 90-нан астам қаласындағы аналогтық және цифрлық радио хабар тарату жүйесін және ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдеріндегі жаңалықтар сайтын қамтиды. Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына шамамен 57 миллион пайдаланушыны құрайды, әлеуметтік желілердегі оқырманның жалпы саны 22,9 миллионнан асады. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

astana@sputniknews.com электронды поштасына хат жолдау немесе +7 (7172) 68-99-04, +7 (7172) 47-26-73 нөмірлеріне хабарласу арқылы модульге қатысу үшін тіркелуге болады.

19
Көл, архивтегі сурет

Өскемендік жігіт суға батқан 14 жастағы қызды құтқарып қалды

0
Ол бірнеше рет суға сүңгіген. Алғашында су лай болғандықтан, ештеңе көрмеген. Жағдай өте қауіпті су қоймасында болды

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Өскемендік жігіт суға батқан 14 жастағы қызды құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Виктор Землянухин туыстарымен бірге "Ермак" бау-бақша қоғамы аумағындағы саяжайда болған. Ол көмек сұрап айқайлаған дауыс естіген. Бірден учаскеге жақын жердегі су қоймасына жетті. Жігіт жағаға келіп, ол жерде жүзе алмайтын бірнеше адамның не істерін білмей абдырап тұрғанын көрген. Олардың айтуынша 14 жасар қыз суға батқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Виктор Землянухиннің айтуынша, ол бірнеше рет суға сүңгіген. Алғашында су лай болғандықтан, ештеңе көрмеген.

"Екінші рет ауа жұтып сүңгіген кезде қызды көріп қалдым. Су бетіне шығарып, жағаға қарай сүйрей бастадым. Сол жерде жасанды тыныс алуға көмектесіп, жүрегіне массаж жасадым. Анам Элла Землянухина мені алмастырып, жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетуді жалғастырды", - дейді ол.

Жағдай өте қауіпті су қоймасында болған. Қазір қыздың өміріне қауіп жоқ.

 

0
Кілт сөздер:
Өскемен, су
Тақырып бойынша
Он үш жастағы бала ата-анасының көзінше суға батып кетті
Әкесі ұлдарының киімін жағадан тапқан: Ақмола облысында екі ағайынды суға батып кетті
Сыныптастарымен кездескен: Ақмола облысында жасөспірім суға батып кетті
Павлодарда "суға батқан" жасөспірім мен ер адам аман табылды
Батыс Қазақстанда балықшы суға батып кетті