Нұр-Сұлтанда іздеу топтарының халықаралық конференциясы өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневПередача останков солдат
Передача останков солдат  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
Қыркүйек айының соңында өтетін конференцияға қазақстандық және ресейлік іздеу топтары қатысады

НҰР -СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. 24-25 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Қазақстанның іздеу топтарының халықаралық конференциясы өтеді. Бұл туралы Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Райгүл Мушанова хабарлады.

"Халықаралық конференция Ресейдің іздестіру қозғалысымен бірлесіп өткізіледі. Біз үшін бұл алғаш рет өткізіліп отырған маңызды оқиға. Қазақстанның түкпір-түкпірінен іздеушілер және Ресейден 50-ге тарта іздеуші келеді", - деді ол Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығының алаңында өткен брифинг барысында.  

© Sputnik / Владислав ВодневAtamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Райгүл Мушанова
Нұр-Сұлтанда іздеу топтарының халықаралық конференциясы өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Райгүл Мушанова

Конференциядағы негізгі мәселелердің бірі Қазақстанның біртұтас іздеу қозғалысын құруға арналады. Іздеу топтарын бір ресми ұйымға біріктіру мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Бүгінгі күні Қазақстанның іздеушілері қауымдастығы құрылды, бірақ әлі ресми тіркелмеген. Қазақстанда 10-ға жуық ресми іздестіру тобы бар және барлығы өз жоспарымен жұмыс істейді, деп атап өтті спикерлер.

"Біз бұл конференция Қазақстанның күш-жігері мен іздеушілерін біріктіру тұрғысынан оң нәтиже береді және Ресеймен жемісті ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенеміз", - деді Мушанова.

Жаңалықтар
0